Тақырыбы: Қалаймын. Қолымнан келеді. Қажет
Предмет: | Другое |
---|---|
Категория материала: | Рабочие программы |
Автор: |
Дуйсембаева Гульден Батыркожаевна
|
Сыныбы: 9 «ә»
Тақырыбы: Қалаймын. Қолымнан келеді. Қажет
Мақсаты: Мамандық таңдау стратегиясын қалыптастыру.
Міндеттері:
- Оқушылардың мамандық туралы ұғымын кеңейту.
- «Қалаймын», «Қолымнан келеді», «Қажет» кезеңдерін анықтауда құрылғанын көрсету.
- Кәсіп, мамандық, лауазым ұғымдарын саралап жіктеу.
Сабақтың жабдығы: тақта, бор, жазуға арналған ақ парақ.
Жоспар :
1. Сабақты ұйымдастыру
2. Мамандық таңдау таңдауда оқушыларға кеңес беру.
3. Сұрақ-жауап .
4. «Қалаймын, қолымнан келеді, қажет» сөздерінің астарында не жатқанын оқушыларға жеке- жеке талдату.
5. «Ең ...ойыны» жаттығуы.
6. Сауалнама.
7. Қорытындылау.
Сабақтың барысы:
Оқушылардан болашақ мамандықты қалай таңдау керектігі жөнінде сұрап, кеңестер айту.
• Ең алдымен мамандықтан не қалайтынын ойланып алған дұрыс.
• Саған қандай салада жұмыс істеген қызықты, қандай өмір салтын жоспарлайсың.
• Жоғары жалақы қаншалықты маңызды, осындай сұрақтардың бәрін жақсылап ойланып ал.
• Ең бірінші өзіңнің қабілетіңді ескер. Математикадан үш алып тұрып бағдарламашы болам деп армандаудың қажеті жоқ.
• Қазір жұмыс берушілер қандай мамандықтарға сұраныс жасауда, ал сен 5 жылдан кейін қандай мамандыққа сұраныс артатынын біліп алғаның жөн.
• Ең жақсы көмек газеттер мен жұмыс іздейтін сайттар, интернет желісінен табуға болатын әлеуметтанушылардың болжамдары.
Оқушыларға мамандық таңдау жөнінде сұрақ-жауап жүргізу.
1. Мамандықты дұрыс таңдау үшін не керек?
2. Мектеп түлектері көбінесе қандай мамандықтарды таңдайды деп ойлайсыңдар?
3. Мамандық таңдау кезінде неліктен еңбек нарығының қажеттіліктерін ескеру қажет?
4. Қазіргі кезде қандай мамандық сұранысқа ие деп ойлайсыңдар?
5. «Қалаймын, қолымнан келеді, қажет» сөздерінің астарында не жатады?
Мұғалімнің іс әрекеті:
«Кәсіп, мамандық, лауазым» сөздерінің мағынасын ашады.
Кәсіп-арнайы дайындықтың арқасында теориялық білім және тәжірибелік дағдылардың жиынтығын меңгерген, адам қызметінің бір түрі. Кәсіптер мамандықтарға бөлінеді.
Мамандық-адамның жұмсаған еңбегінің орнына, өмірін қаражатпен қамтамасыз етіп, жетілуге мүмкіндік беретін, рухани және дене күшінің қоғам үшін қажет қолдану саласы.
Лауазым-адамның қызмет жағдайы, қандай да бір мекемедегі, өндірістегі, тағы басқа жердегі орны және соған байланысты міндеттер.
Оқушылардан өз ойларын сұрау. «Қалаймын, қолымнан келеді, қажетті ескере отырып, мамандық таңдау жеңіл емес. Саған үнемі бейімділіктеріңді, қабілеттеріңді, мүмкіншіліктеріңді білу үшін, өзіңді бақылап сондай ақ мамандық әлемін зерттеп, еңбек нарығындағы өзгерістерді қадағалау керек.
Қысқаша қызмет салалары жайлы қысқаша айтып өту.
Әкімшілік басқару қызметі. Басшыларға , басқарушыларға қойылатын талап ұқсас лауазымда немесе басшылық жұмыста тәжірибесі болу. Әкімшілік аппаратқа офис қызметкерлері деп аталатын- хатшылар, офис менеджерлер, кадр бөлімінің жұмысшылары, бухгалтерлер жатады.
Сауда. Бұл қызмет саласында арнайы білімнің қажеті жоқ. Бұнда тәжірибе мен белгілі бір дербес қасиеттердің болуы маңыздырақ.
Көптеген фирмалар тәжірибелері жоқтарға оқып үйреніп, сынақ ісінен өтуге мүмкіндік береді.
Тип материала: | Документ Microsoft Word (docx) |
---|---|
Размер: | 21.36 Kb |
Количество скачиваний: | 26 |