Сабақтың тақырыбы: «Дұрыс көпбұрыштарды салу» 9 сынып

Предмет: Математика
Категория материала: Конспекты
Автор:
Сабақтың тақырыбы: «Дұрыс көпбұрыштарды салу» Мақсаты:   «Көпбұрыштар» тарауынан оқушылардың алған білімдерін тиянақтап, пысықтау, оларды салу жұмыстары кезінде пайдалана білуге үйрету. Міндеттері: 1. Дұрыс көпбұрыштарды салу әдіс – тәсілін меңгереді; 2. Теориялық білімін практикада қолдана  білу және білім – білік дағдыларын қалыптастыру, оқушының танымын кеңейту, ойлау қабілетін арттыру 3. Эстетикалық тәрбие беру және ұйымшылдыққа, ұқыптылыққа, жылдамдыққа, тазалыққа тәрбиелеу. Сабақтың типі: жаңа тақырыпты меңгерту Сабақтың түрі: ашық, жаңа сабақ Сабақтың әдісі: сұрақ жауап, СТО технологияның элементтері, деңгейлеп тапсырмалар Пән аралық байланыс: сызу, биология Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, үлестірмелі қағаздар, дидактикалық материалдар І. Ұйымдастыру кезеңі: 1. Оқушылармен сәлемдесу, түгелдеп, сынып тазалығы мен қажетті құрал-жабдықтарының дайындығын тексеру. 2. «Ойды жинақтау» сабақта пайдаланған терминдерді табу /4слайд/ 3. Үлгермеуші оқушымен жұмыс: а) үй тапсырмасын тексеру ә) жаңа тақырып бойынша тапсырма ІІ. Үй тапсырмасын тексеру /5слайд/: ІІІ. Білімді жан-жақты тексеру: Көпбұрыштар қоршаған әлемде кездесе ме? /5слайд/ 1. Көпбұрыштар дегеніміз не? / жай тұйық сынық сызықтан және онымен шектелген жазықтың бөлігінен тұратын фигураны көпбұрыш деп айтады /6слайд/ 2.Көпбұрыштың төбелері, қабырғалар санын көрсет /6слайд / 3. Дөңес және дөңес емес көпбұрыштар/ Көршілес екі төбеден әрбір түзуге қарағанда осы түзудің бір жағында жататын көпбұрышты дөңес көпбұрыш деп атайды. /7слайд/ 4. Көпбұрыштың ішкі бұрыштарының қосындысы неге тең ? /180˚(n – 2) / 5. Көпбұрыштың сыртқы бұрыштарының қосындысы неге тең ? /360˚ / /8слайд/ 6. Шеңберге іштей/сырттай сызылған көпбұрыштарды көрсет. Қандай көпбұрышқа іштей шеңбер сызуға болмайды./8-9слайд/ 7. Қабырғасы а-ға тең дұрыс п бұрыштың: іштей                                                                                              сырттай                                    сызылған шеңбердің радиусы / IV. Жаңа сабақты түсіндіру Дұрыс п-бұрышты салу үшін: 1)    Шеңберде 3600/n-ге  тең центрлік бұрышты санап алу 2)    Шеңбер бойындағы нүктелерді белгілеу 3)    Нүктелерді біріктіру Дұрыс 2n-бұрышты салу үшін: 1) Центрлік бұрыштардың биссектрисаны жүргізіп шеңбер бойында қиылысу нүктесін белгілеу 2) Шыққан нүктелерді  n-бұрыштың төбелерімен біріктіру V.  Жаңы тақырыпты меңгерту / практикалық жұмыс/ А – деңгей  ұшбұрышты салу  төртбұрышты салу В – деңгей Бесбұрышты салу Алтыбұрышты салу С – деңгей онбұрышты салу VI. Жаңа тақырыпты бекіту «Иә, жоқ» ойыны q Кез келген дұрыс көпбұрыш тек сызғышпен салуға  болады. /жоқ/ q  Кез келген дөңес көпбұрыштың  бұрыштары мен қабырғалары тең болады./Иә/ q Дұрыс көпбұрышты қағаз бүктеу арқылы кесіп алуға болады/ Иә/ q Дұрыс көпбұрыштың центрлік бұрышы 90°-қа тең болса, оның қабырғалар саны 4 /Иә/ q Дұрыс көпбұрыштың қабырғалар саны 8-ге тең болса, онда ол трапеция болады. /жоқ, сегіз қабырғалы болады/ VII. Үй жұмысы: он екібұрышты салу VIII. Бағалау № 39 Үлкен Сұлутөр орта мектебі                                 Пән: геометрия Сынып: 9 «А» Дайындаған математика пәнінің мұғалімі: А.С.Кебекбева       2013 – 2014  оқу жылы ақпан
Тип материала: Документ Microsoft Word (docx)
Размер: 27.07 Kb
Количество скачиваний: 143
Просмотров: 335

Похожие материалы