Разработка урока по казахской литературе на тему: "Ш.Айтматов «Найман Ана»" (8 класс)

Предмет: Математика
Категория материала: Конспекты
Автор:

Ертеде, қалмақ пен қырғыз шапқыншылығы тұсында, екі жақ бір-бірінен құл етіп ұстау үшін тұтқын алып отырған. Ол тұтқын мал соңында салпақтап жүргеніменен күндердің күні болғанда ебін тауып, қашып кетер деп, оларды мәңгүрт етіп тастайтын болған. Ол үшін алдымен тұтқынның шашын тақырлап алып, жас сойылған түйенің мойнағын не сиырдың терісін басына қаптайды. Оған қайыстан тіліп, бау өткізіп, самайдан тарттырып, мықтап, байлайды. Сөйтіп, шыжып тұрған күннің астына қол-аяғын байлап тастайды. Тұтқын сонда екі бірдей азапқа түседі екен. Алдымен, жас тері ыстықтан жиырылып, басын бүріп, сүйегін сындырып жібере жаздаса, екіншіден, өскен шаш кептелген теріні тесе алмай, кері қайырылып, құйқасын ине сұққандай етіп бұрғылап, есте сақтау қабілетін мүлде жойып жібереді. Бір жұма, он күннен кейін не өліп қалады, не мәңгүртке айналады. Аты-жөнін, шыққан тегін ұмытып, тек өз қожасының айтқанын орындайтын қара күш иесіне айналады...  

"Ананың көңілі - балада, баланың көңілі - далада" демекші, өз баласын іздеуге шығып, жуандардың қолына түсіп мәңгүрт болған ұлын құтқаруға барын салған Найман ананың көрмегені қалмайды...бірақ, бір өкініштісі, ананың өз баласының қолынан қаза табуы, Қайғылы, мұңды... менің осы әңгімені оқығаныма біршама жыл өтіпті...

 

Тип материала: Документ Microsoft Word (docx)
Размер: 35.83 Kb
Количество скачиваний: 17
Просмотров: 105

Похожие материалы