Семинарға қатысушыларға психологиялық дайындық

Предмет: Школьному психологу
Категория материала: Другие методич. материалы
Автор:

Семинарға Қатысушыларға психологиялық дайындық бөлімі.

Тақырыбы: «Білгеніңмен бөліс – бұл мәңгі өшпеске апаратын жол».
Психолог: Курманова Г.М.

Бағдарлама жоспары:

1.      Аңыз «Екі көрші» (слайд көрсету)

2.     Жаттығу: «Жойып таста»,

3.     Танысу: «Сиқырлы тізбек»,

4.     Жаттығу:«Ассоциация құрау»

5.     Жаттығу: «Байланыстан тыс жерде емес...»

6.     Қорытынды: «Ереже құру»

 

 

Мақсаты:

Позитивті көз – қарас қалыптастыру, қарым – қатынас жасаудағы кедергілерден арылу, қатысушыларды таныстыру, семинар тақырыбын, өзектендіру,топтық жұмысқа жұмылдыру.

 

1.     Аңыз «Екі көрші» (Слайд көрсету)

2.     Жаттығу: «Жойып таста» 

Қажетті материалдар: Ақ парақтар, қаламдар, сандықша.

Тренинг барысы: Бүгінгі біздің семинарда, тек қана жақсы көңіл – күй болу керек, біздер тек қана жақсы әсер алуымыз керек,  ол үшін бізде барлық мүмкіндіктер бар, бірақ бізде кедергілер де бар. Ос ы кедергілерді алдымызда жатқан ақ парақтарға жазайық. Сізге бұгін не кедергі келтіру мүмкін?  Сіз бүгін белсенді болу үшін не жетіспейді? Қарым – қатынас жасауыңызға не кедергі келтіріп тұр? Жазып болсаңыздар, қағазды мықтылап умажаңыз, қатты қысып мәселені жойып тастаңыз, ал енді қағаздарды менің қолымдағы сандықшаға салыңыздар бұл сандықты сіздердің көздеріңізше жауып тастап, сіздердің бүгінгі семинарда қарым – қатынас жасауыңызға кедергі келтіретін мәселелеріңізді жойып тастаймыз. Енді сізде ешқандай кедергі жоқ.

1.     Жаттығу: «Сиқырлы тізбек»

Нұсқау: Барлығымыз шеңбер құрып тұрамыз, мен өзімнің атымды айтамын, менен кейінгі адам менің атымды және өзінің атын қосып айтады, келесі адам екі адамның атын айтып өз атын айтады, осылай тізбек жалғаса береді, өзіме қайтып оралғанша, мен барлық қатысушылардың атын атап шығамын. Бұл сиқырлы тізбекте аталған есімдер, есте сақталып, мәңгі біздің есімізде қалады.

2.     Жаттығу: «Ассоциация құрау»

Тренинг барысы: Шеңбер бойынша, бүгінгі семинар тақырыбына байланысты өз ойын айту, яғни География пәнін оқытудағы жаңаша білім беру мәселелері бұл... сөйлемін аяқтау. Жалғыз ереже сөйлемдер қайталанылмау керек.

3.     Жаттығу: «Байланыстан тыс жерде емес...»

Тренинг барысы: Барлығымыз қол ұстасып тұрамыз, мен бір қолымды қысыпкелесі қатысушыға импульс жіберемін, ол келесі қатысушының қолын қысады, барынша сырт көзге көрінбейтіндей жасайық, импульс өзіме айналып келгеннен кейін мен оны қайта жіберемін, енді барыңызша тезірек оны қайтаруға тырысайық. Ешкім байланыстан тыс қалмасын. Келесі біреу жіберсін...

4.     Қорытынды: «Ереже құру» Шеңбер бойынша әр қатысушы

бүгінгі семинарды сәтті өткізу үші қажетті ережелерді атасын, бірақ ереже өз атының басқы әріпімен басталу керек, Мысалы: Менің атым Гүлназ – География пәнінің аудандық семинары сәтті болу үшін барлығымызбелсене араласайық! Келесі.... Рахмет! Осымен менің бүгінгі сіздерді таныстыру мен топтық жұмысқа жұмылдыруға арналған жұмысым аяқталды, сіздерге сәттілік тілеймін!

 

Тип материала: Документ Microsoft Word (doc)
Размер: 5.93 Mb
Количество скачиваний: 5
Просмотров: 139

Похожие материалы