Шалбарды бірінші шақтап көруге дайындау

Предмет: Технология
Категория материала: Рабочие программы
Автор:

Сабақтың тақырыбы:   Шалбарды бірінші шақтап көруге дайындау.

Сабақтың мақсаты:  Пішілген бөлшектерді көктеуді, ылғалды жылумен өңдеуді үйрету.

  Оқушыларды ұйымшылдыққа, ұқыптылыққа, жұмысты тиянақты  орындауға тәрбиелеу.

Дамытушылық: шақтап көруге қойылатын  техникалық талаптарды орындау  шеберліктерін ,пәнге дегн қызығушылықтарын дамыту.

 

Сабақтың көрнекілігі: үлгі, кесте,  нұсқау картасы.

Құрал-жабдықтар: компьютер, үлгі, мата, түйреуіштер,

                      қайшы,тігінші боры, ине, жіп.

Пәнаралық байланыс: сызу, математика.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру бөлімі

а )Оқушыларды түгелдеу

б) Оқу құралдарын тексеру

ІІ. Өткенді еске түсіру.

1.Пішудің алдында матаны не үшін декатирлейді?

2.ЫЖӨ-қандай шалбарлар үшін маңызды?

3. Пішім бөлшектерін өңдеуге қалай дайындайды?

 

ІІІ.Жаңа сабақ. Шалбарды бірінші шақтап көруге дайындау.

 

Шалбардың алдыңғы жартысын өңдеу.

Жұмысты бастамас бұрын техникалық қауіпсіздік ережесін еске түсіру, жұмыс барысында қатаң сақтауды ескерту.

 

Жұмыс барысы:

1.Бүйір қиықтарын тізе деңгейінде түзу сызыққа дейін созу (түзулейді.)Пайда болған селкілікті бүктеме сызығына қарай жия үтіктеу.

2. Адымдық қиықтарды тізе деңгейінде түзу сызыққа дейін созу(түзулейді.) Пайда болған селкілікті бүктеме сызығына қарай жия үтіктеу.

3.Бүйір қиығын мықын деңгейінде жия үтіктеу.

4. Созылып кетуден сақтау үшін күлте сызығын жия үтіктеу.

5.Келесі жағын өңдеуді дәл осындай тәртіпте жүргізу.

6. Ылғалды жылылық өңдеудің сапасын тексеру: адымдық қиықпен бүйір қиығы бір-бірімен сәйкес келуі және түзу болуы керек.7. Алдыңғы жартысына соңғы рет пішін беру: әрқайсысын бөлек терістеме жағын ішке қаратып адымдық және бүйір қиықтарын қоса, бүгілмені жатқыза үтіктеу.

 

Шалбардың  артқы жартысын өңдеу.

1,2,3-алдыңғы жартысына ұқсас өңделеді.

4.Ортаңғы қиықтарды тарту. Пайда болған селкілікті бүктеме сызығына қарай жия үтіктеу (қиғаш жіп бойынша қатты созу шалбардың барлық моделінде ортаңғы тігістің айырылып кетуіне алып келеді).

5. Келесі жағынан өңдеуді қайталау.Қиықтардың қонымдылығын тексеру.

6. Бүктемелерді жатқыза үтіктеу(бөксе тұсында дөңестік беріп ,бөкседен төмен және тізе деңгейінде батыңқылық беріп үтіктейді).

Шалбарды көктеу.

 

1.     ЫЖӨ-ден кейін ,бүйір және адымдық қиықтардың сәйкес келуін ,бірінің үстіне бірін қойып тексеру; шалбар бөлшектерін үстелдің үстіне қиықтарын түйістіріп қойып ,балақ, тізе деңгейінде ,отыратын тұсында жаңа бақылау белгілерін қою.

2.     Бүкпелерді көктеу.

3.     Белгілерді қоса ,белгіленген сызық бойымен бүйір тігістерін түйреу және көктеу; сол жақ шетінен түймелікке тілік қалдыру.

4.     Адымдық қиықтарды түйреу және көктеу.

5.      Қиықтарды және адымдық тігісті қоса, ортаңғы тігіс сызығы бойымен  шалбардың оң және сол жақ жартысын түйреу және көктеу.

6.     Белгіленген сызық бойымен шалбар балағын бүгіп көктеу.

7.     Белдікті қосып көктеу.

Шалбарды шақтап көру.

 

Қандай да бір ақаулықтар кездессе ,олардың себептерімен оларды жою жолдарын келесі сабақтарда қарастырамыз.

ІV.Сабақты қорытындылау. Оқушылардың жұмысына жеке-жеке баға беру, бағалау.

V.Үйге тапсырма.Шалбарда кездесетін ақаулықтар және оларды жою жолдары туралы кестемен танысып келу.

 

 

 

Тип материала: Презентация Power Point (ppt)
Размер: 2.74 Mb
Количество скачиваний: 46
Просмотров: 243

Похожие материалы