Разработка для инструментального кружка для оркестра в детском саду "Құстар да ән салады"
Предмет: | Музыка |
---|---|
Категория материала: | Другие методич. материалы |
Автор: |
Есимова Маржанкуль Кенесовна
|
Тақырыбы: «Құстар да ән салады»
Мақсаты: балаларға дыбыс биіктігі туралы түсінік беру; әннің
жоғары-төмен биіктікте орындалуына сәйкес аспаптың дыбыс
бояуын қолдана білуге үйрету.
Көрнекілігі: құстар суреті,аспаптар,үнтаспа,нота сызықтары орналасқан
таратпа карточкалар,қызыл, жасыл,сары дөңгелектер.
.
Әрекет кезеңдері
Үйірме жетекшісінің іс-әрекеті
Балалардың іс-әрекеті
Мотивациялық қозғаушы
Бастапқы жүріс.
Балаларды көңілді әуенмен қарсы алады.
«Көктем келді» Б.Бисенова
-Балалар, қазір жылдың қай мезгі-
лі?
-Көктемнің ерекшеліктерін атаңдар
шы.
( үнтаспадан құстардың дауысы естіледі.)
-Ой,балалар,бұл ненің дауысы болды екен?
-Дұрыс айтасыңдар.
Ал, қазір сендерді ойынға шақырамын.
Ойын:»Даусынан таны»
-Алдымен экранға назар аударайық. Мұнда ұяшықтар көрсетілген.
(Слайдтан көрсетіледі)
Ойын шарты бойынша,ұяшық таңдалып, соған сәйкес құстың даусы естіледі.Сендер құсты даусынан ажыратуларың керек. Егер дұрыс тапсаңдар, ұяшық ашылып, құстың суреті көрінеді.
Мысалы:қарға ,әтеш,қаз,бұлбұл,
көкек дауыстары тыңдалып,суреттері ашылады.
Балалар көңілді әуен-мен залға кіреді.
-көктем мезгілі.
-күн жылиды, ағаштар бүршік атады, құстар
жылы жақтан ұшып келеді.
-құстардың
Экранға назар аударады.
Ойын шартын түсініп,
құстың дауысын танып, атайды.
-қарға
-әтеш т.б
Іздену, ұйымдастырушы
Музыка сауаты
-Балалар,өздерің байқағандай құстардың дауыстары әркелкі болып шығады екен.
Біреуі –жіңішке, біреуі-жуан, біреуі-орташа. Адамдардың да дауыстары әртүрлі болады.Музыка тілімен айтқанда мұндай дыбыстарды дыбыс биіктігі деп атаймыз.
Қазір алдарыңа нота сызықтары бар қағаз таратамын және үш түсті
дөңгелектер(қызыл, сары,жасыл)
беріледі.Дөңгелектердің түсіне қарап не естеріңе түседі?
-Дұрыс,бағдаршам.
Қызыл түспен-жоғарғы дыбысты,сары түспен-
ортаңғы,жасыл түспен-төменгі дыбысты көрсетесіңдер.
Мысалы: аспаптан төменгі дыбыс ойналғанда жасыл түсті нота сызы-
ғының төменгі жағына орналастырасыңдар т.б.
Репертуар
«Көкек»әні Х.Махмудова.
Әнді орындап береді,әннің дыбыс биіктігін ажыратуды сұрайды.
Әнді үйрету барысында алдымен әннің 1-шумағын үйретіп, аспаптармен бірге қосылып айтуларын ұсынады. Аспаптарды таратып беріп, фразалық ауысым бойынша ойнауларын қадағалайды.Алдымен тықылдақтар бастап,сылдырмақтар қосылады.Келесі кезекте тарелкалар мен үшбұрыш және металлофон қосылады.
Дыбыс биіктігі туралы түсінік алады.
-Бағдаршам.
Нота сызықтарына дыбыс биіктіктеріне сәйкес түстерді таңдап, орналастырады.
Әннің дыбыс биіктігін ажыратады.
Әнді мұқият тыңдайды.
Өздеріне тиесілі аспаптармен музыкалық ауысымдарды сезіне
кезектесе орындайды
Рефлексивті коррекциялаушы
«Құстар әні» Аитова
Ән сөздеріне сәйкес қимыл орындауға шақырады.
Балаларды мадақтайды.
Әндете қоштасады.
Ән сөздеріне сәйкес қимыл жасайды.
Әндете қоштасады.
Күтілетін нәтиже:
Құстар түрлерімен танысады.
Ойын арқылы құстардың дыбысталуын ажыратуды үйренеді.
Ән ырғағын аспаптармен әйгілей, ырғақтық есту қабілеттері жетіледі.
Тип материала: | Документ Microsoft Word (docx) |
---|---|
Размер: | 14.57 Kb |
Количество скачиваний: | 16 |