Сабақтың тақырыбы: Мемлекеттік тіл – менің тілім
Предмет: | Иностранные языки |
---|---|
Категория материала: | Другие методич. материалы |
Автор: |
Турганбаева Назгул Капасовна
|
Мақсаты:
Оқушылардың интеллектуалдық ой – өрісін, білім деңгейін көтеру, танымдық деңгейлерін өрістету, тіл байлығын, өз ойын жеткізу, қазақ тілінде еркін сөйлей білу әрекеті мен сөйлеу шеберлігін жетілдіру, олардың сөздік қорын тексеру, логикалық ойлау қабілеттерін дамыту, сұрақтарға толық жауап беру дағдыларын қалыптастыру, жетілдіру, мемлекеттік тіліміз – қазақ тілінде еркін сөйлеуге үйрету, оны құрметтеуге, тіл тазалығын сақтауға тәрбиелеу.
1-оқушы:
Қуан далам! Қуанатын күн бүгін,
Серпіп таста
Мұңды жүрек түндігін.
«Тіл туралы» заңым енді күшіне
Паш еткендей кескен жаңа кіндігін.
2-оқушы:
Сәлем достым !
1-оқушы:
Сәлем! Қалың қалай?
2-оқушы :
Жақсы! Достым бүгін не үшін жиналғанымызды білесің бе?
1-оқушы:
Ия, бүгін «Мемлекеттік тіл – менің тілім!»-атты тіл күніне арналған сайыс болады.
2-оқушы:
Осы тіл не үшін керек?
1-оқушы:-
Досым-ау, тіл бір-бірімізбен сөйлесу, түсіндіру үшін қажет қой. Мұғалім «Тіл-қарым-қатынас құралы» деп түсіндірді емес пе?»
2-оқушы:
Жарайды, тіл қарым қатынас құралы-ақ болсын, онда адамдардың бәрі бір тілде сөйлеп, түсіне бермей ме?Ана тілі деп бөлгені несі?
1-оқушы:
Ой-ой,тапқышбегім-ай!Кез келген адамның өз анасы болатыны сияқты дүние жүзіндегі халықтардың да өз анасы, өз тілі,өз Отаны бар емес пе?
2- оқушы:
Ана тілі дегеніміз- ананың ақ сүтімен бойға дарыған өз анамыздың тілі ғой.Ал ана деген- бәрінен қастерлі,аяулы асыл жан.
1-оқушы:
Мен сендерге Сырбай .Мәуленовтың бір өлеңін оқып берейін,
Сол тіліммен дүниені аттадым,
Таптым бүкіл тіршіліктің атауын.
Жатты онда уыз сүті ананың,
Жатты онда аманаты атаның.
Сол тіліммен махаббатқа тіл қаттым,
Сол тіліммен талай гүлді жинап тым
Сол тіліммен сәбилерді сөйлеттім,
Сол тіліммен көз жастарын құрғаттым.
Сол тіліммен аспан көрдім, жер көрдім.
Сол тіліммен көгергенше жер бердім.
Сол тіліммен дүниеден кетемін,
Сол тіліммен дүниеге мен келдім.
2-оқушы:
Керемет екен. Ал Әбділда Тәжібаев атамыздың мына өлеңі естеріңізде ме?
Туған тілім –тірлігімнің айғағы,
Тілім барда айтылар сөз ойдағы.
Өссе тілім-мен де бірге өсемін,
Өшсе тілім мен бірге өшемін.
1-оқушы:
Ана тілім-бәрің сөйлер шежірем,
Тілсіз нені білдіре алам,не білем?
Тілім барда ғана мынау ғаламның,
Кілтін табар саналысы сезінем.
О,адамдар,қадіріне жетіңдер,
Ана тілін-анаң, сыйлап өтіңдер!
2-оқушы:
Дұрыс-ақ, бірақ кейде өзінің ана тілін сыйламайтын,білгісі келмейтіндер де кездесіп қалады.Олар туралы не айтар едіңдер?
1-оқушы:
Әрине, адамның бәрі бірдей емес,түсінігі төмен,білімі таяз кейбір мәңгүрт жандар болатыны рас,ондайлар жайлы қырғыз ақыны Сарноғаев былай деген:
Ана тілін білмеген,
Ақылы жоқ желік бас.
Ана тілін сүймеген-
Халқын сүйіп жарытпас.
2- оқушы:
Ал халқымыздың кемеңгер жазушысы Ғ.Мүсірепов атамыз: «Ана тілін ұмытқан адам өз халқының өткенінен де,болашағынан да қол үзеді.Ана тілін өгей ұлдар ғана менсінбейді»деген,сондықтан өз тілімізге, өз ұлтымызға өгей болмайық, достар!
1-оқушы:
Біздің ана тіліміз-қазақ тілі.Ол тек отбасы,ошақ қасының тілі емес,мемлекеттік тіл ғой.
2-оқушы:
Иә,иә, оның рас.1995 жылы 30 тамызда қабылдынған жаңа Конституцияда қазақ тілі Қазақстан Республикасының Мемлекеттік тілі болып бекітілді.Ал1997 жылы 11 шілдеде «Тіл туралы» Заң қабылданап, оның 4-бабында «Қазақстан Республикасының Мемлекетттік тілі-қазақ тілі» екені жазалды.
1-оқушы:
Олай болса, қазақ тілін жете білу арқылы біздер өнер мен білімнің, мәдениет пен ғылымның биігіне жетіп, өз халқымыздың өткен-кеткенін зерделеп, оны жете таныта аламыз.Өз тілімізді құрметтеу арқылы басқа тілді де үйреніп,мәдениетін қадірлей аламыз.
2-оқушы:
Бәрекелді, -Ал мен сендерге тіл туралы жалпы түсінік бере кетейін. -Дүние жүзінде халық та, тіл де көп,ұлттарды бір-бірімен ажыратып бөлетін де жақындаттырып туыс ететін де басты белгісі оның тілі. Тіл әр ұлттың ұлт ретінде сақталуының кепілі.
-Қандай тілдерді білесіңдер?
-Біздің президентіміз Нұрсұлтан Ә.Н., үш тілді бірдей меңгер-дейді:-ол қандай тілдер? Қазақ,орыс,ағылшын.
-Бірақ Қадыр Мырзаәлі былай дейді «Өзге тілдің бәрін біл өз тіліңді құрметте». Біздің ата жазушыларымыз, данышпандарымыз Әл-Фараби, Олжас Сүлейменов, Ш.Уалиханов, Мұхтар Әуезов бірнеше тілді меңгерген.
1-оқушы:
Қазақ халқында «Білекті бірді жығады, білімді бірді жығады» деген аталы сөз бар. Бұл мақал бүгінгі таңдағы тәуелсіздік шаңырағын көтерген қазақ мемлекетіне, оның тізгінін ұстаған игі жақсыларына, зиялы қауымына, жас ұрпаққа бағыттай айтылғандай естіледі. ҚР «Тіл туралы» Заңын, ҚР «Тіл саясатының Тұжырымдамасының» шешімін жүзеге асыру негізінде, қоғамдық тұрақтылық пен ұлтаралық келісімін нығайту және мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеру мақсатында «Мемлекеттік тіл – менің тілім» тақырыбында сайыс өткелі отыр.
2-оқушы:
Тіл қай жерде, қай ұлтта болмасын, қадірлі де құдіретті. Қай халықтың болмасын тілі өзіне тән қымбатты да қимас қазынасы. Сол сияқты біздің ана тіліміз де – алтындай асылымыз, мөлдір маржанымыз, ғажайып гауһарымыз дей отырып, сайысымызды бастайық.
1-оқушы:
«Адамның басшысы – ақыл, жетекшісі - талап, жолаушысы – ой, қорғаушысы – мінез, сынаушысы - халық». Команда мүшелеріне қол соғып қошемет көрсетіп отырайық.
Ортаға қошеметпен сайыскерлерімізді шақырайық.
2-оқушы:
Осы сайыс оқушыларының арасында өз тіліне, туған жеріне құрмет көрсетуге баулу мақсатында ұйымдастырылып отыр. Сайысымызды бастамас бұрын мен алдымен сайысымыздың шартымен таныстырып өтейін.
1. Таныстыру.
2. Менің тілім. (Тіл туралы ой толғау) Үш тілде
3. Бес ғасыр жырлайды. (Толғау, жыр, поэма, дастандардан, билердің сөзінен үзінді оқу. Жазбаша түрде қазылар алқасына ұсынады. Есте сақтау қабілеті, оқу мәнері бағаланады).
4. «Бір жерде бірге жүрсең басың қосып, біріңнің бірің сөйле сөзін тосып». Кім тапқыр? - деп аталады. Әріптерді пайдалана отырып сұрақтарға жауап беру.
5. «Жеті ұғымды асыл сөз су түбінде жатпайды». Жеті киелі санына байланысты тапсырмалар беріледі.
6. Бәйге. (мақал-мәтелдерді орыс тіліндегі баламасымен айту).
1-оқушы:
Әділдікпен баға берер қауымға,
Әділдікпен қара қылды жаруға.
Әділқазы алқаларын сайлайық,
Жеңімпазды таңдап бүгін алуға.
Тип материала: | Документ Microsoft Word (docx) |
---|---|
Размер: | 83 Kb |
Количество скачиваний: | 9 |