Математикалық апталық қорытындысы 5-11 сыныптар арасында

Предмет: Математика
Категория материала: Конспекты
Автор:

«Ұстаздан шәкірт озар »

Оқушылардың шығармашылық жұмыстары

Математика – ғылымдардың атасы.

Эссе

Ақыл – ойды тәртіпке келтіретін математика. (М.В.Ломоносов)

Иә , расыменде адамның өмір сүруіне қажетті салалардың бірі – математика. Математика ғылымынсыз адамның өмір сүруі қиындыққа толы болар еді. Күнделікті өмірдегі қажеттіліктерді өтейтін заттарды, оның бағасын есептеу осының барлығы математикамен тікелей байланысты екені белгілі. Сондықтан да біз мектеп табалдырығын аттағаннан бастап математика пәнімен дос болып келеміз. Міне, әліде , біз осы пәнмен біргеміз. Және ешқашанда математиканы өз өмірімізден сызып тастай алмаймыз. Яғни, біздің әрбір қозғалысымыз математикамен ұштасып жатыр деген сөз. Оған кішігірім дәлел : біз таңертең ерте тұру үшін сағатты пайдаланамыз ал, сағатты есептеу үшінде санды, математиканы білу керек. Біз дүкендерден азық- түлік , киім , үй жиһаздарын , әшекей бұйымдарды сатып аламыз ал , оның ақшасын төлеу үшінде математиканы білу керек.Қазақстан қазіргі таңда дамыған елдің қатарына кіруге үлкен қадам жасап, еңбек етіп жатыр. Ал, дамыған елде тұру үшін математиканы бес саусағымыздай білу біздің міндетіміз.

Біздің мектепте математика пәнінің апталығы өтті. Маған бұл апталық ашылу сәтінен бастап қатты ұнады. Қазақтың салт-дәстүрін қадірлеп, қазақ көйлегін киген екі қыз ұстаған лентаны Меруерт Малдыбайқызы салтанатты түрде кесіп берді. Одан кейін үш тілде ұйымдастырылған логикалық сұрақтар балалардың математикаға деген қызығушылықтарын таныта түсті. Одан кейін , біз сыныптастарымызбен бірге осы апталыққа арнап оригамиден Астананың басты символы «Бәйтеректі» жасап шығардық. Ол өте әдемі болып шықты. Осы макетті жасау барысында біз достарымызбен күнделікті бірге болдық және оны жасай отырып миымыз тынығып , сергіп қалдық. Маған осындай топтық жұмыстар қатты ұнайды. Енді , осы апталықтың қорытындылауына арналған кеш өтеді. Кеш өте көңілді және қызықты өтеді деп ойлаймын.

Тип материала: Документ Microsoft Word (docx)
Размер: 5.06 Mb
Количество скачиваний: 7
Просмотров: 244

Похожие материалы