«Көктем аруы-2014» сайысы
Предмет: | Другое |
---|---|
Категория материала: | Другие методич. материалы |
Автор: |
Козыбай Жадыра Смагуловна
|
Қызылорда
облысы, Шиелі ауданы ЖШС «Думан» ясли-балабақшасының әдіскері Сапарова
Айгүл
Тақырыбы: «Көктем Аруы 2014
Мақсаты:Білімділік: Қыз балалардың жан дүниесіндегі көркемдік
талғамын қалыптастыру. «Қазақ қызы» деген атқа лайық ойы әсем,
тәні әсем, ісі әсем болып қалыптасуына баулу.
Дамытушылық: оқушылардың танымдық және шығармашылық қабілетін,
эстетикалық талғамын, шеберлігін дамыту.
Тәрбиелілік: көпшілік алдында өзін-өзі ұстай білуге, әдептілікке,
мейірімділікке, сұлулыққа тәрбиелеу.
Көрнекілік: үнтаспа, нақыл сөздер, сұрақ
салынған киіз үй.
Ұйымдастыру бөлімі.
Армысыздар, құрметті әріптестер, аяулы ата-аналар, көрікті қыздар. Бүгін
сіздер балабақшамыздағы бүлдіршін қыздарымыздың, асыға күткен «Көктем Аруы 2014» сайысын тамашалауға келіп отырсыздар! Қош келдіңіздер! Емен
жарқын болайық. Көңіл сарайларыңыз ашылсын, күлкілеріңізден інжу-маржан
шашылсын!
Қазақ қызы - тамсандырған талайды,
Тоғжан болып ғашық қылған Абайды.
Қазақ қызы күлкісі күн, тілі бал,
Ай секілді асқақ ару арайлы!, -дегендей, қыздарға арнап жыр
жазбаған ақын жоқ, ән шығармаған сазгер жоқ. Қызыл гүл, қарақат көз, қиғаш қас,
алма мойын – бұлардың барлығы біздің әсем қыздарымызға арналған теңеулер.
Ендеше байқауға қатысатын қыздарды ортаға шақырайық.
5 сайыскер.
Тип материала: | Документ Microsoft Word (doc) |
---|---|
Размер: | 40 Kb |
Количество скачиваний: | 22 |