Сабақтың тақырыбы: Адамшылықтың шуағы сөнбесін.

Предмет: Иностранные языки
Категория материала: Конспекты
Автор:

      Мұғалімнің кіріспе сөзі.

      Егеменді ел жастарының санасына ұлттық ұлағатты қасиеттерді сіңіре білудің маңызы зор. Ақынжанды, ақжарқын, шешен, өнерпаз және өнегелі халқымыздың ғасырлар бойы жинаған, қалыптастырған тәлім-тәрбиелік әдеттері мен ережелері, рәсімдері мен салт-саналық дәстүрлері сендердің жан-дүниелеріңе әсер етіп, саналарыңа сіңсе, ұлттық мәдениетті игерген, иман жүзді, инабатты ұрпақ болып өсесіңдер.

       Халқымыздың әдептілік, имандылық, мейірімділік, қайырымдылық, ізеттілік, қонақжайлылық, еңбекшілдік, сүйіспеншілік, аяушылық және адалдық қасиеттерін бойына сіңірген адам - адамшылығы мол тұлға болып есептеледі.

       Бүгінгі тәрбие сағатымызда осы сапалардың біразы туралы пікірлессек қалай болады? Ойымызды өрбітіп, бойымызға адамгершілік нәрін егу үшін тақтаға ілінген Күннің суретіне назар аударайық. Жарық күн көлегейленіп тұр, біз күнді мейірбан, жан шуағын төгетін анаға теңесек, біз оның жүрегіндегі сезіміне түскен көлеңкені сейілтейік.

 

 

Тип материала: Архив RAR (rar)
Размер: 598.87 Kb
Количество скачиваний: 3
Просмотров: 125

Похожие материалы