Халқы.
Если вы являетесь автором этой работы и хотите подтвердить её публикацию на этом сайте,
.
Сынып: 11 А
Күні: 12.11.14
Тақырыбы: Халқы.
Мақсат-міндеттер:
Білімділік мақсаты – Еуропа елдерінің халқы туралы білім беру. Еуропа халқыны ұлттық құрамы, тіл әулеттерінің ең көп тарағаны, халық санының артуының себептері, халықтың ең аз қоныстанған аймағы, оның басты себебі, урбандалу дәрежесі ең жоғары ел, олардың себептерін ашу туралы білік-дағдыны қалыптастыру, халықтың әлеуметтік жағдайымен, еңбек ету дәрежесімен, тұрмыс-салтының ерекшеліктерімен, қала агломерацияларымен таныстыру.
Дамытушылық мақсаты – оқулықтағы сандық көрсеткіштер мен тақырыптық карталардың материалдарын пайдаланып, ұлттық құрамындағы арасалмағына, Еуропада таралған тіл әулеттеріне, халық саны ең аз және ең көп елдеріне, еңбек ресурстарымен қамтамасыз етілуіне, урбандалу дәрежесінің жоғары болуы, халықтардың әлеуметтік жағдайы туралы сипаттама беруді үйрету.
Тәрбиелік мақсаты – Экологиялық тәрбие беру, еңбек тәрбиесін, патриоттық тәрбиесін беру, оқушылардың өз ойларын жеткізе білу, қарым-қатынас жасауды үйрету. Балаларды ұйымшылдыққа тәрбиелеу, адамгершілік қасиеті мен географиялық мәдениетін қалыптастыру.
Оқу құралдары: Оқулық, 11 сынып Атлас, Еуропаның саяси картасы, Дүние жүзінің физикалық картасы, әдістемелік құрал, хрестоматия, дидактикалық материалдар
Сабақ түрі: Аралас сабақ
Оқыту әдістері: Репродуктивті, проблемалық әдіс
Сабақтың жоспары: І кезең – ұйымдастыру (2 мин)
ІІ кезең – жаңа тақырыпты меңгеру (20 мин)
ІІІ кезең – білім мен икемділіктерін бекіту (15мин)
ІV кезең – (4 мин)
V кезең – бағалау кезеңі (2 мин),
VІ кезең – қорытынды (2 мин)
Сабақ барысы:
Кезең
Мұғалім әрекеті
Оқушылар әрекеті
І
Мұғалім оқушыларды тыныштыққа орнатады.
Сосын оқушылардың сабаққа дайындығын тексереді.
Тәртіпке келеді де, сабаққа даяр отырады.
ІІ
Еуропа дүние бөлігінде халық ең соңғы санағы бойынша 730 млн адам (2004ж).
Одан соң өмір жасының ұзақтығы, туу, өлім-жітім көрсеткішін анықтайды. Табиғи өсімі өте төмен елдерді мысалға келтіріп, себебін айтады.Көшіп-қон мәселесіне тоқталады. Одан кейін халықтың ұлттық құрамына тоқталады. Еуропа халқының үнді-еуропалық тіл әулетіне жатуын айтып, оқушылармен бірге «Еуропа халқының ұлттық құрамы» атты оқулық қосымшасындағы картаға талдау жасайды.
Келесі айтылатын мәселе, халқының діни құрамы. Еуропада көп тарағаны христиан діні, соның ішінде православие, католик және оның тармақтарының бірі – протестант кең тараған. Православие – Шығыс және Оңтүстік-Шығыс Еуропа елдерінде, ал католик діні Батыс және Оңтүстік-Батыс Еуропа елдерін қамтиды. Еуропаның түркі тілдес халықтарының көбі ислам, кейбіреулері иудаизм, будда діндерін ұстайды.
Сосын д.ж.-де халықтың тығыз қоныстанған аймақтарының бірі – Еуропа, орташа тығыздығы 100 адам, бірақ олар әркелкі таралған, мысалы Исландия 2 адам, Бельгия, Нидерландыда 350-380 адам.
Қала агломерацияларына талдау жасау барысында Еуропа халқының орналасуы қалалар географиясына да байланысты. Мысалы, Бельгия урбандалу – 97%, Исландия – 92, Ұлыбритания – 89, Франция – 74. Қалалар бірігіп,қала агломерауияларын түзеді. 40-там астам ірі агломерациялар бар, ең ірілері Мәскеу (12 млн адам), Париж (11 млн адам), Рейн-Рур, Лондон (10 млн адамнан).
Оқушылар мұғалімді тыңдап, сұрақтарға жауап береді.
Сосын тақырыптың негізгі түсініктерін жазып алып, өз беттерінше оқиды.
Мұғаліммен бірге «Еуропа халқының ұлттық құрамы» атты оқулық қосымшасындағы картаға талдау жасайды.
Қысқаша конспект жазып отырады.
ІІІ
Тақырыпты бекіту үшін мұғалім балаларға келесі сұрақтарды қояды:
3. Халықтың ең аз қоныстанған аймағы қай бөлікте?
Балалар параграфты оқып шығады. Сосын келесі сұрақтарға жауап береді.
ІV
Жалпы сабақтың кемшіліктері мен жетістіктерін айтады. Оқушылардың тәртібіне тоқталады.
V
Мұғалім оқушыларды жауап беру деңгейлері бойынша бағалайды және неге солай бағалағанын айтады.
Мұғалімді тыңдап, бағаланады.
VІ
Үй жұмысы:
1. Кіріспе, §1, 2 оқып, қысқаша конспект жазу.
2. Табиғат ресурстарына сипаттама беру.
3. Мәтіндегі сандық көрсеткіштерді пайдаланып, жер ресурстары үлесін бейнелейтін диаграмма құрастыру.
4. «Еуропа халқының ұлттық құрамы» деген картаны пайдаланып, бір ұлтты, екі ұлтты, көп ұлтты елдерді анықтап, Еуропадағы тіл әулеттері мен топтарды сипаттайтын кесте құрастыру..
Оқушылар үй жұмысын жазып алады, түсінбеген сұрақтарды сұрайды.
4(0/o:p>
4. Қазіргі саяси жағдайында қандай өзгерістер бар?
5. Еуропа халықтарының артуына қандай фактордың әсері бар?
6. Ең көп тараған тіл әулеті?
7. Табиғат жағдайы адам өмір сүруіне қолайлы ма? Мысалдар келтіріңдер.
Балалар сұрақтарға жауап береді.
ІV
§1-2 оқу мазмұндау
V
Мұғалім оқушыларды жауап беру деңгейлері бойынша бағалайды және неге солай бағалағанын айтады.
Мұғалімді тыңдап, бағаланады.
VІ
Жалпы сабақтың кемшіліктері мен жетістіктерін айтады. Оқушыларды үзіліске жібереді.
Үзіліске шығады.