Сабақтың тақырыбы: С дыбысы мен әрпі (1 сынып)
Предмет: | Начальные классы |
---|---|
Категория материала: | Другие методич. материалы |
Автор: |
Сеитова Баршин Жылкайдаровна
|
Сабақтың
тақырыбы:
С дыбысы мен әрпі
Жалпы мақсаты:
1. С дыбысы, әрпімен танысу, берілген сөздерді оқу және жазуға, буын оның түрлерін ажырата білуге үйрену.
Оқунәтижелері
Мұғалім – оқушы әлеуметтік өзара әрекеттестігі оқу мен қалай байланысты екендігін және осындай қарым-қатынастың мүмкіндіктерін қалай кеңейтуге болатынын түсіну.
Уақыты
Мұғалімнің іс-әрекеті
Оқушының іс-әрекеті
Ресурстар
08.30-09.15
1 сабақ
08.30-08.35
Сергіту сәті
Топқа бөлу
1.«Сағат тілімен» қимыл қозғалыстар .
Сағат, сәбіз –санау арқылы топқа бөлу.
2. 2 топқа бөлу
3. Тақтада жазылып тұрған топ ережесімен таныстыру.
1. Бірлесіп топпен жұмыс істеу.
2.Бірін-бірі тыңдау.
3. Дос пікірін құрметтеу.
4. Уақытты үнемді пайдалану.
5. Тәртіпті бұзбау.
1 сынып «Алматыкітап» баспасы оқулығы, интернет ресурстары, №1-жазу дәптері, 2014 жыл №3 «Бастауыш сынып журналы»
08.35-08.45
Жаңа сабақ.
Бірлігі жарасқан топтың ісі алда болады.
1. Жасыл түс-жақсы баға.
2. Сары түс-толықтыру керек.
3. Қызыл –күмандану, сенімсізбіндегендері. Топ басшысы кім жауап берсе сол оқушыға бағасын беріп отырады.
Пазл құрастыру суреттер жапсыру. С дыбысының сөздің қай жерінде жазылатынын айтқызу.
2.Бітеу буындарға ұқсас буындарды қосып оқыту.
Сап-сапта аш-ашпа сал-салма
Қап-қапта қаш-қашпа қой-қойма
08.45-08.55
Сағат сөзіне буындық, дыбыстық талдау жасау. ә) «С» дыбысын бөліп алып, хормен дыбыстату.
Б) С-ның әріп таңбасымен таныстыру. Баспа түрі –Сс Жазба түрімен таныстыру, тақтаға ілу.
1. Сұраулы сөлем туралы мағлұмат беру, жауап беруге үйрету.
Оқулықпен жұмыс
Буындарды топпен оқыту. Бірнеше сөздерді буынға бөлдіру.
Топта бір-біріне сұрақтарға жауап беру
4. Сара қайда? Асан сағат қайда?
5. –Ол сабақта. – Сағат қалтамда.
08.55-08.57
Сергіту сәті
«Жел үрлейді» ойыны.
Жел үрлейді ақ бантик таққан қыздарға.
Жел үрлейді костюм киген ұлдарға
Жел үрлейді қара туфли киген ұлдарға
Жел үрлейді шаштары қысқа балаларға
08.57-09.05
1. Дәптермен жұмыс.
3.« Айналым » ойыны
4.«Шынжыр » ойыны
1. Үлгі бойынша С әрпін жазып үйрену.
2. Топтағы оқушылардың әрқайсысы бір-бір әріптен кезек-кезек өткен әріптердің бас әрпі мен кіші әрпін жазғызу. Мм, Дд, Бб,Сс.
3.Буындарды көрсете отырып, жазбаша жазуға жатықтыру.
4. Сағат –тамақ- қарға- Асан – нан –нар-раушан.
09.05.-09.10
Жұмбақ шешу.
Өзі кірден арылмас, Жоқ өзінде бас та,
Ізінен кір табылмас. Қас та,мойын да
(сыпырғыш) Ұзындығы жазулы тұр
бойында (сызғыш)
09.10-09.15
Сабақты қорытындылау:Бүгін қандай әріппен таныстық?
Бағалау: Топта кім қандай түстерді көп жинады, оқушыларды мадақтау.
Рефлексия, сабақтан алған көңіл-күйлерін смайликтермен білдіру, тақтаға жапсыру.
Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданы
Бірлестік ОМ
бастауыш сынып мұғалімі Сеитова Б:Ж.
Тип материала: | Документ Microsoft Word (docx) |
---|---|
Размер: | 23.06 Kb |
Количество скачиваний: | 7 |