"Құрақ құру" ашық сабақ 8 сынып технология
Предмет: | Технология |
---|---|
Категория материала: | Рабочие программы |
Автор: |
Мурзагалиева Ултай Жуниспековна
|
Сабақтың тақырыбы: "Құрақ құрай білу де өнер"
Сабақтың мақсаты:Құрақ туралы оқушылардың түсінігін арттыру. Қазақ қолөнеріндегі құрақтың шығу тарихына тоқталу. Тұтыну заттарында немесе бұйымдарында қалай пайдалану керектігін үйрету.
Құрақ түрлерін, тігуді меңгерту.
Білімділік: Мата қиындыларынан түрлі құрақтар тігіп үйрену. Құрақ қиындыларын әзірлеуді мата түстерін таңдай білуді, дайын үлгіні пайдаланып қиюды, дұрыс біріктіріп үйрену.
Дамытушылық: Оқушылардың ұлттық бұйымға қызығушылығын арттыру, эскизді матаға сыздыру, эскиз бойынша матаны қию, құрақ қиындыларын біріктіру, құрақ құрауға деген ептілік, икемділігін дамыту.
Тәрбиелік: Халқының өнерін, салт-дәстүрін бағалай білуге, ұқыптылыққа,төзімділікке, шыдамдылыққа, үнемділікке, төзімділік пен сабырлылыққа, тазалық пен әсемдікке баулу. Құрақ құрау өнері арқылы эстетикалық, ойлау қабілеті терең дамыған, жан дүниесін бай, ой-өрісі кең тұлға тәрбилеу.
Сабақтың түрі: ізденіс-шығармашылық
Сабақтың формасы: практикалықдағдыны қалыптастыру
Сабақтың көрнекілігі: Қажетті құрал-жабдықтар :интерактивті тақта, құрал-жабдықтар, ине, жіп, қайшы, дайын үлгі, сызғыштар, мата қиындылары, құрақтан жасалған бұйымдар түрлері.
Пәнаралық байланыс: Қазақстан тарихы, геометрия, сызу, бейнелеу, математика, эканомика .
Сабақтың оқыту әдісі: Іздену, түсіндіру, сұрақ-жауап, интерактивті тақтамен жұмыс, көрнекі арқылы көрсету, сарамандық жұмыс.
І. Сабақ барысы: Ұйымдастыру кезеңі.
а) Сәлемдесу
ә) Сабаққа қатыспаған оқушыларды белгілеу.
б) Сабаққа дайындығын тексеру, құралдарын толықтыру.
в) Қауіпсіздік ережелерін сақтау.
г) Бағалау бетшесін таныстыру.
Сабақтың басталуы:
Тренинг жүргізу: «Тәрбие бастауы» тренингтің жүргізілу шарты оқушылар қол ұстасып тұрып бір-біріне сәттілік тілей отыра,атын атап, адам бойындағы қасиеттерді айтады. Мысалы. Әсем ұқыпты бол, ..... .
Тренингті ұстаз бастайды, соңығы оқушы ұстазға сәттілік тілейді.
Сабақтың жүрісі. Дәтерді ашып сабақтың тақырыбын жазу.
Тақтадағы сабақ жоспарымен таныстыру.
Тип материала: | Документ Microsoft Word (docx) |
---|---|
Размер: | 2.27 Mb |
Количество скачиваний: | 31 |