Конспект урока на тему "Логарифмдік теңдеулер және теңсіздіктер"
| Предмет: | Математика |
|---|---|
| Категория материала: | Конспекты |
| Автор: |
Шинтимирова Амина Камешовна
|
Мы восстанавливаем материалы только с согласия их авторов.
Сырбай ата және логарифмдік функция.
(Тарихи-әдеби математикалық кіріктіру сабағы)
11 сынып
Шинтимирова А.К.
Математика пәнінің мұғалімі
2006 жыл
Сабақтың типі: Жинақтау сабағы.
Сабақтың түрі: Мультимедиялық және кіріктіру сабағы.
Қолданылатын әдістер: Топтық, жеке, жартылай – іздену.
Көрнекілігі: Мультимедия орталығы, үлестірме карточкалар, ұлы
адамдардың портреттері.
Сабақтың мақсаттары:
Оқыту: санның логарифмінің, логарифмдік функцияның қасиеттерін жетік біліп ҰБТ есептерін шығара білуге дағдыландыру.
Дамыту: Терең ойлап, тез қорытынды жасауға жылдам жұмыс істеуге дағдыландыру.
Тәрбиелік: Өз мектебінің тарихын жетік біліп, туған елге, жерге, Отанға деген сүйіспеншіліктерін арттыру.
Тақтада: Эпиграф: Өзін сыйламаған өзгені силап жарытпайды.
Өзін қинамаған дарынын дамытпайды.
С.Мәуленов.
Балалар, бүгін біз тарихи-әдеби математикалық кіріктіру сабағымызды бастаймыз.
Сабақтың мақсаты: логарифмдік функцияның, санның логарифмдерінің қасиеттерін жетік біліп, оны ҰБТ есептерін шешуге пайдалану, тез ойлап, қорытынды жасап жылдам жұмыс істеу, топпен жұмыс істеп басқалар үшін жауап беру дағдысын қалыптастыру; өз мектебіңнің тарихын жетік біліп, туған елге, жерге, Отанға деген сүйіспеншілігіңді күшейту.
| Тип материала: | Документ Microsoft Word (doc) |
|---|---|
| Размер: | 140,0 КБ |
| Количество скачиваний: | 9 |