Жоба жұмысы Тақырыбы: «Жәндіктер – біздің достарымыз»

Предмет: Начальные классы
Категория материала: Другие методич. материалы
Автор:

 

Жоба жұмысы

Тақырыбы:

«Жәндіктер – біздің  достарымыз»

 

 

 

 

 

 

 

           «Жәндіктер – біздің достарымыз»

Жобаның түрі: топтық ұзақ мерзімді белгілі нәтижесі  бар, 4-5 жастағы  балаларға арналған шығармашылық жоба.

Жобаның мерзімі: 1 жыл.

Жобаның қатысушылары: естияр тобыныңың балалары, тәрбиеленушілердің ата-аналары,тәрбиеші.

Білім облысы: экологиялық тәрбие.

Көкейтесті мәселе: серуен кезінде балалар жәндіктерді көрді.Балалар жәндіктерді көргенде бейжай қалмады. Балалардың біразы қуанды, қызықты, басқалары қорықты,кейбіреуі өлтіру керек ,- деп ұсыныс жасады.Пікір екіге бөлінді, әңгіме барысында балалардың жәндіктер туралы аз білетіндері көрінді. Жәндіктер бізге  керек пе?- деген сұрақ туындады.Олар қандай пайда келтіреді,не зиян әкеледі?- деген сауалдар қойылды.Сондықтан жоба тақырыбы осылай таңдалды. Балалардың жобаға қатысуы олардың жәндіктер туралы білімдерін толықтырып,балалардың  шығармашылық – ізденімпаздық қабілеттерін қалыптастыру.

Жобаның мақсаты: Жәндіктер - біздің достарымыз жобасы шығармашылық  – ізденімпаздық қабілеттерін  дамытуға жағдай жасайды.

 

Жобаның міндеттері:

* Балаларда жәндіктер туралы (көбелек,құмырсқа,қоңыз,ара,шегіртке) қарапайым түсінік қалыптастыру. Олардың құрылысы,қозғалу тәсілдері жайлы білуге ұмтылдыру.

* Тірі табиғатты аялауға ,қорғауға тәрбиелеу.

* Эмоциональды ынтаны дамыту.

* Коммуникативті дағдыны дамыту.

* Ізденімпаздық дағдыны қалыптастыру.

Күтілетін нәтиже:

* Балалар жәндіктердің түсін танып, аттарын атай  білуі керек,

* Қарапайым түсініктерді білу: құрылысы, түрлері, денесі,аяқтарының саны, қанаттары, қозғалуы (секіруі, ұшуы,жүгіруі),дыбыс шығаруы (шырылдауы, ызылдауы) , қайда қыстайды.

 

Алдын – ала жұмыс:

* «Жәндіктер» тақырыбына суреттер  жинау.Ізденушілік жұмыс.

* Әдеби әңгімелер ,шығармалармен таныстыру. «Ара мен аю», «Ара мен шегіртке» М.Төрежанов т.б

* Жәндіктер туралы тақпақтар жаттау. «Көбелек»

* Мультфильмдер көру.

Отбасымен әріптестік:

             *  «Табиғатқа қалай жанашырлықты оятуға болады?», «Жәндіктер шаққанда  қандай алғашқы көмек көрсету керек?»  деген  тақырыптарға кеңес беру.

·        Ата-аналардың қолжазбалары, балалардың жәндіктер туралы ойлап тапқан әңгімесін суретпен көркемдеуге көмектесу.

 Мамандармен тығыз байланыс:

·        Музыкалық ойын-сауық «Аралар – біздің мейірімді достарымыз».

·        Денешынықтыру ойындары «Алаңқайда».

Жобаны іске асыру жоспары:

·        Жұмыс түрлері:

·        Жәндіктерді бақылау

·         «Жәндіктер әлеміне саяхат» әңгіме,

·        Музыкалық ойын-сауық «Аралар – біздің мейірімді достарымыз»,

·        Денешынықтыру ойындары «Алаңқайда»

·        Балалардың көрмесі

·         Ата-аналар мен балаларға арналған үй тапсырмалары.

 

 

 

 

 

 

 

Жобаны іске асыру кезеңдері:

Мерзімі

Шаралар

Жауаптылар

 

І . Дайындық кезеңі

 

 

 

 

қазан

 

·        Тақырып бойынша сараптама жасап,әдебиеттер жинау.

·        Жобаны іске асыру кезеңдеріне жоспар құру

·        Дидактикалық ойындар жинау

·        Тақырып бойынша тақпақтар, жұмбақтар, әндер,ертегілер,аңыздар жинау.

тәрбиеші

 

 

 *Тақырып бойынша қозғалмалы саусақ ойындар, көңілді сұрақтар ,жаттығулар жинақтау.

*Ата-аналарға кішгірім жоба дайындауға тапсырма беру.

* Тақырып бойынша балалардың білім-білік дағдыларын тексеру.

тәрбиеші

 

 

Ата-аналар

 

ІІ Негізгі кезең

 

 

 

 

 

қазан

* Әңгіме  «Біздің айналамыздағы жәндіктер», «Жәндіктер мен гүлдер бір-бірі үшін жаралған»

* Серуен

 

тәрбиеші

 

 

Мақсаты:

·        Жұмбақтар,ребустар жасыру.

·        Тақпақтар оқып беру, жаттау.

·        Әдеби,танымдық әдебиеттер оқып беру.

·        Әңгімелер.

·        Дидактикалық ойындар

тәрбиеші

 

қараша

Тәжірибиелік,ізденушілік іс-әрекет:

·        Бақылау

·        Қандай жағдайларда гүл сыйлайды?

·        Ата-аналармен жұмыс (кеңес беру )

тәрбиеші

 

қараша-наурыз

Әдеби-шығармашылық іс-әрекет:

·        «Жәндіктер» тақырыбына арналған шараларға белсенді қатысу.

·        Қағаздан жәндіктер жасау.

·        Жәндіктерді бояумен, қарындашпен салу.

·        Көрме жасау

·        Дидактикалық ойындар

·        Бақылау жүргізу.

·        Ата-аналармен жұмыс

тәрбиеші

 

сәуір

·        Ата-аналармен бірге  кішгірім жобаны қорғау.

·        Фотоальбомды көркемдеу. «Балалар және жәндіктер»

·        Суреттер мен қолдан жасаған  бұйымдардан көрме жасау.

Ата-аналар

 

тәрбиеші

 

 

 

 

                 

ІІІ.Қорытынды кезең

 

Интеграциялық сабақ

тәрбиеші

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                    Бал араның жыры.   М.Әлімбаев

Баратыным-         Қыр.

Қонатыным-       Гүл.

Теретінім-          Нәр.

Беретінім-         Бал.

                            Бал арасы.     С.Тойлыбаев

Ара,ара,аралар,

Гүл қауызын жағалар.

Оны баққан ағалар,

Шелек-шелек бал алар.

Ұшып кірсе қосына,

Сен тимесең,тимейді,

Қастығы жоқ досына.

                                         Көбелек                          Т.Елеусізұлы

Көбелек –ау, көбелек !

Әдемісің керемет!

Гүлге келіп қона ғой,

Өзің де гүл бола ғой.

                                            Құмырсқа             А.Байғабылова    

Кіп-кішкентай   құмырсқа ,                              Денесіне қарамай,

Бейім барлық жұмысқа.                                    Жүк салмағын талғамай,

Тип материала: Документ Microsoft Word (docx)
Размер: 25.18 Kb
Количество скачиваний: 26
Просмотров: 133

Похожие материалы