Тақырыб: «Р», «Л» дыбыстарды ажырату

Предмет: Логопедия
Категория материала: Конспекты
Автор:

Тақырыб:  «Р»,  «Л» дыбыстарды ажырату

 

Мақсаты:  балаларға «Р», «Л» дыбыстардың дыбыстауын дұрыс айтуға үйрету, зейінін, ой-өрісін, тіл байлығын,  ұсақ қол-қимылдарын дамыту.  Дыбыстық талдау жасау. Артикулыциялық және тыныс алу, сергіту жаттығуларын көрсету.

Түзету жұмысы: балаларға  Р,Л, дыбыстарындағы сөздерді дұрыс айтқызуға үйрету. Дыбыстарға байланысты қосымша тақпақ, мақал-мәтел, жанылтпаш жаттау, сөздік қорын дамыту.

Көректі құралдар: айна дауысты дыбыстар және дыбыс салатын қалташа, суреттер.

Сабақ барысы

Таңғы жиын, логопед.

-         Балалар, бізге бүгін көп қонақтар келді. Бәріміз амандасып алайық

Арайлап таң атты,

Алтын сәуле таратты.

Жарқырайды қаламыз

Жайнай түсті даламыз.

Қайырлы тан қонақтар!

 

Логопед: Бізге бүгін қонаққа қоян келді, қоян бос қолымен келмепті. Ол бізге  сону ертегілер әлемінен Білім ханшайымынан хат әкеліпті. Білім ханшайымы бізге бірнеше тапсырма жіберіпті. Біз бұл тапсырманы орындай аларма екенбіз, енді хатты оқып танысайық?

1-тапсырма: «Көнілді тіл» ертегісі арқылы артикуляциялық және ерін жаттығуларды жасау.

Логопед: - мына тапсырманы орындай аламыз ба?

Балалар: -Ия орындаймыз.

Логопед: -ендеше балалар, мен сендерге «Көнілді тіл» ертегісін айтып беремін, ал сендер ертегіні мұқият тындап отырып, артикуляциялық және ерін жаттығуларын жасандар. «Ерте, ерте, ертеде, ешкі жүні бөртеде кішкентай үйшіктің ішінде Тіл өмір сүріпті. (Балалар ергіндерін үйшік қылып көрсетеді).  Арайлап таң атқанда, Ұйқысынан оянып, тіл тұрады. Есігін ашып, көзін уқалап, Оңға – солға қарайды. (Сағат)  Далаға шығып, таза ауда танғы жаттығуын жасайды (Алтыбақан). Жаттығудан кейін Тіл таңғы асын ішеді (Тәтті шырын). Астан кейін Тіл атпен  шауып ойнайды. Тілдің көңіл күйі өте көңілді. (Ат шауып келеді). Содан кейін Тіл өлең айтуға кіріседі (-а; -о; -и; -у).»

Логопед:Жақсы, өте жақсы жасадыңдар. Енді, 2-тапсырмасымен танысайық.  -Р,Л дыбыстарына байланысты тақпақ айту

Логопед: балалар, біз «Р», «Л» дыбысына байланысты тақпақтар білеміз бе?

Жатыр еді сұр күшік,                                    Ара, ара, аралар,

Өте берді бір мысық.                                     Орман бойын жағалар

Күшік оған «ррр»- деді                                 Гүлдерден сорып бал алар,

Мысық тұрып «бррр» -деді                          Алысқа ұшып бара алар

                                                                        Бал тәтті ғой, балалар!

Логопед: Жарайсындар, балалар. Ал енді «Л» дыбысына байланысты қандай тақпақтарың бар?

Лақтарым, лақтарым                                            Баласы күлімдейді

Лашықты лайламандар,                                       «Гүл өсірдім!» - деп                

Лайланса лашықтарың                                         Анасы күлімдейді:

Ластанар лайлағандар                                         «Ұл өсірдім!»- деп

Лақпандар, лақтарым                                          Гүл кұлпырып келеді,

                                                                              Ұл ұмтылып келеді

Тыныс алу жаттығулары.

Логопед: Енді аздап шаршадық, денімізді алып, тынысымызды шығарайық.

«Ауызбен ауа жіберу» - толық демімізді алып, аузымызда ұстап тұрамыз, сосын шар тесілгендей хормен бірге жібереміз.

«шар жару» - толық демімізді алып, ауда шар үрлеу әдісін көрсете отырып, хормен шар жарылғанда шапалақ ұрады.

«Мұрынмен тыныс алу» -  толық демімізді алып, оң жақ мұрнымызды саусақпен жауып тұрамыз, сол жақ мұрынмен тыныс аламыз.

3-тапсырма:

-«Р», «Л» дыбыстарына мақал – мәтел, жанылпаштарды  білесіндер ме?

Ананың сүті – бал                                Кітап білім - бұлағы

Баланың тілі – бал

 

Алтау ала болса ауыздағы кетеді,                        Бірлік болмай, тірлік болмас

Төртеу түгел болса, төбедегі келеді.

 

Әдепті бала – арлы бала,

Әдепсіз бала – сорлы бала

 

Логопед: Өте жақсы. Енді келесі тапсырмаға назар аударайық.

4-тапсырма: «Р», «Л» дыбыстарына дыбыстық талдау жасау. Казір балалар, біз сендермен дыбыстық талдау жасаймыз. Мен казір сөздің басын оқимын, ал сендер  «Р», «Л» дыбыстарыңды айтып сөзді аяқтайсындар: Шар,  шал, бор, бал, тал, тар, қар

 

Логопед: Жарайсындар, балалар жақсы орындадыңдар. Енді денемізді кішкене сергітеиік:

Тұрындар! Қанат қағып ұшамыз

Құстай болып қалықтап,

Бір отырып, бір тұрып.

Жаттуғылар жасаймыз.

 

5-тапсырма: дыбысқа байланысты жаңылтпашымызды айтайық.

Мұртты мұртын сүрті,                      Лашын биік самғайды

Мұрттыны біреу түртті                     Лашын көкті шарлайды.

 

Ақ мақта ақ қардай аппақ па,             Шаш ал, қас алма,

Ақ қар ақ мақтадай аппақ па?            Ас ал, қасарма.

 

Логопед: Балалар сендерге бәр тапсырмаларды дұрыс орыңдадындар. Сендерге бүгінгі сабақ үнадыма? Кім бүгін ьізге қонақа келді? (Құыршақ)

Ол бізге не әкелді? (Білім ханшайымынан хат әкелді) Ал Білім ханшайымыз деген кім? (Ертегілер әлеміне оқу мен жазуды, білімді беріп отырған Білім ханшайымы екен)

1-тапсырма:

 «Көнілді тіл» ертегісі арқылы артикуляциялық және ерін жаттығуларды жасау.

 

 

 

2-тапсырма

  -Р,Л дыбыстарына байланысты тақпақ айту

 

 

 

3-тапсырма:

-«Р», «Л» дыбыстарына мақал – мәтел, жанылпаштарды  білесіндер ме?

 

 

 

 

4-тапсырма:

«Р», «Л» дыбыстарына дыбыстық талдау жасау.

 

 

 

5-тапсырма:

дыбысқа байланысты жаңылтпашымызды айтайық.

 

 

Тип материала: Документ Microsoft Word (docx)
Размер: 17.8 Kb
Количество скачиваний: 37
Просмотров: 237

Похожие материалы