"Менің мамандығым – менің болашағым" 10 сынып.
Предмет: | Классному руководителю |
---|---|
Категория материала: | Конспекты |
Автор: |
Кемалова Куланда Женеевна
|
Максаты: 1. Оқушылар мен ата-аналарға оқушының мамандыққа бейімделу мен қабілеттілігін ертерек анықтау керек екенін көрсету.
2. Ата-аналарға жеткіншектердің болашақ мамандықты өз бетімен таңдауға мүмкіншілік беруін түсіндіру.
Балалардың қатысуымен дөңгелек үстел ұйымдастырылады.
Пікір-талас сүрақтары:
1. Оқушының болашақ мамандық тандауғадеген қарым-қатынасына талдау жасау.
2. Мамандықтаңдаудағы оқушылардың қызығушылығы мен қабілеті.
3. Мамандық тандаудағы жанұяның әсері.
Жүздесугешақырылғаноқуорталығыныңөкілдерібалаларғаболашақмамандығынтаңдаудажанүяныңкөмегініңмүмкінжолдарытуралыайтыпбереді. Сондай-ақ, басқадамамандықтаржөніндемәліметтерменбөлісу, еңбекнарығындаендіғанапайдаболғанмамандықтаржөніндемағлүматберу. Ата-аналардыңбалаларыныңжөніндемамандықнемесеқандайдабірпікірмен, небаласынакөмексұрайкелгенжағдайлардадамамандароғандайынболуыкерек.
Мамандық таңдау-адам өміріндегі ең маңызды қадамдардың бірі. Себебі, адам тағдырының бір бөлігі таңдаған мамандығымен ұштасып жатады. Адам асқақ арманға, биік мақсатқа ұмтылады. Осы кез ұлы Абай атамыздың «Сен де бір кірпіш дүниеге, кетігін тап та, бар қалан» деген сөзін қалайша естен шығарамыз? Әр мамандық өзінше тартымды, өзінше ерекше, қажетті болып саналады. Бірақ сол мамандықтардың ішінен жастардың өзіне сай мамандықты дұрыс таңдауына ықпал ететін отбасы мен мектеп мамандары да өздерінің ақыл-кеңесін ортаға салып, балаларды дұрыс бағыттап, тура жолға салып жіберсе, нұр үстіне нұр болар еді.
Мамандық таңдау-белгілі бір даярлықты қажет ететін іс-әрекет түрі , тіршілік көзі, дағды жүйесі және жасөспірімдік кезеңде қабыданатын жауапты шешімдердің біреуі. Осы арада мамандық таңдауға ықпал ететін негізгі 7 факторы ескере кеткен жөн.
1. Икемділік.
Икемділік дегеніміз – ол адамның қоршаған ортада өзін-өзі асқан ептілікпен жаңадан құрылып жатқан заманауи талабына сай адам болуы; адаспай өз жолын дұрыс таңдай білуі және заман талабына сай азамат болып өсуі.
2. Мағлұматтылық
Мағлұматтылық дегеніміз – ол адамның өзі таңдаған және жан-жақты білімді болуына, әр нәрседен хабардар болуы; әрдайым ізденісте және жаңа заман талабын дер кезінде дұрыс түсіне білуі.
3. Тартылу деңгейі.
Тартылу деңгейі дегеніміз – бұл елімізде болып жатқан өзгерістер, нәтижелі еңбек жемісін, одан әрі дамытуға өз жанын аямай еңбек етсе және халқының мүддесін жоғарылатуға өз үлесін қосып, одан әрі мықты мемлекет болуына ықпал ету.
4. Мүмкіншілік.
Мүмкіншілік дегеніміз – қазіргі таңда Елбасымыз Н.Назарбаевтың қолдауымен көптеген жаңалықтар және бұрын соңды болмаған жаңа заман талабына сай азамат болуға зор мүмкіншіліктердің болуы; өзінің ішкі –жан дүниесін үңіліп, өз қабілеттілігін дұрыс жолға қою, бар мүмкіншілігін одан әрі арттыру.
5. Ата-аналардың көзқарасы.
Қай ата-ана болмасын өз баласының жақсы болғанын қалайды. Бұл жерде отбасының да өнегелі сөздеріне құлақ аспауға болмайды. Осыны ескерген жеткіншектің қалаған мамандыққа баруына құқығы бар екендігін ұмытпаған жөн.
6. Құрдастарының көзқарастары
Мұнда айтыла кететін жәйт, ол құрбы –құрдастардың да айтқан ақыл кеңестерін ескере отырып, өз бойындағы мүмкіншілікті сарапқа салып, ой елегінен өткізу, белгілі бір мамандықты тек таңдап қана қоймай, оның белгілі бір шыңдарға жетелейтіндігіне және еліне орасан зор пайда әкелетіндігіне көз жеткізу. Дана халқымыз айтқандай: «Бірлесе пішкен тоң, келте болмас», -деген дана сөзі осыған дәлел.
7. Нарық қажеттілігі.
Нарық қажеттілігі дегеніміз – қай мамандықты болмасын таңдау – әр жасөспірімнің өз еркінде . Бірақ тағдаған мамандық заман талабына сай, еліміздің болашағын одан әрі дамытуға, әрі нығайтуға жұмаслып жатса, міне, осыны нарық қажеттілігі деп білуге болады. Нарықтық қоғамда өзіне қажетті саланы терең оқып және жаһандану кезеңінде салауатты өмір сұру үшін жан-жақты бәсекеге қабілетті азамат болу.
Мамандық таңдаудың мынадай ережелерін есте сақтаған жөн:
· Барынша көптеген мамандықтарды зерттеу керек және тіршлік еткен аймақта қандай мамандықтар керектігін анықтау қажет;
· Өзін-өзі зерттеу маңызды (қызығулар, мінез ерекшеліктері, бейімділіктер, өзін-өзі бағалау, талаптану деңгейі);
· Өзіне ұнамды және ыңғайлы мамандықты таңдауы тиіс;
· Таңдаған мамандықты зерттеу;
· Таңдаған мамандық бойынша өз күшін байқап көру;
Тип материала: | Документ Microsoft Word (doc) |
---|---|
Размер: | 83.5 Kb |
Количество скачиваний: | 14 |