ЖАС МҰҒАЛІМДЕРГЕ ЖҰМЫС ЖОСПАРЫН ЖАСАҚТАУДЫҢ ТИІМДІ ЖОЛДАРЫ
Предмет:
Директору-завучу
Категория материала:
Другие методич. материалы
Автор:
Нарикова Женискул Мырзабековна
Здесь была ссылка на работу ЖАС МҰҒАЛІМДЕРГЕ ЖҰМЫС ЖОСПАРЫН ЖАСАҚТАУДЫҢ ТИІМДІ ЖОЛДАРЫ автора Нарикова Женискул Мырзабековна.
Ссылка на нее удалена по требованию посредника Инфоурок.
Если вы являетесь автором этой работы и хотите подтвердить её публикацию на этом сайте,
.
ЖАС МҰҒАЛІМДЕРГЕ ЖҰМЫС ЖОСПАРЫН ЖАСАҚТАУДЫҢ ТИІМДІ ЖОЛДАРЫ Ж.М.Нәрікова қалалық әдістемелік кабинеттің қазақ тілі мен әдебиеті пәні әдіскері Білім беру – оқыту мен тәрбиелеудің үздіксіз процесі. Қазіргі кезде білім берудегі мақсат – жан- жақты, білімді, өмір сүруге бейім, өзіндік ой- толғамы бар, адамгершілігі жоғары, қабілетті жеке тұлғаны қалыптастыру. Қазіргі таңда мұғалімнің шеберлігі мен жетістігі – сапалы білім және жақсы тәрбие алған шәкіртінде. Мұғалімнің сабақтағы қолданған әдістері оқушыға әсер етуіне қарай бағаланып, өз талабына сай орындалып отыруы тиіс. Осы мақсатта өздерінің еңбек жолын жаңадан бастаған жас мұғалімдерге әдістемелік көмек көрсетуге бірден- бір тиімді тәсіл- жас мұғалімдердің жұмысын жүйелі жоспарлау, өз міндетін дұрыс білуі. Сондықтан да ұсынып отырған ережелер мен жоспар, жадынама жас мұғалім үшін өзінің алғашқы еңбек жолында жұмыстарын тиімді ұйымдастыра білуге, оқушылармен жүйелі жұмыс жасай алуына көмектеседі. Сонымен қатар, жас мұғалімдердің кәсіби шеберлігін шыңдау, шығармашылығын дамыту жолында көмек береді. Төменде жас мұғалімдерге арналаған жалпы ережелер мен мақсат, міндеттерін, жадынама ұсынып отырмын. Жас мамандарға «Жас мұғалімдер мектебі» туралы мәлімет 1. Жалпы ережелер Жас педагог мектебі - әдістемелік жүйенің арнаулы педагогикалық білімі жоқ жас мамандарды біріктіретін элементі. Жас педагог мектебі жас оқытушылардың біліктілігін көтеру жүйесінің құрамдас бөлігі болып табылады және өтілі 5 жылдан аз жоғары білімді жас оқытушыларды біріктіреді. Жас педагог мектебі - бұл педагог кадрлардың тұрақты жұмыс істейтін бірлестігі. 2. Негізгі міндеттері мен мақсаттары Мақсаты: жаңадан бастаған оқытушыларда кәсіптік мұраттарды, әдістемелік дағдыларды, үнемі өздігінен даму мен өздігінен жетілу қажеттіліктерін қалыптастыру Мектептің міндеттері: – жас оқытушылардың үздіксіз білім алу қажеттіліктерін қанағаттандыру және оларға кәсіптік қиналушылықтарына көмек көрсету; – оқытушылардың шығармашылық қызметінің жеке стилін қалаптастыруға жағдай жасау; – жас оқытушыларға білім беру үдерісіне заманауи тәсілдер мен алдыңғы қатарлы педагогикалық технологияларды енгізуге және ақпараттық-әдіснамалық мәдениеті деңгейін арттыруға көмектесу; – тәжірибелі оқытушылардың педагогикалық шеберлігін насихаттау және әдістеме мен педагогика жөніндегі білімін жетілдіруіне көмек көрсету; – жаңадан бастаушы оқытушылардың оқу үдерісіндегі кәсіптік, әдістемелік проблемаларын айқындау және оларды шешуге жәрдемдесу; – халықаралық білім беру технологияларымен таныстыру; - диагностика мен өздік диагностиканы жүргізу дағдыларын қалыптастыру. 3. Ұйымдық құрылымы Жас педагог мектебінің жұмысын ұйымдастыру үшін пән бірлестігінен іс-тәжірибелік жұмыс өтілі бар жетекші тағайындалады. Жас педагог мектебінің жұмысына оқытушылық қызметтің үлкен тәжірибесіне ие болған академияның өкілдері, сондай-ақ шетелде оқып келген оқытушылар да қатыса алады. Оқу жылының ішінде жас педагог мектебінің төрттен кем емес сабағы, үйретуші сарамандық семинары өткізіледі. Жас педагог мектебі жұмысының негізгі формаларына: – оқу-әдістемелік мәселелер бойынша дөңгелек үстелдер, семинарлар, оқытушылардың шығармашылық есептері; – ашық сабақтар ( лекциялар,семинарлық сабақтар); – оқыту және тәрбиелеу әдістемесі бойынша лекциялар, хабарлар және пікірталастар; – алдыңғы қатарлы педагогикалық тәжірибені зерделеу жатады. Мектептің отырыстары 2 айда 1 рет өткізіледі. Жас педагог мектебінің жұмысына бақылау жасауды қалалық әдістемелік бөлімі жүзеге асырады. Мектептің іс-қағаздарын жүргізу; – Жас педагог мектебі туралы Ережені; – ОӘК-те бекітілген жұмыс жоспарын; – жас оқытушылар мектебінің құрамы туралы мәліметтерді; Сандық және сапалық құрам (жасы, білімі, мамандығы, жалпы және педагогикалық өтілі, жоғары оқу орнын бітірген жылы); 4. Функциялық міндеттері 4.1. Жас мамандар үшін топтық сабақтар ұйымдастыру, үйретуші семинарлар, оқу-әдістемелік конференциялар өткізу, жас педагог мектебі мүшелерінің оқу қызметі мен кәсіптік өздігінен білім алуды ұйымдастыру мәселелері жөніндегі есептерін тыңдау. 4.2. Жас мамандардың кәсіптік қажеттіліктерін зерделеуді, өздігінен жетілуге көмекті зерделеуді ұйымдастыру. 5. Құқықтары Жас педагог мектебіне қатысушылар: – конференцияларға, шығармашылық және педагогикалық шеберханаларға қатысуға; – білім беру мекемесінің материалдық базасын өздігінен білім алу үшін пайдалануға; – тәлімгер- ұстаздардың консультациялық көмек алуға; – өз біліктілігін арттыруға құқылы.