Табиғаттағы ақпарат ұғымы.

Предмет: Информатика
Категория материала: Конспекты
Автор:
Тақырыбы:                          Табиғаттағы ақпарат ұғымы. Ақпарат түрлері. Ақпарат көзі, қабылдаушы мен жеткізу ортасы. Ақпарттық процестер. Адамның ақпаратты қабылдауы.          Сабақ мақсаты:                                а) Ақпарат ұғымымен, оның түрлерімен, үлгілерімен және өңдеу тәсілдерімен таныстыру.   Б) Арнаулы, сипаты мен қабылдау тәсілдері бойынша  әр түрлі ақпарат түрлерін ажырат алуға үйрету. Қазіргі таңдағы ақпараттың маңызын ұғындыру.   В) Айналадағы болып жатырған процестерге мән беріп, терең түсініп қарауға, әр нәрсенің мағынасын, негізін түсінуге тырысуға тәрбиелеу.   Сабақ көрнекілігі:             Плакаттар Сабақ түрі:                         Пікірлесіп-түсіндіру сабағы Сабақ әдісі:                        Түсіндірмелі баяндау, әңгіме түрінде. Сабақ типі:                         Жаңа білім меңгрету сабағы. Сабақ барысы:                  Ұйымдастыру кезеңі                                                Үй тапсырмасын тексеру                                                Жаңа сабақ түсіндіру                                                Жаңа сабақты бекітуге тапсырмалар беру.                                                Үйге тапсырма                                                Сабақты қорытындылау   Сәләматсыңдар ма? Бүгінгі сабағымыз Ақпарат тақырыбына арналады. «Ақпарат» сөзі латынның түсіндіру, баяндау, мәлімет деген ұғымдарды білдіретін informatio сөзінен шыққан. Қазір ақпарат сөзі күнделікті тұрмыста, ғылымның әр түрлі: философия, экономика, физика, математика, информатика т.б. салаларында кең қолданылады. Бірақ әрбір ғылымның ақпарат туралы өз ұғымы мен түсінігі бар. Тапсырма: Ақпарат деген сөзге сен қандай мағына берер едің? (Оқушылардың өз ойларын айтуы сұралады.) Ақпарат деген сөзді біз қалай түсінеміз. Оны қолдану мысалдарын қарастырайық. Ақпаратты ауызша, жазбаша немесе қимыл-қозғалыс түрінде бере аламыз. Бізді дүние жүзіндегі күнделікті жаңалықтармен таныстыратын газеттерді, радио мен теледидарды «бұқаралық ақпарат құралдары» деп атайды. Біз теледидардан жаңалқтарды көреміз, радиодан естиміз, бір-бірімізден қызықтырған нәрселерді сұраймыз, яғни ақпарат аламыз. Бұл мысалдардан біз  «ақпарат» деген сөз белгілі бір хабардың, жаңалықтың, өткен оқиғаның  мазмұнын білдіретінін көреміз. Ал археологиялық қазба жұмыстары арқылы табылған бұйымдар бізге сол кездегі тұрмыс-тіршілік туралы, адамдар жөнінде, қандай жағдайда өмір сүргендері туралы аса бағалы ақпарат береді. Тас бөктерлерінде, жер қатпарларында ертеден сақталып қалған хайуанаттар сүйектерін, өсімдіктер жапырақтарын зерттеу нәтижесінде де біз жер бетінде көне заманда өмір сүрген жануарлар, өсімдіктер туралы көп мәлімет аламыз. Шексіз алыс әлемді, физиканың жұлдыздар жүйесін зерттеу барысында  физиктер, астрономдар олардан жерге жетіп жатқан электромагниттік сигналдар арқылы олардың құрылыс, шығу тегі жөнінде көп мағлұматтар алады. ХІХ-ХХ ғасырларда телеграфтың, радиның пайда болуы ақпаратты кез-келген қашықтыққа жарық сәулесінің тарау жылдамдығымен жеткізуге, ал теледидардың шығуы үйде отырып-ақ, дүние жүзінде не болып жатқанын көріп-білуге мүмкіндік тудырды. Ақпарат тек қарым-қатынас нәтижесінде алынып қоймайды. Оны адам миы қабылдаған мәліметтерді, хабарларды өңдеу процесінде де тууы мүмкін. Мысалы «біздің футбол командамыз қатарынан үш рет жеңілді» деген хабардан кейін біздің команда жақсы командалар қатарында емес екен деген ой туады. Сонымен ақпарат тірі табиғатта да, өлі табиғатта да болады, ол тек сөзбен жеткізілмейді, яғни ақпарат алудың сан алуан түрі бар. Ақпарат қарым-қатынас жаса, өз бетімен ойлану, зерттеу және т.б. әрекеттер нәтижесінде пайда болады. Ақпаратқа үзілді-кесілді анықтама бере алмаймыз. Оны қоршаған орта туралы және онда жүріп жатқан процестер туралы хабарлар мен мағлұматтар деп түсінуге болады. Неігізінде ол ғылымдар шегінде анықталмайтын ұғым болып табылады. Бұл ұғым тек материалдық ақпарат тасуыш, ақпарат көзі  ақпарат жеткізуші, оны қабылдаушы, көзі  мен қабылдаушы арасындағы  байланыс  арнасы арқылы түсіндіріледі.   Кім ақпарат хабарласа сол ақпарат көзі болып табылады. Ал кімде-кім ақпаратты қабылдап алса, онда  ол ақпарат қабылдаушы болып табылады. Ал ақпарат тасуыш: сынып тақтас, журнал, ауа бөлшектері,  радиотолқындар, қағаз, ағаш, металл, тас, кассета, дискета, сурет, слайд, перфокарта т.б. бола алады. Ақпарат көзі мен қабылдаушы арасындағы байланыс арнасы телекоммуникациялық арна да, ауа да дыбыс толқындарын тасушы бола алады. Ақпарат көзі мен қабылдаушы  жанды (тірі организм), жансыз (ДК) заттар, айқын (мұғалім-оқушы) және жанама (су шуылы сарқыраманың жақын екенін білдіреді) болуы мүмкін.                Көзі   Ортасы   Қабылдаушы   Мысал:     Қонақ есікке келіп қоңырау соғып тұр.   Аңшы қоянның ізімен жүріп келеді.   Екі достың телефонмен сөйлесуі                             (Оқушылардың көмегімен тақтаға схема сызылады) Ал адам ақпаратпен не ітей алады, деген сұраққа жауап берелік. Біріншіден, адам ақпаратты сақтай алады. Біз кітап, газет-журнал оқығанда ақпаратты есте сақтап жинаймыз. Оны бірнеше күнне соң біреуге жеткізе аласыңдар. Ал адамның  өмірінде оқитын, көретін, еститін ақпарат мөлшері өте көп болатындықтан адам миы оның бәрін   сақтай алмайды. Ұмытып қалуы мүмкін.  
Тип материала: Документ Microsoft Word (docx)
Размер: 43.38 Kb
Количество скачиваний: 16
Просмотров: 152

Похожие материалы