Сабақтың тақырыбы: Менің отбасым

Предмет: Другое
Категория материала: Конспекты
Автор:

Сабақты өткізгеннен кейінгі жасалған рефлективтік есеп.

Сабақты «Менің отбасым» тақырыбы бойынша 7 «б» сыныпта  өткіздім.                   Сабаққа 15 оқушы қатысты.

 Алға мынадай мақсат қойдым: сыни тұрғыдан ойлау  арқылы оқушылардың білімдерін жүйелеу,  тіл байлығын молайту.  Оқушылардың сабаққа деген қызығушылықтарын қалай оятамын деп ойландым. Содан отбасы мүшелерінің   атауларының суреттері мен өлеңдері арқылы  бастаймын деп шештім. Ол өлеңдерді  алған себебім: тақырыпқа сай келіп тұр. Одан кейін жотбасы мүшелері туралы айтып беруді  шештім.Осы өлеңдерден кейін  тақырыбына көштім. Мәтінмен   жұмысты  былай ұйымдастырайын деп жоспарладым: сыныпты екі топқа дана сөздер арқылы  бөлдім. Қайталау барысында «Дұрыс-бұрыс» ойын өткіздім. Ойыннан кейін 1-топқа мәтін бойынша сұрақтар құрастыру,2-топқа  отбасы мүшелері туралы  диалог құрастыру деген тапсырмалар таратылады. Топта талдағаннан кейін флипчартқа түсіреді, оны қорғайды.  Бұндай жұмыс арқылы оқушылардың жауапкершілік, сенімділік, өз ойын еркін айта білу қабілеттері дамиды.  Ары қарай мәтінге байланысты иллюстрациялар көрсетілді. Мұнда оқушылардың оқығаны мен көргендерін салыстыру жұмысы жүргізіледі. «Менің отбасым» туралы шағын әңгіме жазады..

    Қорытындылай келе, өздеріне бағалау парағын беріп, өзіне, жанындағы сыныптастарына баға қойғызамын. Өйткені бұндай бағалау арқылы балалардың қаншалықты жаңа ақпаратты меңгергенін анықтауға  болады.  Тек қана бірінші топ мүшелері үй тапсырмаларын  мұқият орындамағанның салдарынан қиналды, бірақ та тапсырманы қажетті деңгейде орындауға тырысты. Иллюстрациямен жұмыс атқарғанда оқушылар белсенділік қабілеттерін көрсетті.   Ал талантты балалар өз тапсырмаларын толық орындап шықты.  Жалпы айтқанда, сабақ  ұнады. Алғаш рет өздеріне баға қойғандықтан, оқушылар сәл ойланып қалды.Бір-бірлерін бағалағанда бағаны әділ қойды. Ал «Таңдау» әдісі арқылы өз жұмысын бағалады.

     Ең соңында үйге тапсырма беремін.

 

 

 

 

Тип материала: Документ Microsoft Word (docx)
Размер: 67.83 Kb
Количество скачиваний: 17
Просмотров: 182

Похожие материалы