Жаңақалам - туған өлкем мақтанышым

Предмет: Другое
Категория материала: Конспекты
Автор:

2013 жыл Мәдениет жылына байланысты ұйымдастырылған «Жаңақала-туған өлкем мақтанышым» атты тәрбиелік іс – шара.

Мақсаты: Балаларды елін , туған жерін сүюге тәрбиелеу.Жерлес ақын жазушы , күйші аға -аталарымыз туралы мағлұмат беру. Отанымыз - Қазақстанның

өркендеуіне,гүлденуіне балалардың үлесін қосып тәрбиелеп баулып, туған жеріне, еліне деген сүйіспеншіліктерін қалыптастыру.

Жүргізуші: Армысыздар қадірменді қонақтар! Балабақша ұжымы және бүлдіршіндер!

«Жаңақала-туған өлкем мақтанышым» атты тәрбиелік іс – шарамызға қош келдіңіздер!

(Күй ойналып тұрады)

Жүргізуші: Сұлу дала! Менің сүйген еркемсің

Жаным сенен жаратылған өлкемсің

Қандай жақсы қазақ болып туғаным

О, туған жер! Тамашасың көркемсің – дей келе тәрбиелік іс-шарамызды бастамас бұрын сөз кезегін №6 «Жауқазын» бөбекжай-бақшасының меңгерушісі Ж.К.Елтайқызына беріледі

Жүргізуші: Жер ұйығы Жаңақала-күй атасы Құрманғазы мен күй анасы Динаның, Майталман Мәменнің, қайталанбас Қалидің, орны толмас Оқаптың, шандоз Шамғонның, текті Тұяқтың алтын ұясы, асыл мекені.

Қайырылмастан саған қалай кетемін

Қайтарғам жоқ қарызының өтемін

Сенде тудым, сенде есйдім бұлаңдап

Ғұмыр бойы басымды иіп өтемін- деген өлең жолдарының авторы жерлесіміз ақын, жазушы Закария Сисенғалидің сөзіне жазылған Ерлан Сатыбаевтің әні «Жаңақала бүлдіршіндерінің ән ұраны» орындайтын балабақша бүлдіршіндері.

-Айпырмай! Туған жер-ай!

Теңдесер кім

Бұл жерге сен болмасаң келмес едің

Кіндігімді байлаған қазығым-ай

Сен болмасаң бұл маңды көрмес едім – деп ақиық ақын М.Мақатаев жырлағандай, кіндік қаның тамып, туып өскен мекеніңді, табаның тиіп тұрған топырақты бәрінен артық көруге хақылысың. Туған жердің бір түйір тасы , ат басындай алтыннан қымбат емес пе? Қазіргі тарихи шақта, тәуелсіздік кеңістігінде күндей жарқырап, отаншылдық рух пен туған жерге деген махаббат сәуле шашып тұруы керек.

Жаңақала топырағында талай дарын дүние есігін ашып, өзінің есімін тарих жылнамасында мәңгі қалдырады.

Закрия Сисенғали «Уақыт та Динасына тағзым етті» оқылып, сайд жүріп жатады «Жаңақалам- туған өлкем мақтанышым» атты.

Жүргізуші: Алаулап, албырап,жалындап жайнаймыз,

Арайлап әр таңды еңбекпен тойлаймыз.

Туған жер байрағын көтеріп келеміз,

Келешек көгіне қыранша самғаймыз – деп келесі кезекті .бүлдіршіндеріміздің тақпақтарына береміз.

Дильяра:Жаңғалам – алтын бесік атырабым

Алаш даламызға аты мәлім

Қали мен Диналардың мекені едің

Оқаптай дарын тапқан топырағың.

Айнара: Қараймын келбетіңе қайран қалып,

Барады атың сенің әнге айналып.

Арыстан айбарлым, Жастықтай жайдарлым,

Атыңнан айналдым, Жаңақала.

Әминат: Бал құрғақ өзен көлдің жағасы анық,

Армысың, Жаңақала-қала шабыт.

Сән берген далаға.

Көркіңдң бағала,
Ақ қанат шағала – Жаңақала.

Жүргізуші: Жадырап тұрған қала жасыл киіп,

Бойыңа алғандайсың асыл жиып.

Жыл сайын жаңарып,

Гүлденген жасарып.

Жадыра жасаанып Жаңақала

Сымбат: Арымда ақ ниетім,

Киелім ,қасиетім.

Туған жер, бір балаңмын,

Алдыңда бас иетін.

Жүргізуші: Бүгінгі қонағымыз Ерлан Сатыбаев ағамыздан қонақ кәде деп «Жаңақала – гүл қала» әнін баянмен сүйемелдеуін сұраймыз, орындайтындар Алмагүл Жасқайратқызы, Айнұр Қайырғалиқызы, Айгүл Ибатқызы.

Жүргізуші: Ақ жайық арманымның арынысы,

Сақталған бабалардың қалыбы шын.

Қасиет қазағымда Құрманғазы,

Даламның өзі тапқан алыбысың.

Би вальс: «Ақ Жайық – Ару мекенім» орындайтындар «Тұлпар» тобының бүлдіршіндері.

Жүргізуші: Закария Сисенғалидің сөзіне жазылған, әні Тұяқ Шәміловтікі «Әнім сенсің, Жаңақала» орындайтындар Сисен Мейірбан мен Асхатқызы Жанайым.

Жүргізуші: Бір топ ер балаларымыздың орындауында «Батырлар «биі.

Жүргізуші: Тыңдайды әже әлдиін байтақ далам,

Қойнына талай-талай сыр сақтаған.

Бердім деп ұл мен қызын құрсағынан,

Тыныстап жатыр бүгін Жаңақалам.

Жүргізуші: Қыдыр қонып, құт дарыған, киелі мекекніміз- Жаңақаланың әрбір таңы арайлап ата берсін, абыройы асқақтай берсін. Қош сау болыңыздар.


Тип материала: Документ Microsoft Word (docx)
Размер: 7.52 Mb
Количество скачиваний: 8
Просмотров: 194

Похожие материалы