"Шеберлердің сиқырлы қаласы" ашық сабақ

Предмет: Технология
Категория материала: Рабочие программы
Автор:

Мақсаты: оқушылардың әдеби шығармаларды оқуға құштарлығын арттыру, балаларды еңбексүйгіштікке тәрбиелеу, ой-өрісін дамыту, біздің елімізде тұратын басқа да халықтардың бай мәдени мұрасымен таныстыру; білімнің атасы кітаптың халық қазынасы екендігін түсіндіру.

Көрнекілігі: ұлы адамдардың кітап туралы нақыл сөздері, «Кітап – алтын қазына» кітап көрмесі.

Барысы.

«Шеберлердің сиқырлы қаласы» атты шығарманы оқу және талқылау.

Кітапханашы:

 Қуан кітап, қуанатын күн бүгін,

Серпіп таста мұнды жүрек түндігін.

Кел, оқырман, тойын тойла кітаптың,

Шаттанатын мерекелі күн бүгін.

 

Балалар! Сіздер «Шеберлердің сиқырлы қаласы» атты кітапты оқып таныстыңыздар. Кітап орыс және қазақ тілінде жарық көрген. Еңбексүйгіштікке тәрбилейтін бұл шығарма сіздерге ұнаған болар және де сіздер өздерінізге көп мағұлматтар алдыңыздар. Шығарманы оқу барысында біз ертегі кейіпкерімен бірге қызықты саяхатқа бірге шыға отырып қазақ және біздің елімізде тұратын басқа да халықтардың бай мәдени мұрасымен, халық ауыз шығармашылығымен, дәстүрімен танысамыз. Ал енді шығармамыздың кейбір сәттерін еске түсіріп көрейік.

Тип материала: Документ Microsoft Word (docx)
Размер: 16.05 Kb
Количество скачиваний: 13
Просмотров: 127

Похожие материалы