«Математика курсындағы экономика элементтері»
Предмет: | Математика |
---|---|
Категория материала: | Другие методич. материалы |
Автор: |
Анабаев Думан Калелович
|
ТҮСІНІК ХАТ
Мектепте оқитын оқушыларды математикаға деген көзқарас бойынша бірнеше топтарға бөлуге болады: математиканы тек мектепте оқып, әрі қарай өмірде қолданбайтын оқушылар тобы; болашақта математикамен байланысты мамандықты таңдап алатын оқушылар тобы.
Бұл бағдарлама математиканы өмірде қолданатын, әрі басқа мамандықтарға қажет ететін жаратылыстану-математика бағытында оқитын 10 сыныптар үшін ұсынылып отыр. Экономика саласын таңдаған оқушыларға қаржы заңдарын білу қажет. Қаржы заңдарын дұрыс меңгермеген, әрі есептеуді баяу жүргізетін оқушы болашақта жақсы маман иесі болатындығына күмән келтіріледі.
Ұсынылып отырған бағдарламада жас ұрпақтың қоғамдық өміріндегі экономикалық тәрбиенің мәні мен маңызын ашып көрсетіп, математикадан сыныптан тыс жұмыстарда экономикалық тәрбие берудің нақтылы жолдарын анықтау мәселелері қарастырылады.
Қолданбалы курсы оқушыға экономикалық есепті математика тіліне аударған қандай да бір гипотезаны дәлелдеуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар ұсынылып отырған курс:
·оқушылардың математикалық білімнің өмірдегі қолданылуымен таныстыру арқылы математикалық білім сапасын арттыруға;
·оқушылардың өмірдінде кездесетін экономикалық міндеттерін шешуде;
·оқушылардың ойлау қабілеттерін дамытуға, өз бетінше тұжырымдай алуға жағдай жасау, мүмкінділік жасаумен сипатталады.
Берілген курс 10 сыныпқа 34 сағатқа (аптасына 1 рет) есептелген.
Тип материала: | Документ Microsoft Word (doc) |
---|---|
Размер: | 368 Kb |
Количество скачиваний: | 10 |