Здесь была ссылка на работу Әліппемен қоштасу ертеңгілігі автора Сариева Амина Калимовна.
Ссылка на нее удалена по требованию посредника Инфоурок.
Если вы являетесь автором этой работы и хотите подтвердить её публикацию на этом сайте,
.
Әліппемен қоштасу ертеңгілігі Жадыраː Қуаныш бүгін мереке Шуағын шашып тұр әлем Тойға келген қуанып Қонақтар сізге мың алғыс Темірланː Қайырлы күн халайық Жадыраː Армысыздар, ардақты ата-аналар, құрметті қонақтар Темірланː Бүгінгі білім мерекесі ̎Әліппемен қоштасу тойы ̎ құтты болсын! Жадыраː Ортамызға 1д сынып оқушыларын шақырайық! (1д сыныбы мұғалімімен ортаға шығады) Мұғалімː Құрметті ата-аналар, ұстаздар және оқушылар. Бүгінгі әліппемен қоштасу атты мерекемізге қош келдіңіздер. Осыдан 4–ай бұрын мектеп табалдырығын қысылса да қызыға аттаған бірі отбасының тұңғышы, бірі кенжесі, бірі әзірге жалғызы, ата-әжесінің сүйікті де еркесі болып жүрген ұл- қыздарымыз, өздерінің ең алғашқы оқулығы болған әліппемен бүгін қоштасқалы отыр. Бүгін елдігіміз ескеріліп, егеменді ел болған, тәуелсіз тұлпардай етек-жеңіміз кеңейіп, атымыз алысқа жетіп жатқан шақта мерекемізге тағы бір мереке қосылмақ. Бұл мереке бүгінгі қуанышты күн Әліппемен қоштасу мерекесі. Кеше ғана мектеп табалдырығынан аттаған бүлдіршіндер бүгінде сапалы оқушы болып, ғылымның атасы- Әліппені бітірді. Бұдан былай да білім жолындағы белестерге қанаттары таламай көтеріле берсін дегім келеді.