«Генетикалық анализ негіздері» қолданбалы курсының бағдарламасы (авторлық)9-сынып

Предмет: Биология
Категория материала: Рабочие программы
Автор:

    Жалпы биология курсында «Генетика негіздері» тарауы ең қиын тараудың бірі болып есептеледі. Генетика математикаға  ұқсас дәл пәндерге кіреді. Генетикада ген - өлшем бірлікке жатады. Генетика заңдылықтарын жаттауға болмайды, оны тек түсіну керек, себебі генетикалық есептер заңдылықтарға тікелей байланысты. Әсіресе күрделі генетикалық есептерді шығару білігін дамыту үшін теориялық білім мен есеп шығарудың алгоритмін оқушы жақсы меңгерсе еш қиналмай, қиын тарауды өте жақсы меңгереді.

     Генетикалық анализ (талдау) – гендерді белгілері арқылы анықтап көрсететін генетика әдістерінің жиынтығы. Егер химия пәнінде қышқылдарды, негіздерді анықтайтын индикатор лакмус қағазы болатын болса, ал биологияда белгілердің ажырауы арқылы гендердің санына байланысты болады.Анализ фенотип және генотип бойынша жасалады, яғни сыртқы белгілерің жиынтығы және гендер жиынтығы бойынша.

Мысалы, моногибридті будандастыруда Ғ2 – де фенотип бойынша 3:1 ажырау, дигибридтіде 9:3:3:1 белгілері бойынша ажырау заңы дәлелденіп анализ жасалады.

   Анализ керісінше  геннен белгіге қарай жасалуы мүмкін.

Бұл қолданбалы (элективті) курс оқушылардың генетика саласында білімдерін тереңдету, қоршаған ортаның мутагенезінің генетикасы, адам денсаулығын қорғау бағытындағы білімді кеңейтуге негізделген. Қоршаған ортаның ластануы халықтың денсаулығына әсер ететіні түсінікті, өйткені көптеген аурулар адамның ұрпақтан ұрпаққа ауысатын гендік мұраларының және қоршаған ортаның қатысуымен пайда болады. Сонымен қатар бұл курс болашақта биология саласы бойынша мамандық (адам-адам, адам-табиғат) таңдауда, ұлттық біріңғай тест тапсыруда, ғылыми жоба сайыстарынан білімді тексеруде, жоғарғы оқу орнына түсуге дайындық ретінде тереңдетіліп жүргізіледі.  Г.Мендельдің І,ІІ, ІІІ-заңдарын, Т.Морган заңдарын дәлелдеуге есептер шығару, өз бетімен және практикалық жұмыстарға көбірек уақыт бөлінді.    

Бұл курс 34 сағатқа негізделген.

 

Курстың мақсаты:  Жалпы биологияны оқытуда генетика саласынан оқушылардың білімін тереңдету, моногибридті, дигибридті, тригибридті будандастыруда Мендельдің І,ІІ,ІІІ – заңдарын дәлелдей білуге баулу. Адамның көптеген белгілерінің тұқым қуалауы Мендель заңдылықтарына сәйкес жүретіндігін өмірмен байланыстыра отырып меңгерту.

   Геном және қоршаған орта мәселесі арқылы  экологиялық генетика мен адам генетикасының көкейкесті бағыттарына  аса назар аудару.  Ғылыми зерттеу инситуттарына не селекциялық орталықтарға экскурсия ұйымдастырып, ғалымдармен, селекционерлердің жұмыстарымен практика жүзінде танысу.

Курстың міндеттері:

 

1.     Генетикалық анализде оқушыларға генетикалық коллекциялардың мәнін көрсету.

2.     Генетикалық обьектілерге эксперимент қоюдың ерекшеліктерін түсіндіру.

3.     Будандастырудың нәтижесінде алынуға тиісті нәтижеден ауытқудың себептерімен таныстыру.

4.     Кейбір генетикалық бақылауларды және эксперименттерді математикалық әдістермен өңдеу жолдарын таныстыру.                                                                                                                           

5.     Барлық тірі организмдер үшін генетикалық заңдылықтардың бірлігін түсіндіру.

6.     Тұқымқуалаушылықтың хромосомдық теориясының негізгі ерекшеліктері.

7.     Мендельдің І,ІІ,ІІІ – ші заңдарын есептер шығару арқылы дәлелдеу;

8.     Моно, ди, тригибридті будандастырулардың мәнін ашып, есептер шығару.  

9.     Оқушылардың білімдерін пысықтау және тереңдетіп дамыту

10.                        Генетикалық есептер шығарудың алгоритмін негізге ала отырып, оқушылардың білімі, білігі және біліктіліктерін дамыту.

11.                        Медициналық генетиканың негізгі міндеттері жөнінде мәліметтер бере отырып, күнделікті өмірде адамның жеке басының денсаулығын сақтау,салауатты өмір сүру қажеттілігі туралы білімдерін тереңдету.

 

12.                        Геном және қоршаған орта туралы шет елдер (АҚШ, Жапония, Түркия, Польша, Румыния, Иран, Тайланд) мен өз еліміздің ғалымдарының  экологиялық зерттеулерінің ғылыми негіздері жөнінде мағлұматтарды ақпараттық технология құралдары арқылы жинақтап, танысу.  

Тип материала: Документ Microsoft Word (doc)
Размер: 361 Kb
Количество скачиваний: 68
Просмотров: 221

Похожие материалы