Презентация урока«Абайдың муражай-уйі (9 сынып)

Предмет: Логопедия
Категория материала: Презентации
Автор:
Абайдың мұражай үйі Сабақтың мақсаты: •         Абайдың мұражай-үйі қайда орналасқан? •          Мұражай қай жылы ашылған? •          Мұражайдағы экспонаттар қайдан алынған? •          Мұражай неше залдан тұрады? Бағалау парағы Аты-жөні                                                                            Тақырып:   баға “Абайдың мұражай-үйі” J K L   J- тақырыпты меңгердім,бәрі түсінікті.  (тему усвоил(а), все понятно) K- тақырыптың кей сұрақтары түсініксіз,қиындық тудырды. (некоторые вопросы темы вызвали затруднения) L- тақырыптың көп сұрақтарын меңгере алмадым. (многие вопросы темы не усвоил(а)) Мұражай, музей, (грек тілінде museіon – муза сарайы) – тарихи-ғылыми дерек ретіндегі ескерткіштерді, өнер туындыларын, мәдени құндылықтарды, т.б. мұраларды сақтап, жинақтап, ғылыми-танымдық қызмет атқаратын мекеме. Абайдың мұражай – үйі Абайдың Жидебайдағы мұражай – үйі – ақынның өмірі мен шығармашылық жолынан толық мағлұмат беретін мәдени мекеме. Ол Семей қаласынан 180 шақырым жерде орналасқан. 1945 жылы ұлы ақынның туғанына 100 жыл толу қарсаңында арнаулы мемлекеттік комиссияның шешімімен Жидебайдағы Абай қыстауы оның мұражай – үйіне айналды. Ол 1970 жылы күрделі жөндеуден өткізілді. Мұражайдың бес бөлмесі мен үш залына орналастырылған заттар ұлы ақынның жақын туыстарынан, достары мен замандастарынан алынған.Құрылымы, сыртқы пішіні Абай заманындағы көрініс – келбетін сақтаған. Ұзын дәліздің сол жағындағы бірінші есіктен ас  үйге кіреді. Ол – терезесі шығысқа қараған кең бөлме, кіре берісте – қазанаспа. Оған екі қазан орнатылған. Үлкенінде ет, кішісінде жеңіл тағамдар әзірленген. Қазанаспаның жанында екі самаурын тұр. Оң жақ босағада асадал мен күміс, мыс жалатылып сүйектен жасалған кішкене кебеже. 1885 жылы Абай осы екі бұйымды Семейдің өлкетану мұражайына өз қолымен өткізген. Мұражайға келушілер саны қысы – жазы артып отырады. Мұражай арқылы ұлы Абайдың мұрасын танып білуге болады. Мұражай Шығыс өңірінің – мақтанышы. Жидебай – ұлылар мекені. Ұлы Абай, Шәкәрім, Мұхтар туған мекен.
Тип материала: Архив ZIP (zip)
Размер: 4.46 Mb
Количество скачиваний: 3
Просмотров: 119

Похожие материалы