Көше тарихы

Предмет: История
Категория материала: Другие методич. материалы
Автор:
Сабақтың  тақырыбы:  Көше  тарихы Сабақтың  мақсаты: Білімділік:  Оқушыларға  көше  тарихын  түсіндіру, мағлұмат  беру. Дамытушылық: Оқушылардың  пәнге  деген  қызығушылығын, сүйіспеншілігін  арттыру. Ойлау  қабілетін  дамыту. Тәрбиелік:  Оқушыларды  адамгершілікке, имандылыққа, елін  сыйлауға, құрметтеуге  тәрбиелеу.   Сабақтың  түрі: аралас   Сабақтың  типі: жаңа  білім  беру   Сабақтың  көрнекілігі:  сөзжұмбақ, интерактивті  тақта, карта. Сабақтың  әдіс – тәсілі:  сұрақ – жауап.   Сабақтың  барысы:  Ұйымдастыру.                                     Үй  тапсырмасын  сұрау.                                     Бағалау.                                     Жаңа  сабақ  түсіндіру.                                     Бекіту  сұрақтары.                                     Үйге  тапсырма  беру.                                               Жаңа  сабақ Жоспары: З.Пірімбетов  атындағы  көшенің  тарихы.                   1 – Мамыр.                   А.Құнанбаев.                      З.Пірімбетов  атындағы  көшенің  тарихы Көше  ұзындығы – 1,7  шақырым. Тұрғын  үй  саны – 92. Көше  халқының  саны – 511  адам. Оқушы  саны – 118. Бидайкөл  ауылындағы  Зияда  Пірімбетов  көшесінде  ауыл  тұрғындары  мен  ауыл, аудан  басшылары  жиналған  ауыл  тұрғындары  үшін  қуанышты  жиын  өткізілді. Бұл  күні  Зияда  Пірімбетовтың  ұрпақтарымен  бауырлары  ата  атына  ас  беріп, дұға  бағыштап, ол  кісінің  тәлім – тәрбиесі  мен  тәжірибесін  алған  азаматтар  мен  немерелері  Зияда  атаның  еңбек  жолы  мен  өмір  жолы  туралы  тебірене  сөз  қозғады. Енді  осы  елі  елжірей  еске  алысқан  « З. Пірімбетов  кім  еді? » - деген  сұраққа  жауап  берер  болсақ, кезінде  ерен  еңбегімен  ел  сүйіспеншілігінде  қалған  бұл  кісінің  аты – жөні  көп  айтыла  бермейтіндіктен, қазіргі  буын  өкілдері  үшін  беймәлім  болып  келе  жатқандығы  да  жасырын  емес. Сондықтан  өмір  тарихына  кеңірек  тоқталып  өткеніміз  жөн  болар.      Елі  үшін  қаны  мен  терін  төгіп  елге, жерге  халқына  деген  сүйіспеншілігімен  ел  есінде  қалған  азаматтарымыз  аз  емес. Соның  бірі – З. Пірімбетов. 1902  жылы  Қызылорда  облысы, Сырдария  ауданына  қарасты  жерде  дүниеге  келіп, 12 жасынан  бастап  бай  жылқысын  бағып, балалық  бал  дәуренін  үскірік  аяз аптап  ыстықта  жылқының  соңында, жылқышылар  қосында  өткізген  Зияда  атамыздың  жастық  шағы  Кеңес  үкіметінің  ел  ішіне  ене  бастауымен  тұтас  келіп, 1920  жылдан  бастап  кеңес  милициясы  қатарында  қызмет  атқарды. Көзі  ашық, көкірегі  ояу, хат  жазып  қара  танитын  жігерлі  жас  ел  ішінде  коллективтендіру  науқаны  басталғанда, басы – қасында  жүреді. Өзінен  15  жас  кіші  Әия  есімді  арумен  отау  құрған. 1932  жылы  Шиелі  ауданы, Гигант  колхозының  председателі  болып  сайланып, бала  саласы  жақсы  таныс  жерді  кеңейтіп  түлету  ұшін  тыныш  таппаған  Зияда  атамыз  ауылды  біріктіріп, ірілендіріп, экономикалық  жағынан  дамуына  зор  үлес  қосады. Көптеген  қалалармен  қатар  Польша, Венгрия  елдерін  азат  етуге  қатысып, « Жеңісті  Берлинде »  қарсы  алған  жауынгер  өз  ерлігін  еліне  паш  еткендей  омырауын  ордин – медальдарға  толтырып, 1946  жылы  туған  жеріне  дін  аман  оралады.    Елге  келген  соң  « Гигант »  колхозында  тұрып, кейіннен  күріш  плантациясында  звено  жетекшісі  болып  еңбек  етеді.                               1 – Мамыр  көшесінің  тарихы Біздің  көше  ауыл  тарихының  негізін  қалушы  көше. Өйткені  ол  ауыл  ең  алғаш  1  май артелі  болып құрылған. Халық  осы  ауыл  тарихын  ұмытпас  үшін  көшеге  атын  берді. Біздің  көшеміздің  ұзындығы – 1300  метр, көшеде – 61  үй, 362  тұрғыны  бар, тыл  ардагерлері – 4, соғыс  ардагерлері – 4. Болашақта  көшеміздің  өркендеп  өсуіне  өз  үлесін  қосатын  студенттеріміздің  саны – 15, оқушылар  саны – 22, грант  иегерлер  саны – 2                              А. Құнанбаев  көшесінің  тарихы Ашылса  да  жылдардың  сан  парағы, Естеліктей  ескі  әдеп  сақталады, Біздің  көше  Абай  деп  жазылғанмен Әлі  күнге  Ташкент  ауыл  аталады...   Оған  себеп  бабалар  жақсы  із  салған, Сол  іздердің  әлі  күнге  сыры  ұшпаған Талай  әулет, колхоз  боп  құрылғанда Ташкенттен  кеп  осында  қоныстанған. Сапақов  Әнуарбектің  басшылығымен                                Бекіту  сұрақтары 1.  Келешекте  Абай  көшесінің  қандай  болғанын  қалайсыз? 2.  Бидайкөл  ауылына  қандай  өз  үлесіңді  қосасың?                                  Үйге  тапсырма                                   Көше  тарихы.  
Тип материала: Документ Microsoft Word (docx)
Размер: 14.59 Kb
Количество скачиваний: 15
Просмотров: 137

Похожие материалы