Математика пәнінен олимпиадалық есептер
Предмет: | Математика |
---|---|
Категория материала: | Другие методич. материалы |
Автор: |
Анабаев Думан Калелович
|
Математикалық олипиаданың негізгі мақсаты- оқушылардың математика пәніне деген қызығушылығын арттыру және ойлау қабілетін дамыту.
Қазіргі кезде Республикалық олимпиада 8- 11 кластар арасында IY кезеңнен өткізіліп келеді. Сондықтан оқушыларды төменгі кластан бастап факультативтік жәңе үйірме сабақтары арқылы даярлап, мектепішілік олимпиаданы өткізу пайдалы.
Математика
5 класс, 1-ші тур
Жұмыс уақыты- 2 сағат
Әр есеп 5 ұпайға бағаланады
1. Немересінің жасы неше ай болса, атасы сонша жаста. Олардың жастарының қосындысы 91 жас болса, онда атасы мен немересі неше жаста екенін табыңдар.
2. 9 монетаның біреуі жалған және ол қалғандарынан жеңіл. Қос табақшалы таразы арқылы, екі рет өлшеп жалған монетаны табыңдар.
3. 18 кубтан биіктігі 3 куб болатын тік бұрышты параллелепипед құрастырылған. Егер кубтың толық беті 24 см3 болса, онда параллелепипедтің толық бетін табыңдар.
6 класс, 1-ші тур
Жұмыс уақыты- 2 сағат
Әр есеп 5 ұпайға бағаланады
1. Теңіз суының тұздылығы 10%. 600 л теңіз суының тұздылығы 6% болу үшін, қанша таза су құю керек.
2. Оқушы бірінші күні кітаптың барлық бетінің 0,2 бөлігі мен 16 бетін, екінші күні қалғанының 0,3 бөлігі мен 20 бетін, ал үшінші күні қалғанының 0,75 бөлігі мен қалған 30 бетін оқыды. Кітаптың неше беті бар?
Тип материала: | Документ Microsoft Word (doc) |
---|---|
Размер: | 73 Kb |
Количество скачиваний: | 33 |