Если вы являетесь автором этой работы и хотите подтвердить её публикацию на этом сайте,
.
Сынып: 11 А
Күні: 05.12.14
Тақырыбы: Францияның шаруашылығы.
Мақсат-міндеттер:
Білімділік мақсаты – Франция шаруашылығы, сыртқы экономикалық байланыстары туралы білім беру. Оның басты бағыты, шаруашылық жүйесі, ел экономикасының аса маңызды салалары, көлік географиясы, оның түрлері мен тораптары, сыртқы экономикалық байланыстарының дамуы туралы білік-дағдыларын қалыптастыру.
Дамытушылық мақсаты – оқулық мәтінінің, тақырыптық карталардың көмегімен Франция шаруашылығының дамуына әсер етуші факторларға, Франция мен Қлыбританияның өнеркәсіп құрылымындағы айырмашылықтарға, елдегі аса ірі жол тораптары мен порттардың орналасу заңдылықтарына баға беруді үйрету. Қосымша ақпарат көздері арқылы Қазақстан мен Франция арасындағы қарым-қатынас түрлерімен, Францияның туристік объектілерімен танысу.
Тәрбиелік мақсаты – Оқушылардың өз ойларын жеткізе білу, қарым-қатынас жасауды үйрету. Балаларды ұйымшылдыққа тәрбиелеу, адамгершілік қасиеті мен географиялық мәдениетін қалыптастыру.
Оқу құралдары: Оқулық, 11 сынып Атласы, Францияның экономикалық картасы, хрестоматия
Сабақ түрі: Аралас сабақ
Оқыту әдістері: Репродуктивті, проблемалық әдіс
Сабақтың жоспары: І кезең – ұйымдастыру (2 мин) ІV кезең – үйге тапсырма беру (4 мин)
ІІ кезең – жаңа тақырыпты меңгеру (20 мин) V кезең – бағалау кезеңі (2 мин),
ІІІ кезең – білім мен икемділіктерін бекіту (15мин) VІ кезең – қорытынды (2 мин)
Сабақ барысы:
Кезең
Мұғалім әрекеті
Оқушылар әрекеті
І
Мұғалім оқушылармен амандасып, тыныштық орнатады. Балалардың кім-жоғын сұрайды. Оқушылардың сабаққа дайындығын тексереді.
Сәлемдеседі, тәртіпке келеді де, сабаққа даяр отырады.
ІІ
Франция шаруашылығының басты бағытына, шаруашылық жүйесіне, ел экономикасының аса маңызды салаларына сипаттама береді. Кейін, жоспар құрып, соның негізінде мәліметтер келтіріп, теориялық білімді қалыптастыру керек. Мұғалім өзінің айтар ойын белгілі бір жүйеге келтірі, келесі жоспар бойынша баяндайды:
- Франция шаруашылығының басты ерекшеліктері;
- өнеркәсіп салалары туралы тұжырымдар;
- өнеркәсіптің жаңа салаларының дамуы;
- ауыл шаруашылығының басты ерекшелігі;
- ауыл шаруашылығының салалары, олардың шоғырланған аудандары;
- көлік географиясы, оның түрлері, жол тораптары;
- сыртқы экономикалық байланыстары, экспорт, импорт түрлері;
- Франция мен Қазақстан Республикасы арасындағы өзара байланыстар.
Оқушылар мұғаліммен бірге жұмыс істейді.
ІІІ
Тақырыпты бекіту ретінде оқушыларға келесі сұрақтарды қояды:
- Франция шаруашылығының дамуына қандай факторлар әсер етті?
- Франция мен Ұлыбританияның өнеркәсіп құрылымында қандай айырмашылықтар бар?
- Қазақстан мен Франция қарым-қатынастарын қандай бағытта дамытуға болады деп ойлайсыңдар?
Сұрақтарға жауап береді.
ІV
Жалпы сабақтың кемшіліктері мен жетістіктерін айтады. Оқушыларды үзіліске жібереді.
V
Мұғалім оқушыларды жауап беру деңгейлері бойынша бағалайды және неге солай бағалағанын айтады.
Мұғалімді тыңдап, бағаланады.
VІ
Үйге тапсырма:
- Франция аумағының табиғат жағдайлары мен ресурстарына шаруашылық тұрғыдан баға беру.
- Оқулық материалдарының көмегімен Франция халқының қоныстану сипатын анықтау. Басты қала агломерацияларын табу, оларды кескін картаға белгілеу.
- Кескін картаға елдегі аса ірі жол тораптары мен порттарды белгілеу.
Балалар параграфты оқып шығады. Сосын тақырыпты бекіту мақсатында бір-біріне айтып, сұрақтарды қойып, мұғалімнің сұрақтарына жауап береді.