Сабақтың тақырыбы: Күй құдіреті.

Предмет: Музыка
Категория материала: Рабочие программы
Автор:

Сабақтың мақсаты: Күйдің тарихымен түрлерімен таныстыру.
Өз халқының күйшілерін тану. Өнер адамдарына деген құрмет сезімдерін туғызу.
Тәрбиелік мәні: Өнерді құрметтеуге, өзін - өзі ұстауға, адамгершілікке, өнерді бағалай білуге тәрбиелеу.
Дамытушылық мәні: Оқушылардың ән - күйлерді тыңдай арқылы әуендік сезімталдығын арттыру, есте сақтау, қиялдау, ойлау қабілеттерін дамыту.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ.
Пәнаралық байланыс: Тарих, әдебиет, бейнелеу.
Сабақтың көрнекілігі: Күйшілердің суреті, топтастыру, сергіту сәті, сызба жұмыстары, аспаптардың суреті, баян аспабы.

Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі:
2. Психологиялық дайындық:
Үлкендерге сіз,
Кішілерге біз.
Әдеппенен бас иіп,
Сәлем бердік біз!

3. Үй тапсырмасын сұрау.
«Сары даланы сазбен тербеткен» қазақтың атақты күйшісі Қорқыт атамыз туралы айтамыз.
4. «Адасқан ноталар» ойынын ойнату.
5. Балалар біздер «Адасқан ноталар» сұрақ - жауап ойыны арқылы өткен сабақты пысықтау. Нота астында жазылған сұрақтарға жауап беріп, ноталарды нота сызығына орналастырамыз.


Тип материала: Документ Microsoft Word (docx)
Размер: 15.53 Kb
Количество скачиваний: 61
Просмотров: 239

Похожие материалы