Математика , күнделікті жоспар, 2-сынып
Предмет: | Начальные классы |
---|---|
Категория материала: | Другие методич. материалы |
Автор: |
Имаканова Рабига Сарсенбековна
|
Математика 2-сынып 1-тоқсан
Сабақтың тақырыбы: 0-ден 10-ға дейінгі сандар. Толық ондықтар(сандарды салыстыру, қосу, азайту). 10 көлеміндегі сандар құрамы.
Мақсаты:
1. Білімділік: 10 көлеміндегі кестелік қосу және азайтуды, 10 көлеміндегі нумерацияны, 10 көлеміндгі сандар құрамын қайталау.
2. Дамытушылық: Оқушылардың өткен тақырыптар бойынша алған білімдерін қайталау.
3. Тәрбиелік: Оқушыларды байқампаздыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: қайталау сабағы.
Әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, әңгімелеу, түсіндіру, ойын, көрнекілік.
Көрнекіліктер: суреттер, ойыншықтар және әртүрлі заттар.
Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі: Сәлемдесу, сабақтан қалған оқушыларды түгелдеу. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару. Сабақтың тақырыбын хабарлау. Мақсатымен таныстыру. Бүгінгі сабағымыздың мақсаты: 10 көлеміндегі кестелік қосу және азайтуды, 10 көлеміндегі нумерацияны, 10 көлеміндгі сандар құрамын қайталау.
Ал,балалар, алғашқы сабағымызды көңілді тілектерден бастайық. Бір-бірімізге қарап хормен бүгінгі күнге тілек тілейміз.
Қуанамын мен де ,
Қуанасың сен де.
Қуанайық ,достарым,
Арайлап атқан күнге.
2. Тақырыпқа көшу кезеңі.
Тақтаға түрлі заттардың суреттерін іліп, Қанша?» Неше? Нешеу? сұақтарын қою арқылы заттарды санау, заттардың қасиеттері туралы әңгімелеу. 10-ға және 20-ға дейін тура және кері бағытта санату.
3. Тақырыпты түсіндіру.
1). -5-тен кейінгі санды ата, келесі санның 5-тен нешеуі артық?
-9-дың алдындағы санды ата, алдыңғы санның 9-дан нешеуі кем?
-3,9,1 сандарының көршілерін ата.
-6-мен 8,7мен 9 сандарының арасында қандай сан тұрады?
2). Сандар құрамын қайталау. Кез келген санды атап, оқушылар осы санды құрастыруға болатын цифрлары бар екі карточканы көрсетеді.
3). Қосу және азайтуда сан атауларын қайталау.
Сергіту сәті:
Оң қолымда бес саусақ,
Сол қолымда бес саусақ
Бесті беске қосқанда
Болып шықты он саусақ.
4. Сабақты бекіту.
«Мақсатыңа жет» ойыны.
Мысалдар тізбегін атау. Оқушылар жауап цифрлы карточкаан ретіндеОқулықпен жұмыс:
Оқулықтың 4-бетіндегі суреттер бойынша санау арқылы қанша? Неше? Нешеу? сұрақтарына жауап алу. Мысалы: суретте не бейнеленген?
Дәптермен жұмыс.
5. Сабақты қорыту.
Не үйрендік? Қанша? Неше? Нешеу? сұрақтарына жауап бере отырып, заттарды санауды үйрендік.
6. Үйге тапсырма.
7. Оқушыларды бағалау.
Тип материала: | Документ Microsoft Word (docx) |
---|---|
Размер: | 176.35 Kb |
Количество скачиваний: | 33 |