«Ойлайықта – білейік »
Предмет: | Классному руководителю |
---|---|
Категория материала: | Конспекты |
Автор: |
Кемалова Куланда Женеевна
|
Мақсаты: Тапқырлыққа, ізденімпаздыққа жетелеу, ой - өрісін, тіл мәдениетіне деген сүйіспеншілігін арттыру. Балаларды елін , жерін, оның дәстүрін сыйлауға, халқымыздың болашағын гүлдентер тәрбиелі, білімді болып өсуіне ықпал ету және тәрбиелеу. Білімді, дарынды, озық болуға жетелеу және қызығушылығын ояту.
Көрнекілігі: презентация, парақшалар,сандық, конвертер,үлестірмелі қағаздар.
Сабақтың әдісі: сұрақ – жауап
Сабақтың түрі: сайыс
Ұйымдастыру кезеңі:
Тәрбиеші: Құрметті ұстаздар,оқушылар! Бүгінгі «Ойлайықта –білейік » деп аталатын интеллектуалды сайысына қош келдіңіздер!
Назерке:Сайысымызды бастамас бұрын сайыскерлерді 4 топқа бөлейік Бұл әдіс әділ әрі өте тиімді деп ойлаймын..Құрметті сайыскерлер сіздерді мына қобдишаның ішіннен бір парақшаны алуларыңызды сұраймын.(сайыскерлер парақшаны түгел таңдап алады.)
Тәрбиеші: Ал балалар, қолымыздағы парақшада көрсетілген әріп бойынша топтасайық.Мұнда әр топтың бас әрпі көрсетілген,сол бойынша топ құрамын жинап,топ башысын сайлап белсенділік танытайық!
Назерке:Асыл тастан, өнер жастан
Шығады деп дарынды.
Халық айтса қалт айтпайды,
Әрқашанда нанымды, - дей келе сайысымызды бағалайтын әділқазылар алқасымен танысыңыздар.(әділ - қазылар таныстырылады)
1. 9 «Ә» сынып тәрбиешісі: Төлеген Мадина апай
2. 11 «Ә» сынып тәрбиешісі: Абилова Жадыра апай
3.10 «А» сынып тәрбиешісі: Смадулла Алтыншаш апай
Тәрбиеші:Бүгінгі сайыс барысында оқушыларымыздың ой-өрісін, білімдерін, ептілігін сарапқа салатын боламыз.
Назерке:Біреу озса сайыста, біреу артта қалады,
Ренжімей тараса, озбағандар жарады.
Жарыс заңы ежелден – жеңімпазды анықтау,
Озат болу шарты сол - еңбектену, жалықпау.
Ендеше ерінбей, үнемі ізденіс үстінде жүретін алғыр оқушыларымызға сәттілік тілей отырып,сайысымызды бастайық!
Тәрбиеші:Сонымен топ құралды,топ басшысы сайланды енді алғашқы сайысымызды бастаймыз!Сіздердің шеберліктеріңізбен дарындылықтарыңызды дәлелдейтіндей сәт туып тұрған секілді. І кезең: Таныстыру.Осы кәзір 5 минут ішінде топтарыңызға ұрандарыңызды шығарып,бір – біріңізге сәттілік тілеп,бақтарыңызды сынаңыздар!
Ойланам дегенше ортаға Тілектес Нұрдаулетті Көк тудың желбірегені әнімен шақырамыз!
Назерке: Ендеше топтарымызды өз ұрандарымен ортаға шақырамыз.
Тәрбиеші: Алғашқы топ:1 – топ: «Дарындылар» тобы сіздерді ортаға шақырамыз!
Назерке:2 – топ: «Ойшылдар» тобы өздерің ойшылдықтарымен бізді таңғалдаратын шығар...
Тип материала: | Документ Microsoft Word (docx) |
---|---|
Размер: | 23.55 Kb |
Количество скачиваний: | 13 |