ӘЛЕУМЕТТІК-ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ТРЕНИНГТІ ҰЙЫМДАСТЫРУ ПРИНЦИПТЕРІ

Предмет: Школьному психологу
Категория материала: Другие методич. материалы
Автор:

 ӘЛЕУМЕТТІК-ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ТРЕНИНГТІ ҰЙЫМДАСТЫРУ ПРИНЦИПТЕРІ

 

Топ - бұл ақиқат дүние, топта, өмірдегі сияқты өзіндік тұлғааралық қарым-қатынас, шешім қабылдау, мінез-құлықты таңдау проблемалары бар.

    Топтық тренингтердің негізгі міндеттері:

-         өзіндік түсіну;

-         өзіндік реттеу;

-         қарым-қатынас ситуациясында басқаларды түсіну;

-         адекватсыз және жаңа адекватты қарым-қатынас дағдыларын коррекциялау.

Тренингтік топты ұйымдастыру принциптері:

1 принцип: еріктілік принципі- барлық қатысушылар тренингке қатысу туралы шешімді өз бетінше жасауы тиіс. Қыстау, қатысуға мәжбүрлеу ешқандай нәтижеге алып келмейді, жекелік өзгерістер адамның ішкі қызығушылықтары туындаған кезде ғана мүмкін;

2 принцип: өзара әрекеттесуде диалогтық принцип- қатысушылар арасындағы толыққанды тұлғааралық қарым-қатынас өзара сыйластыққа, өзара сенімділікке негізделуі тиіс;

3 принцип: өзіндік диагностика- ең алдымен, клиент өз проблемаларын өздері түсініп қалыптастыруы, басқалай айтқанда өзіндік ашылуы тиіс;

4 принцип: ақпараттану:әрбір клиент сабақ қандай жағдайда болатынын білуге құқылы.

Тренингтік топқа қатысуға болатын оптимальді жас – 16-40 жасқа дейін.

 Тренинг өткізілетін орында қатысушылар шеңбер құрып отыратындай жағдайда болуы қажет. Психотренердің міндеті - жұмысты ұйымдастыру, әдістемелік қамтамасыз ету және тренинг өткізу болып табылады.

    Тренер жұмысының 1-кезеңі - тренингке дайындық - әңгімелесу, тренингке қатысушылардан анкета алу, олардың құжаттарын, мінездемелерін қарау, меңгеру. Психолог тренингте қатысушылардың проблемалары мен ниеттерін анықтап алуы қажет. Тренер бағдарлама жасайды, тақырып анықтайды, уақыты мен орнын нақтылайды, аудио және видео таспалар таңдалады, таратылатын материал даярланады.

2-кезең– тренингті өткізу. Тренинг өткізу әдістемесі әртүрлі болуы мүмкін, бірақ, кез келген әлеуметтік-психологиялық тренинг рөлдік ойында және топтық дискуссияны енгізуі тиіс.

3-кезең - қорытынды шығару. Қорытынды әр сабақ сайын жүргізіледі. Қатысушылар өз жетістіктері мен сезімдерін бағалайды, бұл бағалау тренингтегі әрбір қатысушының жекелік дамуының динамикасына бағдарлануы тиіс. Әрбір сабақ сайын тренер өз бақылауларын журналға жазып қояды. Топтағы көрінген процестер: топ мүшелерінің эмоциялық қалпы, сабақта қозғалған тақырыптар, проблеманы талқылаудағы әрбір қатысушылардың қосқан үлесін бағалап тіркейді.

    Қорытынды шығару сабақ циклі аяқталғанда жасалады. Психологиялық бақылауларды, анкеталарды, тестерді, бейнетаспаларды анализдеу арқылы тренингке қатысушы әрбір мүшенің жұмыс нәтижесін анықтайды.

 

Тип материала: Документ Microsoft Word (docx)
Размер: 15.4 Kb
Количество скачиваний: 45
Просмотров: 216

Похожие материалы