Разработка урока "Сырым Датұлы бастаған қазақтардың ұлт-азаттық қозғалысы "
Предмет:
История
Категория материала:
Рабочие программы
Автор:
Кайырбекова Индира Амангазиевна
Здесь была ссылка на работу Разработка урока "Сырым Датұлы бастаған қазақтардың ұлт-азаттық қозғалысы " автора Кайырбекова Индира Амангазиевна.
Ссылка на нее удалена по требованию посредника Инфоурок.
Если вы являетесь автором этой работы и хотите подтвердить её публикацию на этом сайте,
.
8-сынып. Қазақстан тарихы
Сабақтың тақырыбы: §11.Сырым Датұлы бастаған қазақтардың ұлт-азаттық қозғалысы
Сабақтың мақсаты:
Оқушыларға Қазақстан аумағында болған отаршылдыққа қарсы ірі баскөтерулердің бірінің тарихы жөнінде әңгімелеу. Оларға көтерілістің ерекшеліктерін, С.Датұлының жеке басының осы кезеңдегі саяси оқиғаларға тікелей әсерін, көтерілістің жеңілу себептері мен тарихи маңызын түсіндіру.
Жұмыс істеу машығын дамыту.
Сабақтың түрі: аралас
Сабақтың әдісі: интерактивті
Көрнекілік: карта, сызба
Негізгі түсініктер: тапша үкіметінің отаршылдық саясаты. Жер мәселесі, салықтар, қазақ ақсүйектерінің ұстанымдары, тарихтағы тұлғаның рөлі, жеңілудің объектіивті және субъективті себептері, тарихи маңызы.
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі
Оқу құралын тексеріп түгелдеу
«Хабар» /ел жаңалықтарынан.../
Оқушы зейінін сабаққа аудару
Үй тапсырмасын сұару:
Көтерілістің себебі мен барысы.
Оқиғалардың хронологиялық тізбегі (даталар).
Жаңа тақырыпты оқытудың үлгі жоспары:
Көтерілістің себептері.
Көтерілістің басталуы.
Көтерілістің ерекшеліктері мен қозғаушы күштері
Көтерілістің негізгі кезеңдері
Барон О.Игельстромның реформалары және Кіші жүзде хан билігін жоюға әрекет етіп көру.
Көтерілістің ақырғы кезеңі
Көтерілістің жеңілу себептері мен тархи маңызы
Тақырыпты оқыту барысында оқушыларғы «Көтеріліс тарихын оқып үйрену» атты өзіндік жұмыс тапсырамын. Содан соң оның нәтижелерін кестеге түсірген жөн. Көтерілістер тарихымен танысу көтерілсті тереңірек түсінуге көмектеседі. Ол үшін осы тақырыпты өткен кезінде оқушылар кесе ашып, оны жыл бойы толтырып отыруы керек. Оқушылардың жыл бойына жұмыс істеуін ұйымдастыруға, көтерілістердің тарихын тереңірек түсіндіруге , әр көтеріліске жеке баға бере отырып, бүкіл көтерілістің себептерін анықтауға көмектеседі. Осыдан кейін жаңа сөздерді дәптерге түсіртемін: бүлік; көтеріліс; соғыс; революция; ұлт-азаттық көтерілістер
Е.Пуга-чев
С.Дат-ұлы
Исатай мен Махам-бет
Ж.Тіленші-ұлы
Қасым Абылайұлы мен Саржан Қасымұлы көтерілісі
К.Қасым-ұлының көтерілісі
Қазақтардың Орта Азия мемлекеттерімен патша үкіметіне қатрыс көтерілістері
Жылдар
Себептері
Басталғңан уақыты
Көтеріліс аумағы
Басшылары
Қозғаушы күштері мен ерекшеліктері
Жеңілу себептері
Тарихи маңызы
Сабақты бекіту:
Оқулықтағы және Қазақстан тарихы хрестоматиясындағы құжаттарды пайдалана отырып, С.Датұлының жеке басына баға беріңдер. Қалай ойлайсыңдар, халық өз көсемін не үшін құрметтеді?
Барон О.Игельстромның реформасының мәні неде? Ол өз ойын неліктен жүзеге асыра алмады?
Үйге тапсырма:
С.Датұлы бастаған көтерілістің аумағын картаға түсіріңдер.
С.Датұлының шешендік қабілетін паш ететін қандай әдеби шығарманы білесіңдер? Одан үзінді келтіріңдер.