Жанартаулар

Предмет: География
Категория материала: Конспекты
Автор:

Адамдар қатты абыржыды. Кейбірі ақыр заман туды деп ойлады. Қаланы түтіннен қараңғылық басты. Адамдар барынша қашты бірақ тым кеш болды. Кейбірі үйлерінде қалды- бірақ түтіннен тұншығып өлді. Аспаннан тас түсе бастады. Қала көшелерінде жанартаудың күлі басып қалды.

Тек аздаған адамдар ғана теңізге қашып құтылды.

Міне, солардың айтуы бойынша «Помпейдің соңғы күні» суреті салынды. Бұл сурет қазір Мәскеуде Трьетяков галереясында сақтаулы.

Бірнеше ғасыр өткеннен кейін адамдар-археологтар – Помпей мен Геркуланум қаласын тапты. Қалыңдығы 15 м кул басқан екен.

Сөнген жанартауды қалай ажыратуға болады? Таудың конус тәрізді пішіні, басындағы кратер жанартаудың бір кезде белсенді әрекеті болғанын көрсетеді. Адамзат тарихында атқылауы жөнінде ешбір мағлұмат жоқ жанартауларды сөнген жанартау дейді. Ал ұдайы атқылап жататын жанартауларды сөнбеген жанартаулар дейді.

1669 ж Этна жанартауының атқылауы салдарынан 100 000 адам зардап шекті.

1815 ж Тамбор жанартауы адамзат тарихындағы күшті жанартаулардың бірі -92 000 адам өлді.

1883 ж Кракатау 32 000 адам өлді.

Жалпы жанартау су астында да атқылап тұрады. 10-20% су асты жанартауының үлесіне тиеді.

Орташалары мен кішілерін қоспағанда 2500 ірі жанартау атқылауы болған.

Жанартауларды ұйқыға кеткен деп атаған дәлірек. Өйткені, әлі күнге дейін ешкім дәл басып айта алмайды. Толық зерттеліп болмаған.

Адамдар сөнді деп атаған жанартаулардан осы күнге дейін зардап шегуде.

Ең қорқыныштысы –Риус жанартауы 5 ғасырдан кейін атқылады. Колумбияда биіктігі – 5398 м.

Жанартау атқылауы – кездейсоқ, қорқынышты, қауіпті және адам шығыны көп болатын табиғи құбылыс. Шаруашылыққа зиян келтіреді.

Иә, бұл тек сыртқы көрінісі ғана. Жанартау құртушы ғана емес сонымен бірге «Ұлы қалыптастырушылар» да болып табылады.

Ғалымдардың айтуы бойынша атмосфера, гидро және литосфера – миллиардтаған жылдар бойы жанартау атқылаудан қалыптасқан себебі осы қабықтарға қажетті барлық құрылымдар табылады.

Осы мәліметке сүйеніп егер жанартау атқыламаса – Жер бетінде тіршілік қалыптаспаған еді деп айтуға болады.

Жанартау атқылауы – аралдарды қалыптастырады. Ява аралында ең көп адамдар тұрады тығыздығы жоғары.

1. Құнарлы топырақ

2. Химия өнеркәсібіне қажетті шикізат мол болады

3. Құрылыс материалдары

4.Рудалы пайдалы қазбалар қалыптасады.

5.Геотермальды энергия береді

6.Ыстық бұлақтар – минерал тасымалдағыш.

Жанартау атқылаған жердің топырағы құнарлы болады. Өсімдікке қажет құрылымдардың барлығы болады. Сондай-ақ ауа мен суды тезөткізетін топырақ қалыптасады. Осыдан 2 000 жыл бұрын Везувии беткейінде адамдар жүзімнен көп өнім алғандығы туралы мәліметтер сақталған. Қаншалықты қорқынышшты болғанмен қазірде Везувии бөктерінде адамдар тұрады.

Мерапидің беткейінде күріш және т.б. дақылдар көп өнім алған. Испанияда-астық, Орталық Америкада-кофе, Оңтүстік Жапонияда – табиғи агрохимиялық қызметіне пайдалану егістік жанартау лавасының алынған фосфор, калий тұздарымен байытылған.

Жанартаулы аймақтың құнарлы топырағы адамдарды өзіне еріксіз тартады.

Шығыс Африкада – натрий карбонаты-сода. (содовое озеро).

Сонымен бірге химия өнеркәсібіне қажетті –күкірт, нашатыр, құрылыс материалдары. Пемзо –Италияда, Арменияда, Камчаткада. Рудалы пайдалы қазбалар қалыптасады. Мыс: Қазақстанда мыс кені ежелгі жанартаудың көмейінде қалыптсқан. Молибден, вольфрам, мырыш, мыс, сурьма, күміс,қорғасын, алтын және т.б. Орталық Америка мыс белдеуі – Чили-Перу.

Тип материала: Документ Microsoft Word (docx)
Размер: 367.94 Kb
Количество скачиваний: 27
Просмотров: 217

Похожие материалы