"Гг дыбысы мен әрпі" (1 сынып)

Предмет: Начальные классы
Категория материала: Рабочие программы
Автор:

Сабақ тақырыбы:Г г дыбысы мен әрпі.

Сабақтың мақсаты: Оқушыларға Г г дыбысы мен әрпін таныстыру. Әріптің баспа және жазба түрімен, бас және кіші әрпімен таныстыру, дауыссыз дыбыс екендігін анықтау, сөздерге талдау жасау.

Дамытушылығы: Балалардың ойлау, есте сақтау қабілеттерін арттыру, тіл байлығын дамыту, ауызекі сөйлеу дағдыларын қалыптастыру.

Тәрбиелігі: Ұқыптылыққа, әдептілікке, адамгершілікке, отансүйгіштікке, әсемдікке баулу.

Сабақтың түрі: Аралас сабақ

Сабақтың әдіс- тәсілдері: Әңгімелеу, түсіндіру, сұрақ- жауап, көркем жазу.

Сабақтың көрнекілігі; Оқулық, гүл, ак көгершін т.б суреттер мен үнтаспа.

Пәнаралық байланыс: Музыка, дүниетану, математика

                                             Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру бөлімі: - Саламатсыздарма, балалар! Қазір бізде сауат ашу сабағы.

А) Психологиялық дайындық:      Сәлеметсіңбе, алтын күн!

                                                          Сәлеметсіңбе көк аспан!

                                                          Сәлеметсіңбе, менің достарым!

                                                          Сендерді көргеніме қуаныштымын!

Б) Оқушылардың назарын сабаққа аудару.

В) Күн ретімен таныстыру. 

- Балалар, бүгін қарашаның нешесі?

- Қараша айының он тоғызы.

-Бүгін аптаның қай күні?

-Сейсенбі.

Үй тапсырмасын сұрау: 

-Балалар, біз өткен сабақта қандай әріппен таныстық?

-Үү әрпімен

-Ендеше, Үү әрпін еске түсірейік.

-Үү дыбысы қандай дыбыс?

-Үү дыбысы дауысты дыбысқа жатады.

-Оқушылар күнделікті сабақта қолданып жүрген дауысты белгісін(қызыл дөңгелек) көтереді.

-Үү дыбысы сөздің қай жерлерінде кездеседі?

-Басында және ортасында.

-Үү дыбысы кездесетін сөздер айту.

-Мысалы: үйрек, үкі, түлкі т.б.

-Айтылған сөздерден сөйлем құрау.

-«Кім кінәлі?» өлеңін жаттасаңдар, 4 оқушыдан сахналау, 2 оқушыдан жатқа сұрау.

Жаңа сабақ: 

- Балалар, тақтадағы «Гүл» сөзінен құралған сөз жұмбақты шешу.

А) Балалар, мына суретте не көріп тұрмыз?  (галстук)

-Ә) Қазір қандай жыл мезгілі?          (күз)

-Б) «Кіші» сөзіне қарама- қарсы сөз?   (үлкен)

-Балалар, енді мен сендерге әріптік жұмбақ жасырамын, мұқият тыңдаңдар!

А) Газда бар, ауада жоқ,

     Гүлде бар, жуада жоқ. – бұл қай әріп?  (Гг)

-Ендеше бүгін сендермен Гг дыбысымен танысамыз.

-Гг дыбысы қандай дыбыс?

-Балалар, алдарындағы дауыссыз дыбыс белгісін көтереді.

-Гг дыбысы қалай айтылады?

-Шұғыл айтылады.

-Балалар, мынау  Гг  дыбысының баспа түрі. Бұл газет- журналдарда жазылады. Ал , жазба түрі дәптерге қаламмен жазамыз. Гг дыбысы тіл ортасының таңдай тию арқылы айтылатын дауыссыз дыбыс. Гг дыбысы сөздің басында, ортасында кездеседі. Ал, сөздің аяғында кездеспейді.Ол өз алдына жеке буын құрай алмайды. Неліктен?

-Дауыссыз дыбыс болғандықтан.

-Гг дыбысына ұқсайтын қандай әріп бар?

-Ғғ әрпі.

-Гг мен Ғғ әріптерінің қандай айырмашылығы бар?

-Ғғ дыбысының белінде сызығы бар, ал Гг дыбысының белінде сызығы болмайды. Екеуіде дауыссыз дыбыс.

-Балалар, сендер Гг дыбысынан келетін сөздерді білесіңдер ме?

-Балалар, дыбыс деген не? Әріп деген не?

-Дыбысты біз естиміз, айтамыз. Ал, әріпті біз көреміз, жазамыз.

-Тақтаға Гг дыбысының жазба түрін түсіндіре отырып балаларға жазғызу. 

-Солға қарай иілген қармақша. Сол жағы тұйықталған түзу сызық.

-Балалармен ауада жазу.

Тақтамен жұмыс:

-Тақтаға үш оқушыны шығарып, Гг дыбысының таңбасын, егіз, шеге т.б сөздерін жазғызу.

Оқулықпен жұмыс: -Аналарға сыйлайтын,

Аралар бал жинайтын,

Бұл немене балалар?

Үзуге адам қимайтын. (Гүл)

-Ендеше оқулықтағы гүлдің суретіне қарайық. 

- Балалар, гүлдің қандай пайдасы бар?

-Біздің сыныпта неше гүл бар?

-Біз аналарымызға қандай мерекеде гүл сыйлаймыз?

-Ендеше, тақтадағы гүлдің құрамын жасай отырып «гүл» сөзіне дыбыстық талдау жасау.

-Гг дыбысына байланысты берілген 10 сөзді 10 оқушыға оқыту. Әр сөзге тоқталу. Суретін көрсету. Әр сөзде Гг дыбысы қай жерде кездесіп тұрғанын айту.

-Қане, балалар «Жоғалған әріпті табу» ойынын ойнайық. Тақтаға 3-4  оқушы шығады.

Ш  Е  ?  Е,    Е  ?  Г  І  Н,     Е  ?  Е  У

-Сонымен, балалар біз, қандай әріпті таптық?

-Гг әріптерін.

-Балалар, сендер қандай құстардың аттарын білесіңдер?

-Ал, сендер көгершін құсын білесіңдер ме?

-Ол қандай құс?

-«Көгершін» сөзін буынға бөлу. Кө-гер-шін

-Балалар, оқулықта «Ақ көгершін» өлеңі берілген.

-«Ақ көгершін» өлеңін естідіңдер ме?

-Ендеше, осы өлеңді әуендетіп айтайық. (хормен айту)

-Өлең жолдарындағы «қолғанат құс», «әділеттің құсы», «бақыт құсы»- деген сөздердің мағынасына тоқталу.

Сергіту сәті:  Қане, қанат жазайық,

                        Көгершінге ұқсайық

                       Ұшып- ұшып алайық,

                       Орнымызды табайық

                       Әдемі етіп жазайық.

 

Дәптермен жұмыс:  -Балалар арнайы дәптерлеріне Гг әрпінің үлкен және кіші таңбасын жазады. Дәптерімізді көлбеу қойып, әдемілеп жазамыз.

Қорытындылау: «Көбелектер» ойыны арқылы қорыту.

«Кереге» сөзін буынға бөл.  «Шеге» сөзіне дыбыстық талдау жаса.  Көгершін қандай құс?

Қандай гүлдің аттарын білесің?  Тақтаға «егін» сөзін жаз.

-Сонымен, біз бүгін қандай дыбыспен танысып үйрендік?

-Гг дыбысы дауыссыз.

Бағалау: 

-Бүгін сабаққа «өте жақсы» қатысқан оқушыға «қызыл гүл», «жақсы» қатысқан оқушыға «көк гүлмен» мадақтаймын.

Үйге тапсырма беру:

-Гг дыбысын оқу. Төмендегі жазба түрімен берілген сөздерді қосымша дәптерлеріңе жазу.

-Сабақ аяқталды.

-Демалыңдар! 

 

 

Тип материала: Документ Microsoft Word (docx)
Размер: 51.08 Kb
Количество скачиваний: 7
Просмотров: 148

Похожие материалы