Оқу тәрбие үрдісінде оқытудың ақпараттық технологиясын қолданудың педагогикалық қағидалары
Предмет:
Иностранные языки
Категория материала:
Конспекты
Автор:
Ханов Шохан Уалиханович
Здесь была ссылка на работу Оқу тәрбие үрдісінде оқытудың ақпараттық технологиясын қолданудың педагогикалық қағидалары автора Ханов Шохан Уалиханович.
Ссылка на нее удалена по требованию посредника Инфоурок.
Если вы являетесь автором этой работы и хотите подтвердить её публикацию на этом сайте,
.
ҚАЗАҚ ТІЛІН ОҚЫТУДА АҚПАРАТТЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ҚОЛДАНУДЫҢ ТИІМДІЛІГІ Жаңа ақпараттық технологияны адамзат қызметінің барлық саласына енгізу ақпараттық қоғамның басты көрінісі болып отыр. Ақпараттық техниканы үздіксіз білім беру жүйесінде пайдалану оқытудың педагогикалық технологиясы, оқытудың ақпараттық технологиясы, оқытудың компьютерлік технологиясының туындауына себеп болды. Ақпараттық технологиялар деп өмірдің түрлі саласында информация өндейтін амалдарды орындауғаарналған техникалық және программалық саймандар жиынтығын айтады [1]. Оқытудың ақпараттық технологиясы деп оқушының өз бетімен танымдық іс-әрекетін дамытуға оқыту мен оқуды басқаруға, сондай-ақ оқу мен практикалық есептерді ойындық, адам-машиналы тұрғыдан шешуге бағытталған әдіснамалық, психологиялық педагогикалық, бағдарламалық- техникалық және ұйымдастыру құралдарының кешенін айтады [2]. Білім берудегі жаңа ақпараттық технология деп оқу мен оқу-тәрбие материалдарының, үйретуге арналған есептегіш техника мен аспаптық құралдарының жиынтығы, есептегіш техника құралдарының оқу үрдісіндегі рөлі мен орнын, оқытушы мен оқушылардың еңбегін жетілдіруде оларды пайдаланудың түрі мен әдістері туралы ғылыми білімнің жүйесін айтады [3].серия ПЕДАГОГИЧЕСКАЯ 17 Бүгінгі күні ақпараттық және бағдарламалық білім беруді қаматамасыз ету жетістіктерді негізінде білім алудың ауқымды мүмкіндіктері туып отыр.