Сабақтың тақырыбы: Ер есімі ел есінде... (Дулат Бабатайұлының «Еспенбет» поэмасы)

Предмет: Другое
Категория материала: Конспекты
Автор:

"Выдержка из материала:

Сабақтың тақырыбы: Ер есімі ел есінде...(Дулат Бабатайұлының «Еспенбет» поэмасы).

Сабақтың мақсаты:

1.Білімдік: поэмаға әдеби шолу жасау, поэманың негізгі тақырыбын, идеялық-көркемдік мазмұнын ашу.

2.Дамытушылық: оқушылардың дүниетанымын арттыру, сын тұрғысынан ойлауды дамыту.Сөз байлығын молайтып, өз пікірлерін айтуға үйрету.

3.Тәрбиелік: поэманы талдау барысында оқушыларды патриотизмге тәрбиелеу.

Әдіс-тәсіл: сұрақ-жауап, іздену, салыстыру, талдау, бақылау.

Сабақтың түрі: білімді жүйелеу, жинақтау сабағы. 

Көрнекіліктер: Дулат Бабатайұлының портреті, тірек сызбалар, кубик.

Пән аралық байланыс: тарих, әдебиет теориясы.

Сабақтың барысы:

I. Ұйымдастыру кезеңі:

1.Сабақ мақсатымен таныстыру.

2.Оқушылар зейінін сабаққа аудару. 

II. Кластер жасау арқылы үй жұмысын тексеру:

Сұрақ: Дулат шығармашылығының мәні неде?

III. Венн диаграммасын толтыру.

Батырлар жыры Ұқсастығы «Еспенбет» поэмасыЕрекшеліктері:

1) қиял-ғажайып оқиғалар;2) тылсым күштер; 3) нанамсыз әсірелеулер. 1) басты кейіпкер- елін, жерін сүйген батыр, оның бар күш-қуаты Отанына арналған;2) ерлікті, батырлықты отансүйгіштікті марапаттап, ел сүю, жер қорғау тақырыптарына жазылған туындылар.

1) авторлық эпос (Ә. Қоңыратбаев бойынша);2) өмір шындығын суреттейді;3) бас кейіпкер Еспенбет ,қазақ батырлары: Ер Қосай, Қабанбай, Ақтамберді-өмір шындығы аясынан алынған.

IV. «Кубизм стратегиясы » бойынша жұмыс жасау:

Әдіс-тәсіл Әрекеті

1. Зерттеңіз.Поэманың идеясын, тақырыбын ашу.

4.Қолданыңыз.а) Поэмадағы ұнаған үзіндіні рөлде ойнап беріңдер.ә) Поэманың көркем тілі. Теңеуді, эпитетті, метафораны, әсірлеуді, шешендік оралымдарды табу. Шағын көріністер Зерттейді,дәлелдеді.

5. Пікірді қолдаңыз әлде қарсы шығыңыз.Еспенбет батырдың байлықтан, бәйгеден жеңген жүз тайлақтан, көп олжадан бас тартуына қалай қарайсыздар? Айтысу,дәлелдеу,қорытынды-лау. Өз көзқарасын білдіреді.

V. Ой толғаныс сатысы.

«Поэмадан алған әсерім» эссе жазу Жазбаша жұмыс. Ой толғанысынжүйелейді.

VI. Сабақты қорыту:

1Сабақта нені білдік? Нәтижесі қандай?2 «Бес жол» стратегиясымен қолдану. Ой қорыту 

VII. Үйге тапсырма беру.

«Ел үшін күрес-ерге тиген үлес» деген тақырыбына шығарма жазу. Жазбаша жұмыс. Жан-жақты ізденеді.

VIII. Оқушыларды бағалау.

Тип материала: Документ Microsoft Word (doc)
Размер: 53 Kb
Количество скачиваний: 28
Просмотров: 173

Похожие материалы