Оқушыларға сапалы білім берудегі дамыта оқыту технологиясының тиімділігі
Предмет: | Начальные классы |
---|---|
Категория материала: | Конспекты |
Автор: |
Айтқұлова Дәния Бөкейқызы
|
ХХ ғасырдың басында – ақ ақын Мағжан Жұмабаев «Ұлтымыздың ұлы қолбасшысы – ол мұғалім» деп атап көрсеткен болатын. Бұл сөз бүгінгі егемен ел, тәуелсіз мемлекет жағдайында да өз мәнін, өз қадірін жойған жоқ. Қайта ұстаздар қауымының мемлекет алдында жауапкершілігі бұрынғыдан да жоғары қойылып отыр. Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан – 2030» стратегиялық бағдарламасында «Елдің ертеңін ойлауымыз қажет, ХХІ ғасырда білімсіз өмір сүру мүмкін емес, халықты салауатты да сауатты өмірге бастауымыз керек» деп айтылған. Осы сөз біздің ұстанатын өмірлік темірқазық қағидамыз болу қажет. ҚР «Білім туралы» заңында оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, желілерге шығу, білім беру ұйымдарының еркіндігі мен дербестігін кеңейту, білім беру ісін демократияландыру баса айтылған. «Дамыта оқыту технологияларын» сабақ үрдісінде қолдану барысын сөз етуде, ең алдымен даму ұғымына тоқталайын. «Даму» ұғымының психологиялық анықтамасы жаңарту процесі, жаңаның өмірге келіп ескінің жоғалуы деген мағынаны береді. Барлық табиғат құбылыстары сияқты бала психикасы да бөлек үнемі диалектикалық жолмен дамып, өзгеріп, бір деңгейден екінші деңгейге өтіп отырады. Оқыту мен дамыту арасында тығыз байланыс бар екенін психология ғылымы жеткілікті дәрежеге дәлелдеп береді. Бұл мәселені түбегейлі зерттеп, бала дамуындағы оқытудың рөлін, алар орынын анықұтаған көрнекті психолог – Л.С.Выготский. Ол дамуды оқытумен тең, керісінше оқу мен даму екі бөлек процесс деген көзқарастарды қатты сынға алды. Ең алғаш рет бала дамуының төмендегідей екі аймағы болатындығы жайлы теория ұсынды.
Тип материала: | Документ Microsoft Word (docx) |
---|---|
Размер: | 23 Kb |
Количество скачиваний: | 8 |