Сабақтың тақырыбы:Көп мағыналы сөздер (4 сынып)
Предмет: | Начальные классы |
---|---|
Категория материала: | Другие методич. материалы |
Автор: |
Сеитова Баршин Жылкайдаровна
|
Қазақ тілі 4 сынып
Сабақтың тақырыбы: Көп мағыналы сөздер
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Сөздердің әртүрлі мағынасымен таныстыру; сөздерді
мағынасына қарай сөйлем ішінде орынды қолдана білуге үйрету;
Дамытушылық: Сөздік қорын, сөйлеу мәдениетін арттыру;
Тәрбиелік мәні: Зейінділікке, ұқыптылыққа, сауаттылыққа тәрбиелеу;
Сабақтың әдіс тәсілдері: салыстыру, сұрақ жауап
Көрнекілік: жұмбақтар, қосымша тапсырма
Қолданылатын технология: СКТ
Сабақтың типі: бекіту
Сабақ барысы
Қазақ тілім-өзтілім,ана тілім
Абай,Мұхтар сөйлеген дана тілім.
Қастерлейді ұл-қызың мәңгі сені,
Болашағым,бақытым,дана тілім
I Ұйымдастыру кезеңі
а) Психологиялық дайындық“Жүрек жылуы”
Әр қайсымыз жүрегімізден шыққан жылы сөздер айтайық
Қуан, шаттан, алақай!
Қуанатын күн бүгін!
Қайырлы таң, қайырлы күн,
Күліп шықты бүгін күн!
II Қызығушыылығын ояту
Қой, алма, бал, ашық, қаз, ...
Осы сөздердің мағынасын түсіндіріп, мысалдар келтіреді.
“Қызықты алтылық” ойыны,бірнеше сұрақтарға жауап алу.
Заттар мен құбылыстар адамға не арқылы танылады? Қандай сөздерді
білеміз? Бірнеше қарама –қарсы мағыналы сөздер айт. Қарсы мәндес сөздерге мысал келтір.Алма сөзіне түрлі мағынада қолданып сөйлем құра. Тез : сөзіне
мәндес сөздер айт.
Сөз:мәндес,қарама-қарсы,көп мағыналы.
III Мағынаны тану
1-жаттығудағы сөйлемдерді оқып, ауызша талдау жасату.
• Арық - су ағызу үшін арнайы қазылған су жолы
• Мал қыстан -арық шықпас үшін,күтім керек
•
2-жаттығудағы қарамен жазылған сөздердің басқа мағыналарын тауып, сөйлем құрастырып жазады.
Суретпен жұмыс :Бұрыш..Алма.Жүз.Қырық.
IV Сергіту сәті
Отырайық, жүрелеп,
Гүлді үзіп алайық.
Орнымыздан түрегеп,
Басқа гүлге қонайық.
3-жаттығуда суретте бейнеленген зат және сан атауларымен бірдей дыбысталатын сөздердің басқа мағыналарын тауып жазады.
Бұрыш, қырық, жүз, үй
Сөзжұмбақ шешу
1.Аюдың тамағы
2.Ең мейірімді жан
3.Жерде туып, көкте өледі
4.Өзі жап-жас мұрты бар
5.Дегендей ешкім тимесін,алыпты қадап инесін
4-жаттығуда берілген сөздерден екі түрлі мағынада қолданатын сөздерді теріп алып, сол сөздердің әр мағыналарына сөйлем құрастырып жазады.
Күй, кір, мақта, тамыз, ауыр сөздеріндегі дауысты дыбыстарға мінездеме беру
V Ой толғаныс
Жұмбақ шешу
Бар ма, жоқ па білмеймін,
Ол жоқ жерде жүрмеймін.
(ауа)
Аппақ дала қара дән
Сепкен дәні түсінуге жараған.
(әріптер)
Бірі ащы, бірі тәтті,
Екі ұнтақ, екеуі де ақ.
Біреуі майға ұнайды,
Біреуі шайға ұнайды.
(тұз бен шекер)
Үйге тапсырма .62-бет 5-жаттығуды тапсыру.
Солтүстік Қазақстан облысы
Айыртау ауданы
Бірлестік орта мектебінің
бастауыш сынып мұғалімі
Сеитова Б.Ж
Тип материала: | Документ Microsoft Word (docx) |
---|---|
Размер: | 14.98 Kb |
Количество скачиваний: | 35 |