Жаңа технологиямен сабақ беру заман талабы
Предмет: | Иностранные языки |
---|---|
Категория материала: | Конспекты |
Автор: |
Ақшалова Манат Жасқайратқызы
|
Жаңа технологиямен сабақ беру заман талабы
«Ғылым қалғып кетсе, қараңғылық бас көтереді»деп данышпан бабаларымыз айтқандай қазіргі ғылыми-техникалық үрдіспен, нарық қарқынының дамуынан кешікпей, өркениетке жапа - тармағай ұмтылған елдер көшінен ғылым -білімсіз қалып қалмайық. Сондықтан, біз өмірге деген позитивтік және оптимистік көзқарас қалыптастыруымыз қажет және бұл ұстанымды шәкірттерімізге де үйреткеніміз абзал- деп, Асхат Әлімов айтқандай заман көшінен артта қалмай, осы үйренгенімізді өз іс-тәжірибемізде пайдалана отырып, оқушылардың пәнді терең түсіну қабілетін дамыту арқылы, алған білімдерін сыныптан тыс жерде, кез келген жағдайда тиімді пайдалана білуін қамтамасыз етуіміз керек. Бұрынғы дәстүрлі қалыптан шығып, жаңа әдіс-тәсілдерді меңгеріп, жаңаша, заманауи сабақтар өткізуіміз керек деп ойлаймын.Бұл өмірде бәрі де өзімізге байланысты емес пе? Оқыту мен оқуға өзгеріс енгізуі үшін, алдымен мұғалім өзі өзгеруі керек. «Ұстаз-жаратылысынан өзіне айтылатынның бәрін жадында жақсы сақтайтын, ешнәрсені ұмытпайтын, мейлінше шешен, өнер-білімге құштар, аса қанағатшыл, жаны жақындарына да, жат адамдарына да әділ, жұрттың бәріне жақсылық пен ізгілік көрсетіп, қорқыныш пен жасқану дегенді білмейтін батыл, ержүрек болуы керек», - деп ұлы ұстаз Әбу Насыр әл-Фараби айтқандай, жас ұрпаққа тәлім-тәрбие беретін ұстаздың жадында осы қағида мәңгі сақталуы керек деп санаймын.Осы уақыт ішінде өзіммен сырлас, мұңдас бола білген әріптестерім жайлы, курстан алған әсерім туралы айтпай кету мүмкін емес. Біріншіден мен өзімнің бірге оқыған әріптестеріме қатты бауыр басып қалғандығымды білдім. Екіншіден алғаш келген кезіме қарағанда, қазір өзімнің ішкі сезімімді саралай білуді үйрендім.Мектептегі тәжірибе кезінде туындаған қиындықтар аз болған жоқ, бірақ кез-келген жағдаяттан шығудың жолын іздеп, дұрыс шешім қабылдау, күтілетін нәтижені болжай білу кез-келген мұғалімнің көшбасшы бола алатындығын көрсетеді.Мұғалімнің заман талабына сай болуы үшін әрқашан ізденуі,білімін жетілдіруі, жан-жақты білікті болуы керек.Сондықтан Блум таксаномиясын негізге ала отырып, қалай оқу керектігін үйрету арқылы жеті модульді ықпалдастыра отырып, кез келген тапсырманы жүйелі орындаудың маңызы зор. Әрбір тапсырманы сабақтың мақсатын аша отырып, бір-бірімен байланыстыра отырып жасау керек. Оқушылардың пәнге деген қызығушылығын оятатындай әртүрлі әдіс-тәсілдерді және барлық жеті модульді пайдалану мұғалім үшін үлкен жетістік. Мектептегі тәжірбие кезінде сабақтарымда қолданылған әдіс-тәсілдерді, сабақтың жалпы мақсатын құруды, оқып үйренудің нәтижелерін, дереккөздер мен пайдаланылған әдебиеттерді сілтеме жасай отырып көрсете білдім. Жалпы мұғалім өзінің жұмысына сыни тұрғыдан ойлай отырып баға береді. Күнделікті сабақта айтылған ақпараттарды оқушылар сыни тұрғыдан ойлау арқылы өз өмірлерімен байланыстыра алады.Оқушылар топтық жұмыс жасауға бейімделеді,білімдерін қорытындылайды және өздеріне баға бере алатын тұлға болып қалыптасады. Сабақтарымды өтпес бұрын мен өз сабағыма қай стратегияны қолдану керек екенін,оқушылардың қызығушылығын қалай арттыруға болады деген сұрақтарды өз-өзіме қоя отырып, өзімді өзгертуге бел байладым. Мектепте қазақ тілі және қазақ әдебиеті пәндері бойынша білім беру деңгейін көтеру үшін барлық әдіс-тәсілдерді оңтайлы пайдалану керектігін түсіндім. Ең бастысы өз-өзіме деген сенімділік пайда болды. «Ұстаздық-ұлы іс»,- деп кемеңгер жазушымыз Мұхтар Әуезов айтқандай, осы атқа лайық болу-үлкен абырой және басты борышымыз.
Тип материала: | Документ Microsoft Word (docx) |
---|---|
Размер: | 75.27 Kb |
Количество скачиваний: | 9 |