Здесь была ссылка на работу Оқу іс-әрекеті «Біз сендерді ренжітпейміз» автора Жумабекова Сагыныш Багитжановна.
Ссылка на нее удалена по требованию посредника Инфоурок.
Если вы являетесь автором этой работы и хотите подтвердить её публикацию на этом сайте,
.
Табиғатты қорғау – бұл бүкілдүние жүзілік, мемлекеттік және қоғамдық, ғылыми негізде шешілетін, берілген табиғат байлықтарын тиімді қолдана отырып, сақтау, қорғау және қорғай отырып ұрпақтан ұрпаққа мирас болып қалдырылатын, табиғатты ластану мен бұзылудан сақтауды шешетін ауқымды мәселе. Адам – табиғаттың ажырамас бөлігі. Табиғат пен адам қатар ұғым. Адамсыз табиғат, табиғатсыз адам өмір сүруі мүмкін емес. Адам табиғатты қасиет тұтады. Табиғат - тіршіліктің құт-берекесі. Табиғатты қорғау міндетіміз. Қазіргі кезде экология мәселесі нашарлап кетті. Экологияны қорғау, табиғатты сақтау қазіргі жастардың қолында. Табиғат –адамның еңбегінсіз, адам игілігі үшін жаралған жаратылыстың сыйы. Адам табиғаттың патшасы деген ұғым бар. Сондықтан табиғат адам үшін - асыл ана. Өйткені адам баласы табиғатта, тіршілікте өсіп-өніп, жетілген. Қажетін алып, өз пайдасына жаратқан. Табиғат –ырыздықтың, ырыс пен мол қазынаның кайнар көзі, адам денсаулығының сенімді сақинасы. Ұрпақтан –ұрпаққа мол мұра ретінде калушы. Табиғаттағы жануарлардың мүйізінен немесе өсімдіктің тамырынан халық емшілері дәрі – дәрмектер жасаган сонымен қатар адам ағзасына дәрінің септігін тиерін анықтаған. Табиғаттың сырын білмей, қалай болса солай пайдалану ойға қонымсыз. Өйткені оның салдарынан табиғат байлықтары кеми түседі. Қазіргі таңда табиғаттың ластануы үлкен , аса зор мәселе. Бұл барлық дүние жүзінде қарастырылуда. Табиғат – сөз жетпес сұлулық, баға жетпес қазына,көз тоймайтын әсемдік ,айтып жеткізе алмайтын қыры мен сыры мол құбылыс болғанымен қазір сол табиғат нашарлап,ластануда соның салдарынан адам өміріне өте қауіпті жағдай тудыруда . Біз табиғаттағы әрбір жайқалып тұрған гүлге,мәуелеп тұрған ағашқа қамқорлық танытуымыз қажет. «Бір тал кессең , он тал ек» демекші, айналамызда табиғаттан лас иісті, ауру тудырушы бактерияларды жоюшы тал, жасыл желек. Егер осы мәселе қаралмай кала берсе төңірек азып кетеді. Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақстан Республикасының экологиялық қауіпсіздігі тұжырымдамасы» жарлығы Қазақстан Республикасы білім беру жүйесінде «Экологиялық білім мен тәрбие беру» тұжырымдамасы экологиялық білім беру бағыттарына арналады. Бұл бағыттар мектептегі тәрбие жұмысына еніп, біз ауыл көшелерінің тазалығын сақтауға өз үлесімізді қосамыз. Салауатты өмір салтын ұстану аясында адамның қоршаған ортасы таза болуы шарт. Табиғаттың қорғаны жас ұрпақ - біз. Табиғат адамның бойына қуат, өзіне шабыт беруші.Табиғат біз киетін киімді,оқитын кітапты,тамақтанатын тағамды, ас дақылдарын бәрін де табиғаттан аламыз. Өлкелерді көгалдандыру жұмысы жүргізілсе деймін. Экологияы және адам өмірін бірдей сақтау үшін тезірек әрекет ету керек. Адамның ағзасын нашарлауы шаң-тозаң, қатты суық және ыстық желдерден ,микробтар, түтін, улы газдар мен бактериялардан бастау алады. Мен өзімнің туған өлкеме қарағай т.б ағаш түрлерін ексе екен деймін. Табиғаттың зардаптарына төтеп беру үшін табиғатты қорғауымыз керек. Адам табиғатқа мейірімділікпен, сүйіспеншілікпен, қамқорлықпен қарап, үйлесімділік сақтағанда, адамзат баласы үшін табиғат – кең сарай, мәңгі тозбас құтты қоныс болады. Жер бетіндегі барлық тіршілік атаулы табиғат-анаға қарыздар. Сондықтан да Табиғатқа немкетті қарау, онымен санаспау – ана сүтін ақтамағанмен пара-пар. Адам баласы Табиғаттың ең ұлы перзенті болумен бірге, ең ұлы қамқоршысы да екенін ешқашан естен шығармауымыз керек.