"Ондықтармен санау" (1 сынып)

Предмет: Начальные классы
Категория материала: Рабочие программы
Автор:

Математика

Сабақтың тақырыбы: Ондықтармен санау

Сабақтың мақсаты: Ондықтармен санауға, ондықтардан тұратын сандарды шығарып алуға және оларды атауға үйрету.Бір ондықты қосу және азайту тәсілдерімен таныстыру. Есептеу дағдыларын және есеп шығару білігін жетілдіру.

Сабақтың типі: Аралас сабақ

Сабақтың көрнекілігі: Оқулық, плакаттар,карточкалар, суреттер.

Сабақтың құрылымы:

1.Ұйымдастыру кезеңі.

Көңіл күй ахуалы.Ынталандыру.

2.Білімді еске түсіру.

Ауызша санау

Қатар бойынша «Математикалық тізбек» ойыны ұйымдастырылады.

3.Шешілуі тиіс мәселе.

Бір таңбалы натурал сандарды өсу ретімен атаңдар.

Өсу ретімен оңдықтардан тұратын сандар қатарын құрып көріңдер.

(Әр оқушының партасында санақ материалы 10 данадан болады)

Сұрақтарға жауап алу.

-Сендердің әрқайсыңда неше жолақ бар?( 10 немесе бір ондық)

-Егер сенің өзіңнің және парталас көршіңнің жолақтарын бірге қосса, сендерде неше ондық шығады? (2 ондық немесе 20)

-Ал егер оларға менің қолымдағы жолақшаларды қосса ше?( 3 ондық немесе 30)

Осылайша ондықтардан сандар қатары құрылады.

Қорытынды жасау.

Демек бірліктермен санағандай ондықтармен санауға болады.

Сергіту сәті.

Оқулықпен жұмыс

Оқулықтың суреті бойынша оқушылар әр таяқшаны санай отырып, бумада 10 таяқша, яғни 1 ондық бар екенін айтады.

Әрі қарай санау енді ондықтармен жүргізіледі.

Екі бума таяқша -2 ондыққа немесе 20-ға тең.

Үш бума таяқша -3 ондық немесе 30.

Төрт бума таяқша -4ондық немесе 40.....

№1 тапсырма

Тип материала: Документ Microsoft Word (docx)
Размер: 54.56 Kb
Количество скачиваний: 129
Просмотров: 353

Похожие материалы