ЖОБА ТАҚЫРЫБЫ 1 СЫНЫПТА АҒЫЛШЫН ТІЛІ САБАҚТАРЫНДА ОҚУШЫНЫҢ ТІЛ МӘДЕНИЕТІНІҢ ҚҰЗЫРЛЫҒЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУ КЕЗІНДЕ СУРЕТ ПЕН ФОТОСУРЕТТЕРДІ СИПАТТАУ ӘДІСІН ПАЙДАЛАНУ

Предмет: Иностранные языки
Категория материала: Другие методич. материалы
Автор:

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫБІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

"Өрлеу БАҰО" АҚ филиалы

Солтүстік Қазақстан облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты

 

 

 

 

 

 

 

 

Ағылшын тілі мұғалімдерінің біліктілігін көтеру курсы

«Содержание и методика раннего обучения английскому языку дошкольников и младших школьников»

 

 

 

ЖОБА ТАҚЫРЫБЫ

 

1 сыныпта ағылшын тілі сабақтарында оқушының тіл мәдениетінің

құзырлығын қалыптастыру кезінде

сурет пен фотосуреттерді  сипаттау

әдісін пайдалану

 

 

 

 

 

 

Орындаған: Алькеева А.Т..

Әлжан ОМ

Айыртау ауданы

 

 

 

 

 

Петропавл қаласы , 2015 жыл

Тақырыбы:1 сыныпта ағылшын тілі сабақтарында оқушының тіл мәдениетінің

құзырлығын қалыптастыру кезінде сурет пен фотосуреттерді  сипаттау

                      әдісін пайдалану

 

Мазмұны:

 

І .Кіріспе

 

ІІ. 1 сынып оқушыларының сөздік қорын дамыту және тіл мәдениетін қалыптастырудың жолдары.

          1.1. Сөз, сөйлеу және сөздік қор  ұғымдарына сипаттама.

  1.2.Тіл мәдениетін қалыптастыруда сурет пен фотосуреттерді сипаттаудың  

        маңыздылығы.

           1.3.Оқушылардың тіл мәдениетін қалыптастыру мақсатын шешу  жолдары.

 

ІІІ. Тәжірибелік бөлім

        1.1.Ағылшынтілі пәнінде оқушының  тіл мәдениетін дамытуға суреттерді сипаттау 

               түрінпайдалану.

 

 

Қорытынды

 

 

Пайдаланған әдебиеттер

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

І .Кіріспе

 

Зерттеу мақсаты:1 сыныпта ағылшын тілін  оқыту барысында сурет пен фотосуреттерді  сипаттау  әдісін оқушылардың тіл мәдениеті құзырлығын  дамыту жолдарын анықтау.

 

Зерттеу міндеттері:

·       1 сынып оқушыларының сөз,сөйлеу, сөздік қорын, қалыптастырудағы теориялық білімдерге тоқталу.

·       Ағылышын тілі сабағында оқушылардың  тіл мәдениеті құзырлығын    дамытуды қалыптастырудың тиімді жолдарын  қарастыру.

·       Сурет пен фотосуреттерді сипаттау  арқылы  жасалатын  жаттығу жұмыстарын қарастыру.

Зерттеу нысаны :1 сыныптағы ағылшын тілін оқыту барысы

 

Зерттеу пәні:  ағылшын тілі

 

Зерттеу әдісі:жинақтау, талдау,зерттеу,тәжірибе

 

Зерттеудің өзектілігі:

 

Қазіргі таңда көп тілді білу – заман талабы, өркениетке жол ашатын құрал. Н.Ә.Назарбаев  «Жаңа әлемдегі – жаңа  Қазақстан» атты Қазақстан халқына Жолдауында: «Қазақстан халқы бүкіл әлемде үш тілді пайдаланатын жоғары  білімді ел ретінде  танылуға тиіс. Бұлар: қазақ тілі – мемлекеттік тіл, орыс тілі – ұлтаралық қатынас тілі және ағылшын тілі – жаһандық экономикаға ойдағыдай кірігу тілі»[1, 6 б.], – деген болатын. Қазақстан Республикасында күрделі телекоммуникациялық желілері бар постиндустриалдық ақпараттық қоғам құруға өту процестерімен байланысты тілдік қатынастар  өзектілігі үлкен маңыздылыққа ие болуда. Әр түрлі халықтар арасындағы саяси, мәдени және әлеуметтік-экономикалық өзара әрекеттің артуымен тілдің де коммуникативтік ролі күшейе түсуде.

Оқушының ой - өрісінің, сана – сезімінің жан – жақты дамуы бастауыш сыныптан басталады. Бастауыш сыныпта оқушылардың тіл орамдылығын арттырып, өмірге көзқарасын қалыптастырса, ой өрісін кеңейтіп, сөздік қорын байытады. Балаларды жақсыға үйретіп, жаманнан жиренуге тәрбиелейді. Біздің жарқын болшағымыз - өскелең жас ұрпақтың біліктілігімен байланысты.  Сол себепті елімізде ағылшын тілін бастауыш сыныптан бастап енгізілуі  жақсы нәтижеге жеткізеді.

Қай заманда болмасын адамзат алдында тұратын ұлы мақсат – саналы ұрпақ тәрбиелеу. Ертеңгі күннің бүгінгі күннен асып түсуіне ықпал етіп, адамзат қоғамын алға қарай жетелеуші құдіретті күш тек білімге ғана тіреледі.

Оқушының ой - өрісінің, сана – сезімінің жан – жақты дамуы бастауыш сыныптан басталады. Бастауыш сыныпта оқушылардың тіл орамдылығын арттырып, өмірге көзқарасын қалыптастырса, ой өрісін кеңейтіп, сөздік қорын байытады. Балаларды жақсыға үйретіп, жаманнан жиренуге тәрбиелейді. Біздің жарқын болшағымыз - өскелең жас ұрпақтың біліктілігімен байланысты.

     Сондықтан, қазіргі кезеңде мектептің негізгі жұмысы  баланың бастауыш сыныпта ағылшын тілінде еркін сөйлеуге , өз ойын еркін жеткізуге , сөздік қорын байытуға тиімді  әдіс-тәсілдерді қарастыру.Әрбір сабақта оқушы белсенділігін арттырып, өзіндік ой-пікірін дамытып, шығармашылықпен жұмыс істеуге дағдыландыру – бүгінгі өмір талабы.

 

 

 

 

Зерттеудің нәтижесі:

1.     Көрнекіліктер арқылы оқушылардың тіл мәдениетінің құзырлылығы артады;

 

2.     Берілген тапсырмаларға жауапкершілікпен қарайды;

 

3.     Шығармашылық ізденушілік іскерліктері дамиды

 

4.     Суреттер мен фотосуреттерді сипаттау арқылы тіл байлығы , сөздік қоры дамиды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ІІ Негізгі бөлім

1 сынып оқушыларының сөздік қорын дамыту және тіл мәдениетін қалыптастырудың жолдары.

 

1.1.Сөз,сөйлеу және сөздік қор  ұғымдарына сипаттама.

 

Біздің ана тіліміз, қасиетті қазақ тілі өзінің мемлекеттік мәртебесін абыроймен атқарып, міндет жүгін қиналмай көтере алатын аса бай, оралымды да сұлу тіл.

Бүкіл оқыту барысында оқушының тілін дамытып, сөз байлығын арттыру-ең маңызды жұмыстардың бірі.Бұл әрине бастауыш сыныптан бастап оқушылармен үзбей жүргізілетін жұмыстар нәтижесінде ғана іске асады.

Бала тілінің дамып қалыптасуы жоғарғы жүйке жүйесінің жетілуімен тығыз байланысты. Баланың айналасындағы өмірді танып, білудегі басты жәрдемшісі-тіл. Ал тілдің дамуы оның сана сезімінің, ой өрісінің басқа да психологиялық үрдістің жетіле түсуіне негіз болады.

 «Сөз» деген ұғым мектеп жасына дейінгі балаларға үйретіле бастайды. Бала – бақшаларда аталмыш тақырыпта балаларға кез келген заттарды көрсету арқылы үйретіледі. Мысалы, мынау – орындық, анау – парта, бұл – кітап, ол – қалам тағы бақа. Осындай мысалдар келтіріп, әрбір заттың, құбылыстың аты «сөз» деп аталатындығы түсіндіріледі. Мұндағы көздеген мақсаты - әрбір сөздің жеке-жеке ұғымды білдіру, түсіндіру, әрбір заттар мен құбылыстардың атауы «сөз» деп есептелетіндігін ұғындыру.Мағына болмаған жерде сөз де өмір сүре алмайды. Сөз бір тектес зат пен құбылыстардың жеке атауын білдірумен бірге, олардың жалпылауыш атын да танытады.Ендеше  Сөз – тіл білімінің барлық саласының негізгі зерттеу объектісінің бірі болып табылады.

Сөйлеу дегеніміз – тілдің көмегімен қарым-қатынас жасау процесі. Сөйлеу адамзатқа тән құбылыс болғанымен, ол даралық қасиетке ие. Сөйлеу адам ойлауының негізгі және жеке тұлғаның ойлау әрекетін сыртқа шығару құралы болып туады. Сөйлеу процесі іс жүзіне асу үшін сөйлеуші мен тыңдаушы жақ қатысуы тиіс. Сөйлеуші өз пікірін сөздерді грамматикалық байланысқа түсіре отырып, тыңдаушыға жеткізеді.

Тыңдаушы сөйлеушінің айтқан ойын қабылдайды, нәтижеде өз әрекетін ұйымдастырады. Пікір алысу үшін қарым-қатынасқа түсушілер арасында ортақ объект болуы тиіс. Екі жаққа бірдей қажеттерін өтейтін құрал – қалыптасқан тіл мен сөйлеу ережелері.Сөйлеуге байланысты мынадай талаптар қойылады:

·  мазмұнды сөйлеу;

·  дәл сөйлеу:

·  жүйелі сөйлеу;

·  мәнерлі сөйлеу

Сөздік қор дегеніміз-тілдің құрамының ішіндегі ең тұрақты, талай ғасырлар бойы өмір сүріп келе жатқан, жалпы күделікті өмірде кеңінен қолданылатын халыққа ортақ сөздер жиынтығы.

Бастауыш сынып оқушыларының сөздік қорын байытуда сөздерді үйретудегі ұстанымдары.

·  үйретілетін сөздің жеңілділігі;

·  бастауыш сынып оқушыларының ұғымына сөз мағынасының сай келуі;

·  сөздерді оқытылатын тақырыптармен байланысты таңдап алу;

·  сөздердің мағыналық ерекшеліктерін ескерту;

 

 

 

 


 

1.2.Тіл мәдениетін қалыптастыруда сурет пен фотосуреттерді сипаттаудың  

        маңыздылығы.

 

Қазақ тілі сабағындағы сөздік қорды дамыту жұмыстары мынадай әдіс – тәсілдер арқылы жүзеге асады. Ол – сұрақ- жауап, сөйлесу, әңгімелесу, әңгіме, түсінігін айтқызу, көрнекілік, аударма, кітап пен жұмыс, мәтінмен жұмыс әдістері .Әр сабақ сайын тақырыпқа сай көрнекі құралдар, түрлі суреттер , кестелер, видео касеталар, тақырыптар бойынша электронды оқулықтар мен сабақты көркемдеп отырса, оқушылардың сөздік қоры біршама толығады деп сенімдімін.

Заман өзгерген сайын әдіс – тәсілдер көбейіп, жаңарып, толығып отыр. Әр түрлі жаңа технологияларды өз тәжірибемізде қолданып жүрміз. Жаңа технологияны, әдіс - тәсілдерді тиімді қолдану білім сапасын көтерді. Сөздік қордың бай болу манызды мәселе

Ағылшын  тілі сабағындағы тіл мәдениетін  қалыптастыру жұмыстары мынадай әдіс – тәсілдер арқылы жүзеге асады. Ол – фотосуреттер мен  суреттерді сипаттау , көрнекілік  қолдану әдістері .Әр сабақ сайын тақырыпқа сай көрнекі құралдар, түрлі суреттер  арқылы көркемдеп отырса, оқушылардың сөздік қоры біршама толығатынына  сенімдімін. Заман өзгерген сайын әдіс – тәсілдер көбейіп, жаңарып, толығып отыр. Әр түрлі жаңа технологияларды өз тәжірибемізде қолданып жүрміз.

Осыған орай бастауыш сыныптарда ағылшын  тілінің әрбір сабағын көрнекі құралды пайдалана отырып өткізген жөн. Олардың түрі, көлемі, аз-көпті сабақ тақырыптарына қарай бөлінеді. Кейде оқулықтың өзіндегі материалды үлкейтіп пайдалануға да болады. Көрнекі құралдармен өткен сабақтың тиімділігі:

а) материалдарды түсіндіруде мұғалім көп қиналмайды;

ә) оқушылар жаңа сабақты, материалды оңай қабылдап, тез меңгереді;

б) сабақты түсіндіру арқылы оқушылардың ынтасы артады;

в) тіл ұстарту жұмысы еркін жүргізіледі;

г) сыныпта басы артық шу, әңгіме болмайды;

ғ) сурет арқылы екі-үш сөзден сөйлем құрай алады;

д) сурет арқылы жаңа сөздің мағынасын түсіндіруге болады;

е) оқиғаға құрылған сурет бойынша оқушыға заттың атын, түсін жаттатқыза отырып, қимылына көрген-байқағандарына байланысты сөйлем құрғызып, әңгіме айтқызуға болады;

ж) мәтін мазмұнына байланысты берілген суреттер мәтінде баяндалған оқиғаны көзге елестету арқылы оның мазмұнын түсіндіруге мүмкіндік жасайды.

Мәтінмен байланысты жүргізілетін тіл ұстарту жұмыстарында қолданылатын көрнекі құралдар:

1. Мәтіннің тақырыбына байланысты түрлі суреттер;

2. Мәтінге байланысты сөздік-плакат;

Көрнекілікті оқыту барысында шығармашылықпен қолданудың тиімділігі:

Көрнекілік әдіс – Сабақ сайын жүргізілетін әдіс. Басқа тілді үйретуде ең нәтижелі және жиі қолданылады. 1- 2 сыныптарда түрлі суреттер мен заттарды, ойыншықтарды көрсету арқылы сөздерді үйретуге болады. Көрнекілік тақырыпқа сай, көзге тартымды яғни эсттетикалық жағынан жақсы , ірі. екі немесе үш түстен болуы керек .

Мысалы : «Clothes» тақырыбын өткен кезде киімдердің суретін көрсету арқылы  жүзеге асып отырады. Әр түрлі тірек кестелер және таблицалармен сөздерді , сөз тіркестерін үйретуге болады.

“Fruits”  тақырыбында алма сөзін алманы көрсету арқылы ұғындырамыз. Бұл әдіс – Жеміс- жидектер, Оқу құралдары, Ойыншықтар, Тағамдар , тақырыптарында жүзеге асады.

Көрнекі құралдың бәрін бір сабақта үйіп-төгіп қолдану керек деген ұғым тумауы тиіс. Мұғалім оларды сабақтың тақырыбына, сыныптың дайындығына, уақыттың материалды көрнекі құралға айналдыруға болмайды.

Мәтінге байланысты сөздерді, сөйлемдерді оқулықтан, ал түрлі суреттер және мысалдарды қосымша материал ретінде басқа еңбектерден алынған жөн.. . Сурет бойынша мәтін құрастыру балалардың ойын, тілін дамытумен бірге, оқушыларды суреттің мазмұнын түсінуге үйретеді.

Бастауыш сыныптарда сурет бойынша жүргізілетін әңгіменің мынандай түрлерін де қолдануға болады:

1) орны ауыстырылып берілген суреттерді мәтін бойынша түзету;

2) орны ауыстырылып берілген суреттерді де, мәтінді де оқиғаның болу ретіне қарай түзету. Мұндай жұмыс үшін бір сюжетке салынған бірнеше сурет алынады.

Сөздік жұмысы да, көрнекілікпен жұмыстары да оқушыларды байланыстырып сөйлеуге даярлайды. Дидактикалық материалдарды тақырыптардың жүйесі бойынша тапсырмаларға бөліп беру ұтымды. Ағылшын тілін меңгеруде қиындығы бар  оқушылардың сөздік қорын, сөйлеу тілін дамытуда көрнекілік пен ойын әдісін, сөйлеу үлгілерін қолдануға болады. Оқушылардың сөздік қорын дара суреттер не заттың нақтылы өзін көрсету, ойындар ойнату және өзара сөйлестіру жолдарымен байытып, сөздің дыбысталу жағын дұрыс айтуды, грамматикалық тәсілдерді, логикалық жаттығуларды орындату арқылы өткізу керек.

Көрнекілік әдістероқу материалын оқушылардың көзімен көріп, нақтылы түсінулеріне мүмкіңдік береді.Бұған демонстрация, иллюстрация  тәсілдері жатады. Тәжірибелік әдістердің ішінде ең көп қолданылатыны — жаттығу әдісі.

Тип материала: Документ Microsoft Word (docx)
Размер: 734.18 Kb
Количество скачиваний: 11
Просмотров: 89

Похожие материалы