Работа исследования: «Дәстүрлі әскери қару-жарақ атаулары жүйесі және ондағы ежелгі дүниетаным көрінісі

Предмет: Обществознание
Категория материала: Презентации
Автор:
Әскери құралдардың жалпы атауларының қолданысқа және этномәдени қызметіне байланысты жіктелуі             Қазақ жауынгерлерінің кәсіптік әскери қүралдары — олардың қару-жарағы. Әскери құралдарды белгілейтін осы «-қару-жарак,» қос сөзі бүгінде түрақты қолданыста болғанмен, оның толық мағынасы дұрыс түсінілмей, ғылыми әдебиеттерде көбіне қару магынасында ғана пайдаланылып жүр. Бүл қос сөздің қүрамындағы «қару» сөзі әскери іске байланысты қолданылғанда, қолға ұстап қолданылатын шабуыл құралдарының жалпы атауы болады. Қазақ тілінде «қол» деген мағынаны білдіретін «қар» түбір сөзінен туындаған «қару» сөзі қолға үстайтын құрал деген мағынаны білдіреді, орыс тіліндегі «орудие», «оружие» терминінің мәніне сәйкес.          Ал «жарақ» сөзі де осы күнгі қару сөзінің синонимі ретінде қолданылғанмен, шын мәнінде, оның мағынасы мүлде басқа. Махмүт Қашқари сөздігіне сүйенсек, «йарық» (жарақ) сөзі — түркі тілінде жауынгерлердің қарудан қорғану үшін шайқасқа киіп шығатын темір сауыттардың, қалқандардың ортақ атауы. [213, 25 6]. Көне түркі жазбаларында «йарашығ, йараілыі ер» — жарақты ер, денесіне қорғаныс сауыт киген ер дегенді білдіреді.
Тип материала: Презентация Power Point (ppt)
Размер: 8.83 Mb
Количество скачиваний: 12
Просмотров: 109

Похожие материалы