Здесь была ссылка на работу Тақырыбы: Ү-Ұ дифференциациясы автора Серикбаева Салима Толегеновна.
Ссылка на нее удалена по требованию посредника Инфоурок.
Если вы являетесь автором этой работы и хотите подтвердить её публикацию на этом сайте,
.
Тақырыбы: Ү-Ұ дифференциациясы Мақсаты: Ү-Ұ дыбыстарының ұқсастығы Мен айырмашылығын ажыратуға, салыстыруға, талдауға жинақтауға, дыбысты дұрыс айтуға, сөздегі дыбыстық позициясын анықтауға үйрету. Міндеті: - Ойын арқылы сөздік қорларын байыту. Ойлау, есте сақтау қабілеттерін дамыту. - Өз ойын анық, толық жүйелі жеткізе білуге дағдыландыру - Ұқыптылыққа тазалыққа тәрбиелеу Сабақтың түрі, әдісі: ойын, хабарлау Пәнаралық байланыс: Математика, дүниетану Көрнекіліктер: Үлестірмелі материалдар, айна Барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі ІІ. Психологиялық дайындық. Сыпырғыш бұл - қарайық, Құмда бар, суда жоқ Ұқсайды оған қай әріп? (Ү) Тұманда бар, буда жоқ (Ұ) ІІІ. Артикуляциялық жаттығулар «Алтыбақан» Бізде босқа тұрмайық, Асыр салып ойнайық. Әткеншекте тербеліп, Жоғары, төмен самғайық «Сырнай» Кең ашып ауызды, Таңдайға тіл жапсырып. Ашып жауып ауызды, Ойнаймын мен сырнайда «Күрекше-ине» Күрек тәрізді тілді қой Сол қалпында ұстап тұр. Содан кейін тілді жіңішкертіп, Үшкір ине жасаймыз. IV. Демалу гимнастика жаттығулары. - «Суды жалдап келе жатқан аңшы» - «Ұлпа қар» - « Қақпаға доп соғайық » В. Жалпы моторика және қол моторикасын дамытуға арналған жаттығулар. Қатты нөсер басылды балалар саусақтарымен тарсылдатады Күн жарқырай ашылды қолдарымызды жоғары көтеріп, күнді бейнелейді Неше түрлі әдемі қолдарымызды тербетеміз Кемпір қосақ жасалды кемпірқосақты бейнелейміз