Математика пәні бойынша сабақтың тақырыбы:Бір айнымалысы бар сызықтық теңдеу.

Предмет: Математика
Категория материала: Конспекты
Автор:

Тақырыбы:Бір айнымалысы бар сызықтық теңдеу.

Білімділігі:Бір айнымалысы бар сызықтық теңдеу деген не, оның қасиеттерін оқып үйрену..

 Дамытушылығы:Оқушылардың логикалық ойлау қабілеттерін, білім, білік дағдыларын дамыта отырып, интеллектуалдық қалыптастыру, математикаға деген қызылушылығын арттыру.

Тәрбиелігі:Оқушыларды өзін-өзі басқаруға, ұйымшылдыққа, ұқыптылыққа, өз мүмкіндіктеріне сенуге, үлкен жетістікке ұмтылуға  тәрбиелеу.

Сабақтың әдісі:Топпен жұмыс, жеке оқушымен жұмыс, сұрақ-жауап жұмысы.

Сабақтың көрнекілігі:Интерактивті тақта, тірек кестелер.

Пәнаралық байланыс:Физика, информатика, сурет.

Сабақтың жүрісі:1.Ұйымдастыру

                              2.”Ойлы болсаң озып көр” сұрақ-жауап үй тапсырмасы.

А)Теңдеудеген не?

Б)Теңдеудішешудеген не?

В)Теңдеудіңтүбірідепненіайтамыз?

Г)Теңдеудетақырыптықесептерберілгенжағдайда

Д)Әріптіңқандаймәндеріндеалгебралықөрнектіңмағынасыболмайды?

 

2)Теңдеуді шешудің іріктеу әдісі

X(x+3)=10              x(x-1)=42

2*5=10                    7*6=42

3)Жаңа сабақ

Кез келген теңдеу түрлендіріліп ax=b түріне келтіріледі. Мұндағы

А- айнымалы коэффиценті, ь-бос мүше.

Ах=b түріндегі теңдеу бір айнымалысы бар сызықтық теңдеу деп аталады.

Мысалы,    0.3 x=0.9

                  A=0.3  B=0.9

2x+5=3x-2

                2x-3x=-2-5 -  мәндес теңдеу

-x=-7

                    X=7

Түбірлері бірдей теңдеулер мәндес теңдеулер деп аталады.

Мысалы,

4(x-3) = 0                 - мәндес теңдеулер

4x-12=0

Кейде теңдеудің түбірлері болмайды. Түбірлері болмайтын теңдеулер де мәндес теңдеулер деп аталады.

Теңдеулерді түрлендіріп ах=b түріне келтіру үшін теңдеулердің мынадай қасиеттері пайдаланылады.

1 қасиет

Теңдеудегі қосылғыштардың таңбасы қарама-қарсыға өзгеріп, оны теңдеудің бір жағынан екінші жағына көшіргенде теңдеу мәндес теңдеуге айналады.

2 қасиет

Теңдеудің екі жағын да нөлден өзге бірдей санға көбейткенде немесе бөлгенде теңдеу мәндес теңдеуге түрленеді.

Бір айнымалысы бар сызықтық теңдеуді шешу үшін:

1.Теңдеуді теңбе-тең түрлендіріп ықшамдау.

2. Айнымалысы бар мүшелерді теңдеудің сол жағына, бос мүшелерді теңдеудің оң жағына жинақтау керек.

3.Теңдеудегі ұқсас мүшелерді біріктіріп, теңдеуді ах=b түріне келтіру.

4.Теңдеудің екі бөлігін де айнымалы коэффицентіне бөліп, теңдеудің x=түбірін табу керек.

1)а≠0 болса, бұл жағдайда теңдеудің бір ғана түбірі бар.

2)а=0, b≠0, 0*x=b

3) a=0, b=0 болса, теңдеу ох=0 шексіз көп түбірі болады

4) Бекіту жұмысы (кітаппен жұмыс)

5)Үйге тапсырма

 

Бағалау

Тип материала: Документ Microsoft Word (docx)
Размер: 29.94 Kb
Количество скачиваний: 9
Просмотров: 185

Похожие материалы