МЕКТЕП ОҚУШЫЛАРЫН САЛАУАТТЫ ӨМІР САЛТТАРЫНА БЕЙІМДЕУ

Предмет: Школьному психологу
Категория материала: Другие методич. материалы
Автор:
«Дені саудың – тәні сау» деп көне рим ойшылы Ювенал айтпақшы, әр адам өз денсаулығының кепілі. Әу бастан өскелең ұрпаққа салауатты өмір салтының қағидаларын құлаққа сіңіре берсе, оған қоғам мен ата-аналардың ақыл-кеңестері, берер үлгілері үлкен сабақ болары анық. Қай қоғамда болсын дені сау, алға қойылған мақсат-міндеттерді орындай алатын, қажет болған жағдайда өз елін дұшпаннан қорғай алатын жан-жақты дамыған, көзі ашық, көкірегі ояу азамат қажет.           Қазақстан  Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың салауатты өмір салтын қалыптастыру жөнінде шығарып жатқан өкімдері мен жарлықтары жетерлік. Олардың барлығы өз уақытында іске асып жатыр. Бұл орайда  «Жаңа онжылдық – Жаңа экономикалық өрлеу - Қазақстанның стратегиялық мақсаттарына жетудегі табыстарының ажырамас құрамдас бөлігі» деп көрсетілгендігін атап кеткен орынды. «Қазақстан-2030» стратегиялық даму бағдарламасында «Салауатты өмір салтын ынталандыру әрқайсымыздың дене тәрбиесімен айналысуымызға, дұрыс тамақтануымызға, есірткілерді, темекі мен алкогольді тұтынуды қойып, тазалық пен санитария шараларын сақтауымызға бағытталғанын»  атап көрсеткен.  Денсаулық – тек әр адамның ғана құнды игілігі емес, қоғамның да игілігі болып табылады. Ол бізге жоспарларымызды орындауға, негізгі өмірлік міндеттерді сәтті шешуге, қиындықтарды еңсеруге, қажет болған жағдайда шамадан тыс жүктемелерді де еңсеруге көмектеседі. Мектеп жасындағы балалардың салауатты тамақтану жүйесін күнделікті мектеп медбикесі мен сынып жетекшілері назарда ұстап отыруы керек.Әсіресе таңертеңгі ауысымда оқитын оқушылардың көпшілігі таңғы асты ішпей келеді. Содан барап баланың ішкі ас қорыту мүшелерінде ауытқушылық болады.Сол себепті 1 – 4 сынып оқушылары түгел ыстық тамақпен қамтылуы қажет. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұжымының деректері бойынша, денсаулыққа әсер ететін факторлардың 50-60 пайызы өмір тіршілігіне, 20 пайызы тұқымқуалаушылыққа, 20 пайызы сыртқы ортаның жағдайына, 8-10 пайызы дәрігерлік көмектің деңгейіне байланысты екен. Бұл деректер денсаулық үшін күрестің негізгі бағыты: салауатты өмір салтын қалыптастыруға, оны насихаттауға бағытталған шаралар қажеттілігін дәлелдейді.  Саналы түрде сақталатын және адамның өзі нығайтатын игілікті денсаулық оны ұзақ және белсенді өмірмен қамтамасыз етеді. [1]                                                 
Тип материала: Документ Microsoft Word (docx)
Размер: 19.91 Kb
Количество скачиваний: 17
Просмотров: 161

Похожие материалы