"Әліппе-білім бастауы" атты ертеңгілік

Предмет: Начальные классы
Категория материала: Рабочие программы
Автор:

"Әліппе-білім бастауы" атты ертеңгілік кеш оқушылардың І жартыжылдықта Әліппе оқулығы бойынша әріптерді, дыбыстарды, буындарды, сөздерді, сөйлемдерді қаншалықты деңгейде меңгергендіктерін қорыту мақсатында ата-аналарына, ұстаздарға арнайы ұйымдастырылған болатын. Сонымен қатар оқушылар ән айтып, би билейді. Салтанатқа жиылған қауым өз өнерлерін көрсетеді. Барлығының жиылып отыру себебі, кеше ғана оңы мен солын танымаған, А-ны әріп деп білмеген ойын балалары, 4 ай ішінде сауаттанып, хат танып, өздері оқып, жаза білер халге жеткенін тамашалау болып табылады. Кеше ғана дәптер деген нәрсені шимайлай ғана білетін кішкене бүлдіршіндер, бүгінгі күні дәптер жолымен түзу, әдемі етіп жаза алатын болып, енді ата-аналарын осындай салтанатқа шақырып отыр. "Әліппе -білім бастауы" атты ертеңгілігіміздің мақсаты - оқушылардың жеткен жетістіктерін ата-аналарымен бөлісу. Оқушылардың сауат ашу барысында алған білімдерін тиянақтау әр оқушының іс - әрекеттері арқылы икемділігін, шығармашылық мүмкіндігін ашу. Адамгершілікке, ұқыптылыққа, кеш барысында өзін - өзі дұрыс ұстауға ана - тілін сүйіп қастерлеуге тәрбиелеу.  Бұл жетістіктерге алғаш қолдарына ұстаған кітаптары "Әліппе" арқылы жетіп отыр. Ең алғаш мектепке келгенде барлық баланың қолына алатын оқулығы - Әліппе.Сондықтанда бұл оқулық әр адамға ыстық боп келеді. Ұстаздардың ұстазы Ыбырай Алтынсариннің сөздерін ешкімде ешқашан естерінен шығармас."Кел, балалар, оқылық" деп барлық баланы оқуға шақырған ұлы ұстаз осылай айтқандығын ұғындыру шарт. Салтанатты кеште бүлдіршіндер қуана ән салып, айнала би билеп, көпшілік қауымды таң тамаша қылады.  Сауат ашу кезеңін бір жыл бойы жүргізуге есептелген әліппе (авторы Ш. Әуелбаев) екі жыл ғана қолданыста болды. Әліппеде алты жастағы балалардың физиология, психология қабылдау ерекшеліктерін ескермеу, грамматика ұғымдарды ерте бастан үйретуге әуестену сауат ашу жұмысына едәуір қиындық келтірді. Сондықтан 1986 жылы толықтырылған авторлар құрамымен (Ш. Әуелбаев, М. Жұбанова, М. Төржанова, З. Әйтенова) жаңа әліппе жарық көрді. Бұл оқулықта ресми бекітілген оқу бағдарламасының талаптары ескерілгенмен кемшіліктері де болды. 1990 жылы білім Министірінің әліппелерге жариялаған конкурсының жеңімпазы болған М. Жұбанованың әліппе оқулығы 1992 — 93 жылдары оқу жылынан бастап қолданылды. Әліппеде балалардың ойы мен тілін дамытуға назар аударылып, олардың дүниетанымын кеңейтуге барынша мән берілді. Әліппе мазмұны дидактикалық-әдістемелік, тақырыптық-сюжеттік нақтылығымен ерекшеленді. Бұл оқулық 1997 жылға дейін негізгі сауат ашу құралы ретінде қолданылды. 1995 жылы бастауыш сыныптардың жаңа оқу бағдарламасына орай сауат ашу кезеңі 1 жылдан 6 айға қысқартылып, жаңа әліппе (авторлары Ш. Әуелбаев,Ә. Наурызбаева, Р. Қзғұттынова, А. Құлажанова) жарық көрді. Әліппеде балаларды жас кезінен халқымыздың дәстүрлі дүниетанымы мен әдет-ғұрыпына баулу, отаншылыққа және адамгершілікке тәрбиелеу мақсаты көзделді.

Тип материала: Документ Microsoft Word (docx)
Размер: 22.07 Kb
Количество скачиваний: 19
Просмотров: 122

Похожие материалы