Поэзия - арудай құпиясың ,ұқтырар жылдап әрең... Фариза Оңғарсынова шығармашылығындағы өмір өрнектері.
Предмет: | Математика |
---|---|
Категория материала: | Рабочие программы |
Автор: |
Клауова Гулмира Кизатоллакызы
|
Атырау қаласы, Дамбы селосы
Амангелді атындағы орта мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі.
Клауова Гулмира Қизатоллақызы
Тақырыбы: Фариза
Поэзия - арудай құпиясың ,ұқтырар жылдап әрең... Фариза Оңғарсынова шығармашылығындағы өмір өрнектері.
Фариза – Манаш топырағында дүниеге келген,Бекетай құмының кәусар тұмасынан сусындаған ,ата – бабамыздың батасы дарыған,Батыс Қазақстан өлкесінен шыққан қазақ поэзиясының алғыр лашыны, ақиық ақыны, Қазақ халқының мақтанышы! Қазақ халқы - өнерге бай, өлеңге бай, қызыл тіліне тек қана шешендік дарыған,өнер иесіне құдайындай табынған, домбыра шегіндей нәзік мінезді жібектей жұмысақ ,гүлдей көрікті емендей қайсар халық. Қазақ халқының әр ғасыры әуезді жырмен өрнектеліп келеді.Қырмызы қыздың шолпысы қадам сайын онң қозғалып келе жатырғанын сездіріп сыңғыр – сыңғыр етпей ме?! Сол сияқты қазақ халқының да бүкіл ғұмырын сұлу поэзия құрап жатыр.Бақ дарыған топырағымызда заманында талай – талай от ауыз, орақ тілді дүлдүлдер өткен. Cол қасиетті дәстүрді жалғастырушылар қазір де жеткілікті.Әрине әр ақын – жазушы өзінше жортақтайды,өзінше көсіледі. Фариза мінген жыр тұлпарының аяңы-өзгелердің желісі сияқты, Фариза жырының жортағы-өзгелердің шабысы сияқты. Ақын өлеңдері-жүздеген жылдарды халқы бастан кешірген жыр ғұмырдың заңды жалғасы, дәмі жаңа болғанымен дәні көне, тамыры терең, мықты өркен. Халықтық жырлардың алтын арқауы, басты тақырыбы - адам, адамның табиғатпен, даламен байланысы, арман күресі, өмір мәні десек, сол сипаттар біздің қанымызға сіңген калпында әлі де поэзияға деген талғамымыздың биік өлшемі болып келе жатыр.
Қазақ СССР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты ақын Ф.Оңғарсынова - осы өлшемдерге жауап берсем деген өз мұатына түбегейлі жетіп,түрлік,мазмұндық жағынан да кемелденіп,енді тек тереңдікке өз найзасын бойлатып, Мақатаев айтқандай «шындықтың ауылын шыр айналып»толассыз жаңа ізденістерге ойысқан түрі бар.
Тереңнен тамыр алу-деген сөз айнытпай ұқсау емес, еліктеуден де бөлек нәрсе. Фариза ақын осыны зердесімен ғана емес, бүкіл болмысымен жете меңгерген. Халықтың жанын, жырдың қуатын, сөздің реңкін табудағы сезгіштік таланты . Шығарған шындық арды естен Зұлымдықтарды қан кешкен Махамбеттен қалған нар кескен- Айбалта-жырымен шапсам деп. Әділіктің шамын ғаламға, қарамай құрсау қамалға, лаулатып солай жақсам деп, қайсарларды жасқап шегерген, тасқыны тылсым тереңнен, серігім-жырым-жебеммен, жүрегім-желкен,жел кернеп, қарсы ағыстарға, сеңге өрлеп, қағілез құттай денеммен дауылдарды құшып келем мен!
Ф. Оңғарсынова мұнша шеберлікке жетудің заңды сатыларын біртіндеп өткен ақын. Міне, мынау 4-сыныптың оқушысы Фәру :
Ғайнолланы қара : қиқаңдаған бала, Ләззатты қолмен, ұрып қалды жаңа, жылтың-жылтың көзі былдыр-былдыр сөзі ұрынам деп қыздан таяқ жеді өзі!
Өзінің «тегін бала болмады-ау» атанған кезін апамыз: «Сол күні неге екені белгісіз, едәуір көңілім көтеріліп, өзімше «ақынмын» деген сезіммен ұйықтадым.
... Менің төбем сол куні көкке екі-ақ елі жетпей қалды» деп есіне алады. («Шашы ағарған кыз»)
Ал, 1957 жылдың шілде айында ән құмар қауымның аузынан тастамайтын тасбиығына айналған «Көз алмай неге қарайсың» әнімен Атырау аспанында қалықтап тұрып алған 10-сыныптың оқушысы митақандай қаршыға көзді қыз да біздің Фариза еді.
Өлеңдегі «Айтсаңшы далмын, айтсаңшы далмын, көз алмай неге қарайсың?» дегендегі риторикалық сұрақ өлең көкжиегіне балапандай талпынып жүрген балаң ақынның үлкен ойлылығының нәтижесі.
1968 жылы ақынның «Мен саған ғашық емес ем» топтамасы жарық көрді. Бұл туралы ақын, Қазақстан Ленин комсомол сыйлығының лауреаты Күләш Ахметова: «Ең әуелі ақынды да, оқырмандарды да ашқан 1968жылы «Лениншіл жас» газетінің бетінде жарық көрген «Мен саған ғашық емес ем» топтамасы болды. Баршаны бірден баурайтын ондай сүйкімді, сәтті қадам әрбір өнер иесінің маңдайына жазыла бермейді. Бұл топтаманы сол кездегі студент, біздер, қиып алып, сақтап едік. Алғашқы жыр кітабы дәл осылай әсер ете қоймағаны рас болатын. «Мен саған ғашық емес емнен» кейін кешікпей «Мазасыз шақ» жинағы шықты. Бұл кітаптың сонылығы сонша-қазақ поэзиясындағы жаңа құбылыс-қыз ақындардың махаббат лирикасының тоғанын бұзып-бұрынғы бүркеме сезімдеріміз шымылдықтарын серпіп тастап шынайы қалпы жыр болып буырқанды. Қанша үйреніп қызыққанмен, бұл-әлі басқа қыздар жаза алмаған бұла тілек, бұрқанған жүрек әмірі». («Ақынсыз бір сәті, бір күні аңыз»)
Содан бері Фариза ақын :
Жыр-менің жалғыз тарланым, Аялап өтер ардағым, Талықсып атар таңдарым, Айымдай жалқы арман-үн, - деп уақыт өзегін жарып шыққан өлеңдерін жас нәрестедей әлдейлеумен, жыл өткен сайын биіктеумен келеді.
Поэзия - әдебиеттің күрделі және ең қиын саласы. Ұлы Абай :
Өлең сөздің патшасы, сөз сарасы, Қиыннан қиыстырар ер данасы. Тілге жеңіл, жүрекке жылы тиіп, Теп-тегіс жұмыр келсін айналасы, - деп өлеңге анықтама бере келіп,
Өткірдің жүзі, кестенің бізі, Өрнегін сендей сала алмас. Білгенге маржан, білмеске арзан Надандар бақыры ала-алмас,-деп түйіндеген. Ал Фариза:
-Поэзия - әйелдей жұмбақ әлем, Сиқыр сырын түсінер тұлға да кем. Жаны-тұнған тұңғиық тереңдік те, Қимылы-ырғақ-әуен, Поэзия-арудай құпиясың Ұқтырар жылдап әрең... Екі ақынның жыр жолдарынан әдемі де әсем дуэт құралғандай!
Поэзия-өмір, өмір-поэзия. Поэзия қоғамдық болмыстан пайда болып, соған қызмет етеді, тіпті оны өзгертуге әсерін тигізеді. Бүкіл әлем, жаратылыс, адам, еңбек, барлық өмірімен заман - поэзия дүниесі. Осы құбылыстарға құпия қуат, оларға тіршілік, ойнақы өмір беретін сырлар-поэзияның тетігі мен жаны, яғни «шын суреткер үшін өмір бар жерде-поэзия бар» (А.С.Пушкин.)
Поэзия дегенің-халық қаны, Қасіреті, мұрасы, жарық таңы, Ол-сезімнің оралмас мөлдірлігі, Уақыт шаңын бойына дарытпады. Жыр-таңбадай қасиет халықтағы...
Қасиет халықтағы... Ақын жырдың халық мүддесіне қызмет ету мұратын ұстанады.Поэзияның күрделілігі мен қиындығы да осында. Ақын жырға теңеу таппақ болып шарқ ұра отырып, образдылық қазанын ернеуінен асырады: «сөз-сарай, найзағай сынды жыр, жыр-құрық, жыр-жеңге, жыр-толғақ, жыр-бесік, жыр-әлем, тағдыр-жыр, ән-шағала, бүркіт-жыр, айбалта-жыр, жыр-жөргек, жыр-жебе, семсер-жыр, қылыш-жыр,жыр-жақұт, ән-пырақ.Ақын творчествосы ұдайы метафорлық ой- өрнектердің қолданысымен де ерекшеленеді: шырпы-ғұмыр,ажал – мерген, өмір – шеңбер, қаза – құда, жантақ – қайғы, ару – сезім,өмір – жеңге, жайлау – жан, жылан – қайғы т.б. Ақынның бейнелілік, сәулелі суреттері,оның өзіндік дүниетанымы,өмір көруі, өлең өрнектеуі,түйіп айтқанда, жалпы адамдық – ақындық болмысының өзгешеліктерінен хабардар етеді.
Фариза – дала перзенті. Дала ақынның беріліп,аса құмарта, кең көсіле жырлаған тақырыбы.Ақын жырларындағы дала туралы ой, сезім,қуаныш, мақтаныш – дала топырағын басқан адамдар болмысы.Ақын соны өткір сезінеді.Оны лирикалық кейіпкердің жеке басының сезіміне айналдырады.Ал ,жеке адам сезімін көкірегі ояу адамзат көңіл – күйімен тұтастыру шын таланттың ғана қолынан келеді және өлмейтін өлең тудырады.Ақынның «Дала дауысы»,«Дархан дала»,«Сағыныш хатын жолдадым »,«Дала – менің қазыным»,«Біздің мынау даланы - ай»,«Қырға кеткім келіп тұр»,«Айналайын ауылдың адамдары - ай» өлеңдеріндегі лирикалық кейіпкер елі мен жерін ,туған даласын шексіз сүйген,сезімтал бауырмал жан.Саумалкөлдің самалы,Оқжетпес басындағы сағым – мұнар,Үшқараның биігі,Оғыланды тау Тамшалы,даланың ақ түні – бәрі де оның қиялы мен сезімін қозғайды,бойына қуат құяды.Ақын жырына азықты даладан алады.
Дала - менің қазынам , жыр сандығым, Жыр нәрімен жер балқып бусанды құм. Сортаң жердің тұзы бар тамырында, ашқылтымдау сондықтан жусан – жырым , - деп ақын ағынан жарыла көкірек сарайынан шыққан жырларын ақсақалды абзал қарттарымыздың «жарықтық - ай» деп тамсанып отыратын дала жусанына теңестіреді,жырларым дала жусанындай ел адамдарының жанына шипа болса екен деген асқақ арманды ұстанады.
Фариза – дала қызы.
Мен даланың қызы едім Жазығында жатпайтын көз ілер қара Жазира менің жанымның өзі де дала Асқар көрмеген мен шіркін биік дегенді Өлшеуші ем сонау аспанның өзімен ғана, - деген шумақта ақынның өскен ортасын ,сезімтал жанының арнасын дәл көрсететін әдемі образды сурет жатыр.
Табиғат – құдіретті.Мұзафар аға сөзімен жеткіссек:«Табиғат – тәрбиеші болғанда тамаша тәрбиеші.Өйткені табиғат бәріміздің ұлы анамыз,анадан асқан аяулы тәрбиеші бар ма?»
Армысыңдар, бауырлар ,бармысыңдар! Ағаларым – асқар тау,қарлы шыңдар Жеңгелерім – жанымның жайлауы еді, Інілерім шым – болат шалғысыңдар Сіңлі – келін – періште тілеулерім Барлығыңда әйтеуір бармысыңдар?!
Табиғат пен махаббат – егіз нәрсе.Махаббатты құраушы: сыйластық – сана қалауынан,достық жан қалауынан туады.Ешнәрседен жалтармайтын,ешкімге жалтақтамайтын ақынды:
Фариза келді ортамызға ағайын! Сүйіншеңді бер қуанып мен алайын, Үкі таққан домбыраңды бер маған , Ереуіл атқа ер тоқымды салайын. Еңку тартып жетімсіреп жүр едім, Жырға толып кетті менің маңайым! – деп жырлаған (құрдасы А.Қуаналиев) «періште көңіл тілеулестердің» махаббаты ғана жасқандырады.Ақын ауылдастарына:«Ауылдағы әр – бір кездесу мен үшін белгілі бір дәрежеде қиын.Бірақ, сіздердің ықыластарыңыз, ақ пейіл жүрек жарды тілектеріңіз менің ол салмағымды жеңілдетіп, қанаттандырып жібергендей » дейді.
Тип материала: | Документ Microsoft Word (docx) |
---|---|
Размер: | 19.51 Kb |
Количество скачиваний: | 3 |